Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Бәрі де өз орнында

(әзіл әңгіме)

Жоспарлау бөлімнің қызметкері Нұрдәулетов көзін зорға ашып сағатқа қарап еді, тоғыздан асып кетіпті. Енді қайттік? Телефон шалған дұрыс. Телефонды теріп еді, әдеміше қыз алды. Дауысын өзгертіп:

– Директор өзінде ме?

– Кім екен сұрап тұрған?

– Бас басқармадан.

– Жаңа ғана цех аралап кетті.

– Онда бас инженерді қоссаңыз?

– Ол кісі жиналыста.

– Бас бу?

– Банкке кетті.

– Онда жоспар бөлімін қосыңызшы.

– Жарайды, мінекей.

– Жоспар бөлімі тыңдап тұр (жаңадан орналасқан кіші қызметкер екенін дауысынан біле қойды)

– Бастықтарыңыз керек.

– Ол министрілікке кетті.

– Орынбасары ше?

Шаруашылықты аралап кетті.

– Сонда бөлімде кім бар?

– Нұрдәулетов бар еді, ол да жиналысқа кетті.

Нұрдәулетов тапқыр да сезімтал кіші қызметкерге риза болып, трубканы орнына қойып, қалың ұйқыға кетеді.

(Газет-журнал материалдарынан, әзіл-сықақ беттерінен).

ЖАҚСЫ ЖЫРДЫ ЖАТТАЙЫҚ

Мен егер лаулап жанбасам,

Сен егер лаулап жанбасаң,

Ол егер лаулап жанбасаң,

Серпілер түнек, түн қашан?

Назым Хикмет

8-тапсырма. Өлеңдегі етістіктер қандай рай түрінде берілген. Осы раймен бірнеше сөйлем құраңыз.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

әлемдік – всемирный, мировой

әлеуметтік – социальный

бас басқарма – главное управление

жедел – скорый

жоспар бөлімі – отдел планирования

кіші қызметкер – младший сотрудник

қалың ұйқы – глубокий сон

өзгерту – изменить

өзінде – у себя

риза – доволен

реттегіш регулятор

сезімтал чувствительный

сұраныс – спрос

тапқыр – догадливый

теріп – набрать

тұрақты – постоянный

ұсыныс – предложение

ықпал – влияние

ЖЕТІНШІ САБАҚ

БАҒА ДЕГЕН НЕ?

Еркін баға дегеніміз – бағаны бетімен жіберу емес.

Баға – тура айтқанда, шығындарға, өнімнің өзіндік құны мен тұтынушыға дейінгі аралықтағы шығындарға негізделуге тиіс.

Баға ақшаның құнсыздануын, басқа факторлардың қымбаттауын (мәселен энергия көздерінің) есепке алуы керек. Сонымен қатар баға мемлекет тарабынан бақылауда болуы шарт.

Бағаны реттеу – экономиканы реттеудің бір бөлігі ретінде жүзеге асуы тиіс.

Нарық еркін бағасыз болмайды.

Нарық экономиканың өзегі еркін бағада, бірақ оны дәл белгілей білу қажет.

Жалақы мен бағаның өсуі нарық талабына сәйкес, бір –біріне сай түрде реттелуі қажет. Ерте ме, кеш пе сұраныс пен ұсыныс теңестірілуі мүмкін.

Баға саясатын жүргізу үшін, қазіргі заңдары жетілдіре отырып, жаңа заң қабылдау керек.

Тұтыну тауарлары мен ақылы қызметке бағаны тек қана тұрақтандыру (немесе тіпті төмендету) – ол әлі халық өмірінің жақсарғанын көрсетпейді. Өйткені бағаны шектеу – тауар тапшылығына, ақша айналымының бұзылуына, «көлеңкелі экономика» мен қылмысты нарыққа әкеліп соғуы мүмкін.

Бағаның өсуі – бүгінгі күні өндіруші мен тұтынушының арасында тікелей байланыс жоқ.

1-тапсырма. а) Асты сызылған сөздер қандай терминдер? (Жоғарыдағы мәтін бойынша.) б) Мына сөз тіркестерінің орысша баяндамасын беріңіздер.

Еркін баға, өзіндік құн, тұтынушы, ақшаның құнсыздануы, бақылау, бағаны реттеу, экономиканың өзегі, бағаның өсуі, сұраныс, ұсыныс, баға саясаты, тұрақтандыру, төмендету, ақша айналымы, «көлеңкелі экономика», өндіруші мен тұтынушы, тікелей байланыс. (Экономикалық сөздікті пайдаланыңыз.) в) Жоғарыда берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

2-тапсырма. Мына сөйлемдерден баға сөзінің мағынасына назар аударыңыз.

  1. Мұндай заттың бағасы кем дегенде 150-200 теңге.

  2. Мұстафаның көңілі болатын да реті бар, ол бүгін қазақ тілінен «бес» деген баға алды.

  3. Бағанды білмейді екенсің ғой. Кейбіреулер сен дегенде ішкен асын жерге қояды деп естідім.

  4. Ол өзінің еңбегімен халыққа баға жетпес қызмет көрсетті.

  5. Қадірің кеткен соң, бағаң да кетеді.

  6. Ар-намыс, адамдығыңды сатпа, бағаңды кетірме.

  7. Ел ішінде оның бағасы көтерілді.

3-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтінге бірнеше сұрақ дайындаңыз.

4-тапсырма. Мына терминдердің қазақша баламасын тауып сөйлем құраңыз.

Цена мирового рынка, цена оптовая, цена потребительская, цена производства, цена розничная, цена скользщая, цена справочная.