Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Экономика маманы мен газет тілшісінің сұхбаты

Тілші: Ел экономистері үкімет бағдарламасына балама боларлық жоба ұсынды ма?

Экономист: Ел экономикасы – күрделі жүйе. Экономикалық ғылым саласындағы ғалымдар елдің экономикасын зерттеп, талай ұсыныстар берді. Елдің экономикасын көтеруге бағытталған ғылыми негізде, ой елегінен өткізілген бағдарламаға қол жеткізу керек, ғылыми негіздегі тұжырымдама ауадай қажет.

Экономист: Нарықта экономиканы жетектейтін күш – бәсекелестік, екіншісі – істеген іске, оның нәтижесіне жауапкершілік.

Жауапкершілік – меншікпен келеді. Жекешелендірудің ұтымды жағын тауып, нарық мұхитында еркін жүзіп кететін меншік иесін қалыптастыру керек.

Тілші: Ауыл экономикасының жағдайы қалай? Жерді жекешелендіру қалай?

Экономист: Жерге ие қалыптастыру керек. Меншік иесінің жоқтығынан Арал теңізі апатқа ұшырады, жеріміздің бірқатар бөлігі ядролық полигонға айналды. Енді табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың негізін қалап, жерге ие қалыптастыру.

Мемлекеттік басқару жүйесінің басты міндеті кәсіпкерлікте дамыту, оған іс жүзінде жәрдем жасау.

Тілші: Сұхбатыңызға рахмет. Келесі кездескенше.

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Ел экономикасын көтеруге бағытталған бағдарламалар ұсынылды ма?

2. Журналист қандай сұрақтар берді?

3. Экономистің жауабы бойынша, жекешелендіру қажет пе?

4. Жерге меншік қалыптастыру қажет пе?

5. Кәсіпкершілік деген не? Кәсіпкершілікті дамыту – ел экономикасына көмектесе ме?

1-тапсырма. Сұхбаттан ғылым, ғылыми сөздермен тіркесетін сөздерді табыңыздар.

Үлгі: ғылыми жаңалық, ғылыми конференция, ғылыми кітапхана, ғылыми баяндама.

2-тапсырма. Бәсеке сөзімен түбірлес сөздермен сөйлем құраңыздар.

Бәсеке, бәсекелес, бәсекелестік, бәсекелесу, бәсекешіл.

3-тапсырма. Меншік сөзімен ұялас сөздермен сөйлем құраңыз.

Меншік, меншік иесі, меншік құқы, меншік құқығын қорғау, меншіктелу, меншіктену, меншікте кету, меншіктеу, меншікті, меншікті тілші, меншікті еңбек, меншікті мал, меншікті салмақ, меншікті хатшы, меншікті үйі (Түсіндірме сөздікті пайдалан).

4-тапсырма. Төменде берілген сөздерді қатыстырып сұхбат құрыңыздар.

кәсіпкерлік

қандай?

кәсіпкерлік пайда

кәсіпкерлік аренда

кәсіпкерлік табыс

кәсіпкерлер бірлестігі

5-тапсырма. Бағдарлама сөзін қатыстырып сұхбат құрыңыз.

Үлгі: - Сәуле, біздің ел нарықтық экономика жолын таңдады. Бағыт-бағдарымыз дұрыс па?

- Меніңше, дұрыс. Үкімет қабылдаған бағдарлама бар емес пе?

- Жекешеліндіру процесі дұрыс жүріп жатыр ма, Жанат?

- Дұрыс - бұрыстығына бәріміз бағдарлау - бақылау жасағанымыз жөн.

Қызметтегі кеңес

Ерлан Нұрпейісов – бас директор

Сальникова Татьяна – сыртқы экономикалық байланыс директоры

Нұрлан Серікбаев – референт, аудармашы

Ержан Айдарханов – коммерциялық директор

Айнаш Дәулетова – іс жүргізуші

Нұрпейісов: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Барлығы: Сәлеметсіз бе?

Нұрпейісов: Мен сіздерді құттықтаймын! Біздің фирмамызды құруға байланысты ұйымдастыру жұмысы артта қалды деп есептеуге болады. Біз қажетті лицензия алдық, теңге және валюта есебін аштық, тіркелдік. Енді фирмамыздың жарнамасын салмақты түрде ойлануымыз керек. Сіздердің қандай ұсыныстарыңыз бар?

Айдарханов: Менде осы мәселе төңірегінде жақсы ақпараттар бар. Радион, теледидар, орталық басылымдарда жарнама жүргізумен айналысатын жарнама агентінен хат келді. Олар тапсырманы тез орындайды.

Нұрпейісов: Тамаша! Олармен байланысуымыз керек және шарттары туралы нақты білу керек. Бұны бүгін-ақ орындасаңыз жөн болар еді.

Татьяна: Мен мүлдем ұмытып кетіппін. Менің «Алматы ақшамында» өте жақсы танысым бар. Өткен жылы біз Лондонда көрмеде танысқанбыз.

Серікбаев: Міне көрдіңіз бе? Сіздер кезінде еске түсірдіңіз. Қазақтар айтпақшы: «жүз сомың болғанша жүз жолдасың болсын». Сенде оның координаторы бар ма?

Татьяна: Иә, оның визиттік кәртішкесі бар. Мен оған бүгін-ақ телефон шаламын.

Нұрпейісов: Және есептесу жағын да ұмытпай сұраңызшы.

Татьяна: Міндетті түрде.

Нұрпейісов: Енді жарнама мәтінді жөнінде ойланайық. Фирма туралы хабарға құрылтайшының аты мен қызмет түрін көрсету керек.

Айдарханов: Ал жарғылық қорды ше?

Нұрпейісов: Асықпайық. Бұл біздің коммерциялық құпиямыз болсын. Ол өзі көп емес. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір дейді ғой. Сізге бұл мәтел таныс па, Татьяна?

Татьяна: Иә, әрине. Оны меніңше әрбір іскер адам білуі керек.

Нұрпейісов: Айтпақшы, Татьяна, сіз өзіңіздің қазақ тілі сабақтарыңызға ризасыз ба?

Татьяна: Рахмет. Сіз маған қазақ тілінен өте жақсы курстар ұсындыңыз. Мені екі оқытушы оқытады. Олар өз жұмыстарының өте жақсы мамандары. Сонымен қатар екеуі де өте әдемі, ақылды жандар. Менің сіздердің тілдеріңізді оқуға көп мүмкіндігім бар.

Нұрпейісов: Сіз үшін қуаныштымын. Мен сіздің қазақ тіліңізден алға жылжу барын байқадым.

Нұрпейісов: Айнаш, «Караван», «Алматы ақшамы», «Егемен Қазақстан» газетінің соңғы тігіндісін қарап шығыңыз. Қызмет түрі бізге жақын ұйымдардың жарнамаларының ксерокөшірмесін жасаңыз.

Дәулетова: Түсіндім, Ерлан Нұрпейісұлы, маған біздің бәсекелестерді табу керек қой.

Нұрпейісов: Неге тек қана бәсекелестерді, мүмкін олардың көпшілігі біздің сенімді әріптестеріміз болар?

Дәулетова: Қашанға дейін?

Нұрпейісов: Ертеңнен қалдырмауға тырысыңыз.

Дәулетова: Қам жемеңіз. Мен дайындаймын.

Нұрпейісов: Маған сұрақтарыңыз бар ма?

Барлығы: Жоқ.

Нұрпейісов: Онда мен сіздерден біздің жарнама бойынша хабар күтемін.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қызметтік кеңес неге арналған?

2. Айдарханов кеңеске қандай хабармен келді?

3. Татьяна не туралы есіне түсірді?

4. Фирманың қандай хабары жарнамаға кіргізілмейтін болды?

5. Татьяна өзінің оқытушылары туралы қалай әңгімеледі?

6. Нұрпейісов өзінің іс жүргізушісіне қандай тапсырма берді?

2-тапсырма. Мына мақалды қандай жағдайларда пайдалануға болады?

«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын».

3-тапсырма. «Бәсеке» туралы шығарма жазыңыз.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

айтыс – дискуссия, диспут

апат – авария, бедствие, катастрофа

әділетті – справедливый

әділетсіз – несправедливый

әріптес – коллега, партнер

балама – альтернатива, эквивалент

бәсеке – конкуренция

бәсекелес – конкурент, соперник

бірлестік – единство, компания, корпорация

бірінші жағы – первая сторона

бірдей – одинаковый

ғылыми негізде – на основе науки

жауапкершілік – ответственность

жеңу – завоевать, победить

жоба – проект

жүйрік – бегун, быстрый

жарыс – конкурс, пробег, состязание

зерттеу – изучать

заңсыздық – беззаконие

ие – владелец, хозяин

күрес – борьба

күрделі – важный, сложный

қалыптастыру – укоренит, формировать

қабілет – дар, способность

қасиет – качество, достоинство

қиындық – препятствие, сложность

меншік – собственность

мүмкіндік – вероятность, шанс

орташа – средний

өркениетті қоғам – цивилизованное общество

пара – взятка

прогресс көзі – источник прогресса

риза – доволен

сайыс – поединок, состязание, бой

сенімді – верный, уверенный, благонадежный

таныс – знакомый

танысу – знакомиться

тұлпар – скакун, резвый конь

тырысу – стараться

ұйымдастыру – организовать, устроить

ұтымды – выигрышный

ұшырау – встретиться, натолкнуться, застать

ұят – совесть, стыд

ынталандыру – поощрение, заинтересовать

ынталандыру көзі – источник поощрения.

ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ