Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Даналар сөзін тыңдайық

«Егер әрбір адам экономиканы білсе, сол мемлекет күшті.»

Аристотель

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген

нәрселермен озады, одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық.

Абай

ПІКІРТАЛАС ТАҚЫРЫБЫ

  1. Экономика – біздің тұрмысымыз.

  2. Экономикада да біртұтас идеология керек.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

ақша шашпау – не разбросать денег

алдыңғылар қатары – передовые

апат – бедствие, катастрофа

апатқа ұшырау – попасть в катастрофу

бағалау – оценивать

басқару өнері – искусство управлять

басым бағыт – превосходящее направление

белгілі болмасқа – известным быть

батып кету – утонуть

бөлісу – делиться

біртұтас – единый

даңқ – слава

жайбарақат – беспечно, спокойно

жалғастыру – продолжать

ие болу – владеть, овладеть

күнделікті тұрмыс – обычная жизнь

қалдыру – оставить, оставлять

мемлекет мақсаты – цель государства

мүмкіндік – возможность

некелік контракт – брачный контракт

өндіру – производить

салыстыру – сопоставить, сравнивать

сұраныс – спрос

табиғат заңдары – законы природы

тұрмыс – быт, жизнь

таңдау – выбирать

ұрпақ – подрастающее поколение, поколение

ұрпақ үшін күрес – борьба за подрастающее поколение

экономика заңдары – законы экономики

Екінші сабақтың жалғасы

1. Мәтінді оқыңыз.

Экономика біздің өмірімізде

Экономика - адамдардың тамақты, киімді, баспананы калай табатыны туралы, сондай – ақ, олардың өмірін не жақсартатыны туралы ғылым.

Адамдардың көпшілігі күнде немен айналысады, экономика соны зерттейді, яғни адамдардың іс - әрекет, қызметін зерттейді.

Сенің шаруашылығыңа не әсер етеді, соның бәрін экономика зерттейді деуге болады.

Бәрінің құны, бағасы бар. Бәріне төлеуге тура келеді.

Сіз не істесеңіз де әрқашан өнім және шығын болады. Бір нәрсені ойланатын болсаңыз, сіздің шығындарыңыз – уақыт және жаңа ойларыңыздың тууына себепкер болған алдыңғы ойларыңыз. Сенің білімің – шығын, ойларың – өнім болып табылады.

Не істеңіз де аз мөлшерде болсын сіз уақыт жұмсайсыз. Білімге қатысты уақытыңызды экономика тілімен айтқанда, оны капиталдық салым ( можно назвать капитальными вложениями) деп атауға болады. Деніңіз сау, себебі жақсы тамақтанасыз, спортпен айналысасыз. Бұл - өз денсаулығыңызға салған салым. Бұл да - капиталдық салым . Капитал дегеніміз - жинақталған байлық ( сбереженное богатство) Сенің басты капиталың – сенің өзің. Сенің ең басты, маңызды өнімің – сен қалай өмір сүресің – сол.

2. Мәтінде берілген экономикалық терминдердің құрылымына назар аударыңыз, осыған ұқсас мысалдар табыңыз.

  1. Мына сұрақтарға жауап іздеп көріңіз:

а) Өзіңіз неге, не үшін уақыт жұмсадым деп ойлайсыз?

б) Неге, не үшін капитал жұмсадым деп ойлайсыз?

в) Шығындарыңыз бен өніміңізді атаңыз.

г) Сіздіңше, капиталдық салымды қай жерге салған жақсы?

  1. Мына мақалдың мағынасына сәйкес мысал айтыңыз: «Шығынсыз кіріс жоқ».

  2. Мәтін тақырыбы бойынша семантикалық картаны а)толықтырыңыз:

Л1 – зерттеу, болып табылады, төлеуге тура келеді, ....

Л2 – ғылым, уақыт, ...

Л3 – капиталдық, жинақталған, ...

Л4 – құн, баға, ...

(Л1 – тақырыпқа қатысты етістіктер, Л2 – тақырыпқа қатысты зат есімдер, л3 - тақырыпқа қатысты анықтауыштар, Л4 – тақырыпқа қатысты экономикалық терминдер)

б) семантикалық картаны пайдаланып сөйлеңіз.

  1. Оқыңыз. Мәтінге тақырып таңдаңыз.

Өнімдер көруге, ұстауға болатын материалды зат болуы мүмкін. Өнімдер беру үшін немесе сату үшін өндіріледі. Мұндай заттар тұтыну өнімдері деп аталады. Оны басқалар үшін дайындайды. Оларды пайдаланатындарды тұтынушылар деп атайды. Тұтыну өнімдерінің құны оларды өндіруге кеткен уақыттан, өндіріс шығындарынан, өнім үшін қажетті материалдар шығынынан тұрады.

Мысал үшін құрышты қорыту процесін алайық. Бірінші темір рудасын алу керек. Содан соң оны қоспалардан тазартып, қажетті материалдар қосу керек. Сонан соң ерітіп, араластырып, пайда болған құйманы керек формамен қатырады.

* * *

Материалды емес өнімдер қызметтер деп аталады. Бұл да тұтыну саласы. Олардың да құны болады. Концерт – музыканы жақсы көретіндерге арналған қызмет түрі. Концерт құны музыканттарға ақы төлеуден, залды жалға алу шығынынан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындарынан және т.б. шығындардан құралады. Осы концертті ойлап тапқан адамдарға да төлеу керек. Яғни үлкен концертті өткізу шығыны да көп деген сөз.

Аурухана ауруларға қызмет көрсетеді. Аурухана құны бәрінен бұрын оны салуға кеткен шығыннан, жұмысты, тазалықты қамтамасыз ету шығындарынан, дәрігерге, медбикелерге еңбек ақы төлеуден, дәрі – дәрмек, төсек орын, емдеу жабдықтары, лабораториялардан, және т.б. тұрады. Аурухананы ұстап тұру шығыны, шындығында, өте үлкен.

Қызметтер ұсыну - өмір сүру үшін қаражат табу амалдарының бірі.

  1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз.

  2. Екі мәтінді салыстырыңыз.

  3. Есіңізге сақтап қалғыңыз келген фактіні атап шығыңыз.

  4. Мәтін мазмұны бойынша сызбалар жасаңыз (диаграмма, семантикалық карта)

  5. Мәтін құрылымын өзгертпей, факті қосыңыз.

ГРАММАТИКА: СУБЬЕКТ – ПРЕДИКАТТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

  • Сөйлемдерді оқыңыз. Байланыстырушы сөздерге назар аударыңыз.

Өмір дегеніміз – материяның өмір сүруінің ең жоғарғы формасы. Ғылым дегеніміз – жүйеленген білім. Көру мен түсіну қуанышы – Эйнштейннің сөзімен айтсақ, табиғаттың ең тамаша сыйлығы.

  • Берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

В.И.Вернадский – жаңа ғылым саласы – биогеохимияның негізін қалаушы. Софья Ковалевская – көрнекті математик, профессор атағын алған әлемдегі тұңғыш әйел. Күн – бізге жақын жұлдыз. Жақсы сөз – жарым ырыс. Заң білімі – заман талабы. Факт – даусыз нәрсе.

  • Берілген ақпаратты үлгіде берілген құрылыммен өзгертіңіз.

Үлгі: Мұхит – минералды шикізат көзі. Мұхит – минералды шикізат көзі болып табылады.

«Музыканың ұлы кітабы» - Әбу Насыр әл-Фарабидің музыка ғылымы туралы трактаты.

Өткенді зерттеу – бүгінгі мәдениетті байыту құралы.

Қазіргі саясаттың ең басты мәселесі – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау.

Білім берудегі басты мәселе – оны пайдалана білу.

  • Берілген сөйлемдердің мазмұнын байланыстырушы сөздерді (дегеніміз, болып табылады) қолдана отырып, жеткізіңіз.

Үлгі: Француз ғалымы Л.Пастер ғылыми жұмыстың ең жақсы бағалаушысы – уақыт,- деді. Ғылыми жұмыстың ең жақсы бағалаушысы дегеніміз – уақыт.

Дәлелдеулердің ең жақсысы – тәжірибе,- деді ол. Университеттік білім берудің ерекшелігі – маманды жалпы біліммен дайындау,- деді министр. Математиканың басты пайдасы – оның амалдарын табиғатты түсіндіру үшін пайдалану,- деді оқытушы. Қазақстанның кейбір белгілі ғалымдары – шетел академияларының құрметті мүшесі,- деді ректор баяндамасында.

  • мәтін мазмұнынан субьект – предикаттық қатынасқа құрылған сөлемдерді теріп жазыңыз.