Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Екінші сабақ экономиканы білу – пайда

Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары табиғат заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.

Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі. Өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз.

Базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу – экономика. Мамандық таңдар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қоғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз оны да есептейсіз, күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе, заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме – мұны білу де – экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді.

Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шығады, кішткентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетіңіздің шаруашылығын басқару үлкен өнер. Сонымен сіздің күнделікті тұрмысыңыздың бәрі экономикадан тұрады. Шет елдерде жастар үйленген кезде некелік келісімшарт жасайды. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Ол келісімшартта көп мәселе қаралады. Болашағымыз бала десек, сол некелік келісімшартта баланың болашағына дейін ойластырылған. Біздің елде бұл жоқ. Яғни ұрпаққа нені қалдырамын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да – экономика.

Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру ол да экономика, себебі сіз баланы жеткізу үшін, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауды ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңізді ойлау, денсаулығыңызды ойлау – бәрі де экономика.

Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика байлыққа, бақытқа, тыныштыққа барар жол.

Мәтінге тапсырма:

1-тапсырма.

1. Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

2-тапсырма.

Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркесін жазыңыздар.

3-тапсырма.

Сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыз.

4-тапсырма.

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

1-тапсырма.

Мына сөз тіркестерін қатыстырып, логикалық жағынан біртұтас сөйлемдер беріңіз:

Отандық экономика, отандық өндіріс, отандық өндіруші, отандық тауар, ішкі рынок, әлемдік рынок, отандық өндірушіні қорғау.

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Экономика адам өмірінің қай кезінен бастап араласады?

  2. «Жақсылық жасасаң да қайтады, жамандық жасасаң да қайтады» - бұл ұғым экономикаға қатысты деп ойлайсыз ба?

  3. «Жақсылық жасау үшін кешікпе» - дейміз, оны экономикада қалай түсінуге болады?

  4. «Біреуге жамандық жасасаң, алдымен орға өзің түсесің» деген мақалды экономикада қалай түсінуге болады?

  5. Тұрмысқа шыққанда экономика керек пе?

  6. Экономикадағы «пайда теориясын» қалай түсінесіз?

3-тапсырма. Тапсырмада берілген сөйлемдердің мағынасын талдаңыз:

1. Экономика да табиғат сияқты, жақсы да, жаман да болуы мүмкін. У – аз мөлшерде дәрі. Дәрі де көп мөлшерде – у. Әр өнім тек қана пайда әкеле ме?

4-тапсырма. Экономика деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.

5-тапсырма. Мына сөз тіркесімен сөйлем құраңыз:

Экономикалық ақпарат, экономикалық кибернетика, экономикалық заңдар, экономикалық дағдарыстар, экономикалық болжам, экономикалық блокада, экономикалық категория, экономикалық өзара көмек, экономикалық потенциал, экономикалық реформалар, экономикалық саясат.

6-тапсырма. Мына шағын әзіл әңгімеден экономиканың қай теориясын, заңын байқауға болады:

Кеме үлкен мұхитта апатқа ұшырайды. Алайда кеме батып кетпесе де, көмек келгенше өмір сүруге мүмкіндік бар. Тірі қалған екі жолаушы кемедегі заттарды бөліседі. Біреуі екі қап консервіні таңдайды, біреуі екі қап ақшаны таңдайды. Күндер өтеді. Ақшаны алған жолаушы, консервіні алған жолаушыдан сатуды өтінеді. Қаншаға бағалайсың дегенде, екіншісі бір қалбыр консервіні бір қап ақшаға бағалайды. Біріншісі таңданып: «Неге сонша қымбат, олай емес қой» - дегенде бірінші жолаушы «Өзің біл» деп жайбарақат отыра береді.

7- тапсырма. Жаттығуда берілген шағын мәтіннің идеясын айтыңыз:

Қазақстан өкіметіне біздің мемлекеттің басым бағыттағы тауарларының айқын бағдарламасын жасауы қажет. Кейбір тауарлар өндіруде Қазақстанның әлемдегі алдыңғылар қатарына жетуге мүмкіндігі бар. Осыны мемлекет мақсаты ретінде қою керек. «Шведтер кім» деп сұрасаң, «Кім «Вольво» автомобилін жасайды, сол швед деп жауап береді. Мұндай даңққа ие болу құрметті ғана емес, сонымен бірге пайдалы. Неліктен біздерге де кейбір тауарлар есебінен әлемге белгілі болмасқа.

8-тапсырма. Газет бетінде берілген мына мәтінді оқып, өз көзқарасыңызды қосыңыз.

Экономиканың дамуы үшін мынадай үш шарттың орындалуы қажет сияқты:

  1. Экономикалық жүйенің ашық болуы;

  2. Экономикалық жүйе ашық бола отырып, өз тауарын, өз өндірісін, өз

ұсынысын қорғай білу, оған айрықша жағдай жасау;

  1. Әлемдік нарыққа шикізатты ғана шығаруға негізделген

экономиканың ешқашан өспейтінін сақтау.

Біз құйтақандай Отанымыздың жүрегі қандай дертке ұшарағынын сезіне бермейміз. Тауар өндірісі әлі макроэлемдік абстракциялық көрсеткіштермен өлшенеді, бірақ күнделікті өмірде жеп жүрген нанымыз да, ішіп жүрген сүтіміз де, мініп жүрген көлігіміз де біздің өніміміз емес. АҚШ, Жапония автомобильдерінің өз елінде сатылу санын азайтып жіберді шектеу қойды. Неге?

«Заман Қазақстан»1996 жылғы 25 қазан

9- тапсырма.

а) 8-тапсырмада берілген мәтіндегі 2-ші шарт не туралы, атап көрсетіңіз.

ә) өз тауарын, өз өндірісін, өз ұсынысын қорғау дегенді қалай түсінесіз?

б) үшінші шарт не туралы?

в) осы шағын мәтіннен табыс септігінде тұрған сөздерді табыңыздар.

г) осы шағын мәтінге ат қойыңыз.

10- тапсырма. Қазіргі экономика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар.

күлейік, демалайық

Қожа бір күні ойланып отырса, көп кісіге қарыз бергені есіне түседі де, өкініштісі кімге, қанша қарыз бергенін ұмытып қалады. «Шіркін – деп қиялдайды сонда Қожа, - олар да қанша қарыз алғандарын ұмытып қалып, көбірек етіп қайтарса жаман болмас еді.»

* * *

Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға қулау жолдасы келіп:

- Қожеке, мына бір затты қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, ешкім білмейтін бір түске бояп беріңізші, - дейді.

Қожанысыр бұл қалжыңды түсіне қояды да:

- Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет, - дейді.

- Қашан келейін, - жолдасы қулығын асырдым деп мәз болып.

- Қашан келсең де өз еркін. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, - дейді сонда Қожанасыр.

Тапсырма.

  1. Бірінші әзілде қандай экономикалық термин бар, ол тағы басқаша

қалай аталады?

  1. Екінші әзілде табиғатты түстер қалай аталады? Түстер туралы

әңгімелеңіздер:

а) ақ түс туралы;

ә) көк түс туралы;

б) қара түс туралы;

в) жасыл түс туралы.

3) Осы түстер туралы түсіндірме сөздіктен оқыңыздар, талдаңыздар.