Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Уақыт туралы

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға.

Өтеді ғой...

Өтеді ғой барлығы да.

Күн арқалап кетеді таңда мына.

Менің жаным ашиды барлығына

Таң нұрына, адамның тағдырына.

М.Мақатаев.

ПІКІРТАЛАС СҰРАҚТАРЫ

Қорытындылау үшін пікірталас тақырыбы:

  1. Уақыт – алтыннан қымбат.

  2. Уақыт үнемдеуді қалай түсінеміз?

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

ақсүйектік – интелегентность

ақшалай құны – денежная стоимость

бағыт белгілеу – отмечать направление

босқа – зря, попусту

бүкіл – весь

дерт – болезнь

далалық – степной

еріншектік – лень

жеңу – победить

кері – наоборот

көлем – объем

куә - свидетель

кісі – личность, человечнсоть

күні бұрын – раньше времени

қанағат – удовлетворение, довольство малым

мерзім – время

орынды – уместный

өкіл – представитель

өлшеу – измерять

пайдалану – использовать

рәсуә - не пошло впрок (потратить зря)

текті – родовитый, воспитанный

тоғышар – мещанский, паразия

тырысу – стараться

уақытты үнемдеу – с экономить время

шашылу – разбросать

Төртінші сабақ

САЛЫҚТЫ НЕ ҮШІН ТӨЛЕЙМІЗ

Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі. Үкіметті, әскерді, милицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Қалай мемлекет пайда болды, салық та солай дүниеге келді. Салық бірінші рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті салық» деп атаған.

Қазір нарықтық экономикада – салық мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет, салықтан жиналған қаржыны сол жерге жұмсау керек, А.Смитше айтатын болсақ, салық халықтың өзі үшін десек те болады. Халық салықтың жұмсалуын үкіметтен үнемі сұрап, бақылап отырады.

Салық салу тәсіліне қарай төте және жанама салық түрлеріне бөлінеді.

Салықтың мынандай міндеттерді бар:

- қазыналық міндет (мобилизационная функция);

- бөлу міндеті;

- ынталандыру міндеті;

- шектеу міндеті;

- бақылау-бөлу міндеті.

Салық саясаты – салық салу саласындағы ресми салық саясаты ресми салық саясаты, ол салық салудың айқындамалық ерекшеліктерін, оларды жүзеге асырудың басты принциптерін, мақсаты мен әдістерін, тиісті ақпараттық және заң шығарушылық базаны айқындайды.

Салық ставкалары – пайыз түрінде белгіленеді. Салық ставкаларының үш түрі бар.

Бірінші түрі – прогрессивтік салық ставкасы. Бұл түрімен көпшілік таныс. Табысыңыз көбейген сайын салық та көбейеді. Мысал үшін Қазақстан Республикасы азаматтары үшін салынатын табыс алайық, қазірше жоғары ставка 40 %.

Екінші түрі – пропоциональды салық ставкасы. Бұл түрімен де біздің халқымыз жақсы таныс. Пропоциональды салық ставкасының мөлшері табыспен өлшенбейді және оған тәуелді емес. Мысалы коммерциялық фирма немесе банкілерге салынған 55% пропоциональды салық мөлшері фирмалардың табысының азды-көптігіне байланысты емес.

Салық ставкасының үшінші түрі – регрессивтік түр. Салық ставкасының бұл түрі біздің елдің салық заңдарында қолданылмайды. Өте бай мемлекеттерде салықтың бұл ставкасы қолданылады.

Қазақстан Республикасындағы салықтар

Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарға сәйкес мемлекеттік бюджетке түсетін және оны реттейтін жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ жергілікті бюджеттің көздері болып табылатын жергілікті салықтар қолданылады.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

- қосымша құнға салынатын салық;

- акциздер;

- құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

Жергілікті салықтарға мыналар жатады:

- жер салығы;

- заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- көлік құралдарына салынатын салық;

- жол салықтары.

1-тапсырма. Орыс тіліндегі баламасын беріңіз.

Жергілікті салық, мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, заңды тұлға, жеке тұлға, қосымша салынатын салық, салық саясаты, салық ставкалары, бөлу міндеті, ынталандыру міндеті, шектеу міндеті, бақылау - бөлу міндеті, төте салық, жанама салық.

2-тапсырма. Актив сөздермен жаттығамыз.

Салық саясаты – экономиканы жанама реттеуші болып табылады. Тағы да басқаша айтар болсақ, салық – кәсіпорындардан, адамдардан үкіметті ұстау үшін алынған төлем. Қалай мемлекет пайда болды, солай салық та пайда болды. Салық ең алғаш Қытайда пайда болды.

А.Смит ше айтқанда, салық халықтың өзі үшін, өз жағдайы үшін десек те болады. Ал халық салық ұстаған кезде: ылғи оны неге жұмсайды, соны сұрап отыру керек.

Қазіргі нарықтық экономикада салық мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет, салықтан жиналған қаржыны сол жерге жұмсау керек.

Салықтар заңды ережелер негізінде салынады және «жалпы мақсаттағы әлеуметтік қажеттіліктерді» (қарулы күштерді, үкімет ведомстволарын, соттарды т.б.) қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі қысқа мерзімде, үш жылға жетпейтін уақытта әзірленді, онда басқа дамушы елдердің тәжірибесі, нарыққа көшу ерекшеліктері, республиканың саяси, экономикалық, демографиялық ерекшеліктері ескерілді.

Кодексті әзірлеу жұмысына Қазақстанның аса білікті кәсіпқой ғалымдары мен тәжірибелері мамандары, шетелдің көрнекті кеңесшілері мен сарапшылары қатысты.

3-тапсырма. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері, терминдермен сөйлем құраңыздар.

Салық пропорционалды түрі

төлем регрессивтік түрі

әділетті салық мемлекеттік салықтар

нарықтық экономика бюджет көзі

мақсатты заңды тұлға

бақылау жеке тұлға

төте салық табыс салығы

жанама салық қосымша құнға салынатын

салық міндеттері салық

қазыналық міндет акциздер

ынталандыру міндеттері құнды қағазға салынатын

шектеу міндеті салық

бөлу міндеті жер салығы

салық саясаты мүлік салығы

мақсаты көлік құралдарына салынатын салық

салық түрлері прогрессивтік түрі

жол салығы

4-тапсырма. Салық сөзіне анықтама беріңіз. Анықтама беру үшін мына конструкцияларды пайдаланыңыз: Салық дегеніміз не, басқаша айтар болсақ, ол қандай төлем, қашан пайда болды; қай елде; А.Смит ше айтқанда...

5-тапсырма.

1. Мәтінге өзіңіз ше ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағыналық жағынан бөлімге бөліңіз, ат қойыңыз, жоспар құрыңыз.

3. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркесін жазыңыздар.

4. Жоспарларың бойынша тексті әңгімелеңіздер.

Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

  1. Салық мемлекеттің пайда болуымен бірге келді.

  2. Табыс салығы төленеді.

  3. Авиакөлік құралдарына салық төленеді.

  4. Қосарланған салықты болдырмау туралы келісім бар.

  5. Отандық салық ісін жүргізу теориясы қалыптасты.

  6. Көптеген елдерде сақтандыруға салынатын салық бар.

  7. Құнды қағаздарға салық салынады.

Мына терминдердің қазақша баламасын беріңіз.

Подоходный налог, налог на ценные бумаги, отечественное налоговедение, прямые налоги, налог с дарений, налог на страхования, налог на передачу акции, налог на иностранную валюту, налог на автотранспортные средства, двойное налогообложение.

6-тапсырма. Сөздікті пайдаланып мына сөз тіркестерін аударыңыз.

а) Салықтанушы төлейді, құнды қағаздарға салынатын салық, салық заңдары, салық органдары, салық кодексі, Қазақстан Республикасындағы салық кодексі, қосарланған салық.

ә) Уақытыңды бағалай біл, уақыт факторы әрбір іске қатысты, уақытыңды тиімді пайдалан, уақытыңды жоспарла, уақыт алтыннан да қымбат, уақыт – ұлы емші.

7-тапсырма. Мәтіннің негізгі мазмұнын қазақша айтыңыз.

НАЛОГОВЫЕ СТАВКИ

Ставки налога – это размер из единицу обложения. Как правило, ставки налога устанавливаются в виде процента.

Налоговые ставки делятся на три вида:

Первый вид – это прогрессивные налоговые ставки. С ними знакомы многие. Суть здесь в том, что по мере увеличения дохода увеличивается размер налогой ставки. Типичным примером является подоходный налог, взаимаемый с граждан Республики Казахстан.

Ко второму виду налоговых ставок относятся пропорциональные. С ними наше население также хорошо знакомо. Размер пропорциональных налоговых ставок не изменяется и не зависит от уровня дохода. В нашем налоговом законодательстве такие налоговые ставки применяются по отношению к прибыли, налогу на добавленную стоимость и т.д. Например, налоговая ставка в 55% на прибыль коммерческих фирм и банков не изменяется, независимо от того, была ли эта прибыль в размере 100 тысяч или 100 миллионов тенге.

Третий вид налогой ставки – регрессивный. Регресcиввная налоговая ставка не применяется в нашем налоговая законодательстве.

Рациональное сочетание различных видов налогов – пропорциональных, прогрессивных, регрессивных и их грамотное использование позволит нашему обществу решить многие налогов, стимулирование доходов населения и рост производства.

8-тапсырма.

а) Салық, алым, мүшелік жарна – синоним сөздер ме?

ә) Салық сөзінің анықтауыштарын түгел теріп жазыңыздар.

9-тапсырма.

1) Тарихта салықтың қандай түрлері болған?

2) Сіз қазір салықты қалай төлейсіз?

3) Сіздің әке-шешеңіз салықты қалай төлейді?

4) Салық төлемейтін адамдар бар ма?

5) Салық болмаса мемлекет бола ма?

6) Әр елге ортақ салық түрлерін атаңыз.

Пікірталас тақырыбы: Қазіргі салық жүйесі қандай?

КҮЛЕЙІК, ДЕМАЛАЙЫҚ

Алдар мен болыс

Алдаркөсе жылға жуық салық төлемепті. Мұны естіген болыс шақырып алып, салыққа екі қой төлеуін талап етеді.

– Әміріңізге құлдық! – дейді Алдар Сізден немді аяйын? Түнде түсімде маған өз қолыңызбен бір теңге ұстатып жатыр екенсіз, қуанғанымнан оянып кеткенім. Әйтпегенде тағы да берер ме едіңіз.

– Жоқ, – дейді болыс, – Мен оны саған қателесіп беріппін, өзіме қайтар. Алдар сөзге келместен бір теңгені болысқа беріп, сөзін жалғастырады:

– Сонан соң, бір мезгілде қайта ұйықтап кетіппін, түсімде төрт қойымды сізге беріп жатыр екенмін. Сол қойдың екеуін салғыңызға ұстап, қалғанын қайтарып беріңіз. Ақыры келген соң, әуре болмай ала кетейін...

Сөзден ұтылған болыс Алдардың айтқанын орындапты.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

әділетті – справедливый

әдіс – метод

басты – главный

бақылау болу – контралировать, наблюдение, распределение

бөлу – распределить

жанама – косвенный

жеке тұлға – частное лицо

жер салығы – налог на землю

жол салығы – налог на дорогу

қазыналық – ценный, казенный, государственный

заңды тұлға – юридическое лицо

мүлік салығы – налог по имущество

міндет – дача, обязанность

мақсатты – целевой, целенаправленный

төлем – оплата

төте – прямой

шектеу – разграничение

ынталандыру – стимулирование, поощрение