Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.

  2. Сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.

Неге алтын ақша үшін жақсы негіз ретінде қаралған? Жауаптарды пайдаланыңыз, жалғастырыңыз:

  • Себебі алтынның өзі де құнды;

  • Оны зергерлікке пайдалануға болады;

  • Ол әрқашан шектеулі мөлшерде болады;

  • .......................................................

Бір құнды заттармен қамтамасыз етілген ақшалар мысалы, өзіндік құны бар алтын, күміс, платиналады қалай атайды? Жауаптарды пайдаланыңыз, жалғастырыңыз:

  • оларды «қатты ақша» (твердые деньги) деп атайды;

  • Олардың құндылығы тұрақты және сирек айырбасталады;

  • ................................................................................................

  1. Шағын мәтіннің қорытындысы не деп ойлайсыз? Қандай экономикалық ұғымдар бар?

Адамдардың бәрі бірден сертификатын алтынға айырбастағысы келмейтінін білген соң, зергерлер жақсы жол тапты. Бұл дегеніңіз - зергерлер ештеңемен қамтамасыз етілмеген қосымша сертификаттар шығара алады деген сөз. Егер оны қарызға беретін болса, онда олар қарыздары үшін пайыз төлемін ( выплату процентов) талап ете алатын болды. Зергерлер алғашқы банкирлер болды. Қазір де банктер ештеңемен қамтамасыз етілмеген жаңа ақшалар шығарады. Ақшаның өз функциясын орындағаны өте маңызды, ол шынайы өндіріс пен шынайы жұмысты көрсете алуы керек. Ақшаның шаруашылықта тауардың, қызметтің өсіміне сәйкес көбейіп кетуі инфляция деп аталады. Шынайы өндіріс пен қызметті көрсетпейтін ақша шығарылғанда, ақшаның құндылығы түсе бастайды. Бағалар өсе береді, себебі ақша көп. Су қосылған сүтті елестетіңізші. Су қоса отырып, көбірек бөтелкені толтыра аласыз. Бірақ бұл нағыз жақсы сүт болмайды. Ақша да сол сияқты. Үкімет ақшаны көбірек шығарған сайын сүтке су қосқан сияқты болады. Көлемі ұлғаяды, шынайы құны түседі (подлинная ценность падает).

  1. Сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.

Ақша - ақпарат деп айтуға бола ма?

- Теңгеге, долларға,чекке қарап, ақпараттар айтыңыз.

- Адамдар банктен қарызға ақша алғанда, қолма қол алмайтынын жиі көріп жүрсіз, қандай есеп шот ашылады?

- Адамдар қарыздарын да қарыз иесінің есеп шотына аудара салады.

Автомобиль өндірушілер де қолма қол ақша алмайды, олардың есеп шотына ақша аударылымы келіп түседі. Олардың бір де бір купюр жұмсамауына болады. Олар тек қана ақша туралы ақпарат береді, ал банк оны жұмысшылардың , шикізат жеткізушілердің есепшотына аударады. Мұны қалай атайды?

Инфляция термині нені білдіреді?

- бағаның өсуі;

- ақша массасының өсуі,

- валюта курсының төмендеуі,

- ақшаның құнсыздануы,

- адамдардың сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Валюта курсы қайда анықталады?

- банкте;

- валюта биржасында;

- қор биржасында;

- тауар шикізат биржасында;

- дүкенде.

6. Жоғарыда оқыған мәтініңіз бойынша есіңізге сақтап қалғыңыз келген фактіні атап шығыңыз.

7. Мәтін тақырыбы бойынша семантикалық картаны а)толықтырыңыз:

Л1 – болу, өмір сүру, бай болу ...

Л2 –

Л3 – ...

Л4 – ...

(Л1 – тақырыпқа қатысты етістіктер, Л2 – тақырыпқа қатысты зат есімдер, л3 - тақырыпқа қатысты анықтауыштар, Л4 – тақырыпқа қатысты экономикалық терминдер)

б) семантикалық картаны пайдаланып сөйлеңіз.

8. Мәтін құрылымын өзгертпей, факті қосыңыз.

9. Сұрақтарға жауап іздеп көрелік, жауаптарды пайдаланыңыз, жалғастырыңыз:

Қай кезде ақша құндырақ?

  • ақша неғұрлым айналыста көбірек болса;

  • ақша сақтаулы тұрса;

  • ..................................

Егер ақшаның құндылығы ұзақ уақыт тұрақты болса........

  • онда адамдар дәулеттірек болар еді;

  • онда адамдардың тұрмыс жағдайы нашарлайды;

  • ...........................................................

Ақша өзінің құнын қалай жоғалтады?

  • басты себебі үкіметтің шығындары;

  • шығындардан туындаған қарыздар;

  • ештеңемен қамтамасыз етілмеген жаңа шығарылған ақшалар;

  • ..........................................................................

« Арзан» ақшаның және ақшаның құнсыздану салдары неге әкеледі?

  • адамдар ақша жинамайды;

  • ақшаның әзірге құны бар кезінде тауар алғанды қалайды;

  • ..................................................

Тұрақты, күшті экономика неге әкеледі?

  • нағыз байлықты құрайды: заводтар, денсаулық, кітаптар, музыка, өнер, компьютер және т.б.

  • ................................