Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

ақылдылық – благоразумие, разумность

аяу – беречь, жалеть

әсерлі – впечатлительный, трогательный

бәрібір – все равно

болбыр – вялый

бүк түсу – лежать калачом

бұлжытпай – точно, доподлинно

ептілік – ловкость, подвижность

жабырқау – уныние, подавленность

жасырмай – начистоту, не скрывая

жүн – шерсть

интеллектуалдық қызмет – интеллектуальная служба (работа)

кәдімгідей – как обычно

қажеттілік – необходимость, потребность

қанағаттандыру – удовлетворение

қалта – карман

қи – навоз

қызмет көрсету – оказать услугу

қысқарту – сократить, сокращение

нәтиже – рузельтат

ол жолы – на этот раз

орындау – выполнение, исполнение, исполнить

отау – дом молодоженов

өндірістік емес – не производственная

пұл – деньги

сапар – визит

саудаласу – торговаться

саулық қой – овцематка

селқос – халатный, пассивный

сын – критика, испытание

сынау – критиковать

таңдану – удивление, восхищение

тер төгу – кропотливо работать

шатастыру – запутать, перепутать, спутать

шын – верно, истина, правда

шын мәнінде – в действительности

шығармашылық – творчество

Он бесінші сабақ меншік деген не?

Меншіксіз мемлекет те, өндіріс те, меншіксіз адам да, қоғам да жоқ. Неге солай?

Бәрі де меншікке көзқарастан басталады. Меншіксіз мемлекет болмайды. Мемлекеттің меншігі – ол біздің меншігіміз. Өндірісте мемлекеттік меншік болу керек пе, жоқ па?

Әрине, керек. Себебі ол өндіріс пайдасы, өнімі, біріншіден, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін, стратегиялық маңызды салалар үшін, әскер, қорғаныс үшін. Осы міндеттер болмаса, мемлекет болуы мүмкін емес. Осы міндеттер жеке адамға берілсе, ол екінші ретте ғана мемлекетті ойлайды.

Меншіктің екі түрі бар: 1) Қоғамдық меншік. 2) Индивидуалдық меншік. Екеуінің де әр түрлі формасы бар. Қоғамдық меншікке – мемлекеттік меншік, кооперативтік меншік, акционерлік қоғам жатады.

Біздің конституциямызда тек екі меншік түрі – мемлекеттік және жеке меншік түрі көрсетілген.

Жекешелендіру не үшін қажет болды. Өркениетті мемлекеттердің бәрінде меншіктің бар түрі болуы қажет. Меншіктің түрі көбірек болса, экономика да жақсырақ болады.

Әр түрлі меншік формасы болмаса, нарықтық экономика болмайды. Одақ кезінде меншіктің бір түрі ғана болды – мемлекеттік меншік. Бір ғана меншік түрі болатын мемлекетте бәсеке болмайды.

Тек қана мемлекеттік меншік болғанда әр өндіріс ешқандай сапаны, бағаны ойламайды. Пайдасын мемлекет алады. Бірақ әр өндіріс пайда табу үшін бағасын көтереді. Өндірістен шыққан тауар үлкен бағамен шығады. Яғни шыққан шығынның бағасын көтеру – шығынды экономика болып табылады. Өткен уақыттардағы нанның бағасының шығынын өтей алмады. Нарықтық экономикада бірінші тұтынушы роль атқарады, әр түрлі меншік керек. Мемлекеттік меншік пен әр түрлі меншік арасында арасалмақ болады. Сондықтан жекешелендіру пайда болды. Ал ұлттық меншікке алу (национализация), жекешелендіру кезең сайын қайталанып тұратын процесс.

Жаппай жекешелендіру бар. Одақ кезіндегі мемлекеттік меншікте халықтың – әкеміздің, шешеміздің, әже-атамыздың, біздің үлесіміз бар. Соны ойлап, жаппай жекешелендіру – мемлекеттен кішкене үлесін беру үшін – инвестициялық жекешелендіру купоны берілді.

1-тапсырма. Мәтінге қатысты сөздер, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Меншік; мемлекет; өндіріс; қоғам; меншікке көзқарас; меншіксіз мемлекет; мемлекет меншігі; мемлекет меншігіндегі өндіріс; экономикалық қауіпсіздік; әскер, қорғаныс, стратегиялық маңызды салалар; қоғамдық меншік; жеке меншік; өркениетті мемлекеттер; меншіктің бар түрі; әр түрлі меншік; формасы; нарықтық экономика; Одақ кезіндегі меншік; бір ғана меншік түрі; бәсеке; сапа, баға; шығынды экономика; әр түрлі меншік; жаппай жекешелендіру; инвестициялық жекешелендіру купоны.

2-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Меншіксіз мемлекет, қоғам, адам, өндіріс бола ма?

2. Мемлекеттік меншік бар ма? Ол не үшін керек?

3. Меншіктің қандай түрлері бар?

4. Жекешелендіру не үшін қажет?

5. Бәсеке қандай кезде болады?

6. Одақ кезіндегі экономика неге негізделген?

7. Жаппай жекешелендіру деген не?

3-тапсырма. Меншік сөзімен тіркесетін сөздерге назар аударыңыз.

Қандай меншік?

Жеке меншік

Мемлекеттік меншік

Қоғамдық меншік

Кооперативтік меншік

Меншік – белгілі біреудің жеке өзіне тән иелігі.

Жеке меншік – жеке адамға ғана тән, соған тиісті дүние, мал-мүлік, меншік.

Кооперативтік меншік – белгілі бір бірлестікке тән иелік.

Қоғамдық меншік – қоғамға, қауымға тән иелік.

4-тапсырма. Газетте берілген мына салыстыруларды талдаңыз.

Егініміздің шығымдылығы гектарына 20-25 ц. болса, бітік шықты деп бөркімізді аспанға атамыз. Ал Англияда гектарына 80-100 ц. астық алу қалыпты жағдай деп есептеледі.

Соңғы деректерге қарағанда, ФРГ-да ауылшаруашылығындағы бір қызметкер 100-150 га жерді өңдей немесе 4-5 мың шошқаны бордақылай алады екен. Голландиядағы бір шаруаның 112 адамды асырауға шамасы жетеді. Одақ ыдырағанға дейін АҚШ-тың 4 млн фермері біздің 30 млн колхозшымыздың өндірген өнімінен бірнеше есе көп өнім шығарып келді. Мұның себебі қожалық сезімі бар меншік иелерінің көптігінен.

Біздің ел де осындай деңгейге жетпесе де жағдайды түзеуге күш салып жатыр. Меншік иелерін көбейту үшін ауылшаруашылығын жекешелендіру жүріп жатыр, аяқталып та келеді.

Шығыс Европаның постсоциалистік елдерінің осы саладағы тәжірибесіне қарасақ, оларда ауылшаруашылығын жекешелендіру процесі біртіндеп, экономикалық механизмі ойластырылып барып өткен екен. Шамасы, біздің олардан үйренеріміз аз болмаса керек.

Факт. Қазір Қазақстанда әрбір адамға шаққанда 2,1 гектар, ал Қытайда небәрі жүздің жеті бөлігіндей (0,07 га) егістік жерден келеді. Бірақ қытай шаруасы өз елінің миллиардтан астам халқын асырап қана қоймай, сонымен бірге ауылшаруашылығы өнімінің артығын сыртқа шығарады. Бұл салада олар соңғы жылдары біраз жетістікке жетті.

(«Заман Қазақстан» газеті 1 қараша 1996 ж.)

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. ФРГ шаруасы бір өзі неше гектар жерді өңдей алады?

2. Қазақстан шаруасы осынша жерді бір өзі өңдей ала ма?

3. Батыс елдерінде меншіктің қандай түрі бар?

4. Қытайда жері аз бола отырып, неліктен өнімді көп бере алады?

5. Меншік түрлері өнімге әсер ете ме?

6-тапсырма. Мына сөз тіркестеріне көңіл бөліңіздер.

Егіннің шығымдылығы, бітік шықты, бітік егін, бітік бетеге, қалың шықты, бітік шыққан тары, жақсы шықты, қалың шөп, қалың егін, егіннің шығымдылығы, егіннің шығымы, шайдың шығымы.

Бірінен бірі бітік шыққан егін даласының ғажап көрінісі уақыттың өткенін сездірер емес.

Соңғы деректер, бұрынғы деректер, қазіргі деректер, огсы деректер, жазылған деректер.

Жер өңдеу, металл өңдеу, мұнай өңдеу, қайта өңдеу, әндерді өңдеу.

Мысалы: Сен жер дәрігері емессің бе? Жерді қалай өңдеп, астықты қалай мол алу керектігін оқытпаған ба?

Дәрілік өсімдіктерді тиісті жолмен өңдеп, олардың пайдалы қасиеттерін тауып алу қажет.

Металл өңдеу, мұнай өңдеу комбинаттары көп. Халық әндерін өңдеу көбейіп кетті. Музейге қайта өңдеу жүргізу керек.