Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Баға туралы әңгімелесейік.

Сұхбаттарды оқыңыз. Сұраулы сөйлемдердің конструкциясына назар аударыңыз.

ДҮКЕНДЕ

Алушы: – Мына пальто қанша тұрады?

Сатушы: – 12 мың теңге.

БАЗАРДА

Алушы: – Алмаңыз нешеден?

Сатушы: – 35 теңгеден.

БАЗАРДА

Алушы: – Раушан гүліңізге қанша сұрайсыз?

Сатушы: – 200 теңгеден

Алушы: – Қымбаттау.

Сатушы: – Қанша бергіңіз келеді?

Алушы: – 100 теңгеден.

АНТИКВАР ДҮКЕНІНДЕ

Алушы: – Мына мебельді қаншаға бағалайсыз?

Сарапшы: – 1 млн. теңге.

ЖИҺАЗ ДҮКЕНІНДЕ

Алушы: – Мына мебельді қаншаға бағалайсыз?

Сарапшы: – 70 мың теңге.

  1. Ресми емес кезде тауардың бағасын қалай сұрауға болады? (Как

спросить о цене товара в неофициальной обстановке?)

не? ... қанша тұрады?

не? ... қымбат тұрады екен?

нені... қаншаға алдыңыз?

неге? қанша төледіңіз?

не үшін?... қанша бердіңіз?

нені?... қаншаға алдыңыз?

нені... қаншаға сатасыз?

не үшін?... қанша алғыңыз келеді?

Ресми жағдайда тауардың бағасын қалай сұрайды? (Как спросить о цене в официальной обстановке)

... бағасы қандай?

... қаншаға бағалайсыз?

3. Бағаның деңгейі туралы қалай айтуға болады? (Как спросить об уровне цен)

1. Тұрақты баға 1. Цена стабильная

баға тұрақтанып жатыр цены стабилизируются

тұрақтанады будут стабилизироваться

бағаның тұрақтануы стабилизация цен

2. Төмен баға 2. Цена низкая

баға төмендеп жатыр цены понижаются

бағаның төмендеуі понижение цен

баға түсіп бара жатыр цены падают

бағаның түсуі падение цен

3. Жоғары баға 3. Цена высокая

баға өсіп жатыр цены растут

бағаның өсуі рост цен

баға көтеріліп жатыр цены повышаются

бағаның көтерулі повышение цен

бағаның самғауы взлет цен

бағаның бірден самғауы резкий взлет цен

бағаның секіруі скачок цен

4. Бағасы ұшып тұр 4. Цены кусаются

Бағасы сұмдық! Баснословная цена

4. Мына сөз тіркестерін қалай түсінесіз:

(как вы понимаете следующие выражения)

– бағаны ұстап тұру, бағаны қатыру, бағаны жіберу, бағаны либерализациялау, бағаны босату (держать цены, заморозить цены, отпустить цены, либеразация цен, освобождение цен).

5. Сұхбат. Алматының коммерциялық фирмасының өкілі мен оның батыстағы әріптесі арасындағы келіссөздің баға туралы талқылауын оқыңыз.

(Прочитайте диалог между представителем алматинской коммерческой фирмы и его западным партнером, которые обсуждают статьи договора о цене.)

Алматылық: Құрметті мырзалар, келіссөзімді талқылауды жалғастырамыз. Өткен кездесуде біз баға туралы анықтағанбыз. Әлемдік рынокта құрал-жабдықтың осы түріне баға көтерілгендіктен, құрметті әріптестер, сіздер белгілеген бұл баға бізді қанағаттандырмайды. Бұл бағаларды біз қайта қарағымыз келеді.

Батыстық: Бағаның есебі әлемдік баға негізінен шыққан. Біз ұсынған бағада тасымалдау құны мен сақтық құны да бар.

Алматылық: Біздің сарапшыларымыздың баға туралы есебімен танысуды ұсынамыз, ал ертең осы мәселе бойынша талқылауды жалғастыруды ұсынамыз.

Бастық: Жақсы, келісеміз.

Сөздікке:

талқылау – обсуждать

белгілеу, анықтау – уточнить

қайта қарау – пересматривать

әлемдік баға – мировые цены

сақтық, қамсыздандыру – страхование.