Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Оныншы сабақ меншік және жекешелендіру

Жекеменшік кәсіпкерлерінің пайда болуы екі түрлі жолмен жүзеге асады:

а) жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы.

Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшік капиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру – экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегеніміз жаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.

Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономясының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауырмашина өндірісі, өндірістің сырттан әкелінетін шикізат пен материалдарға байланысты өндірістік қаражат инфрақұрылымдарының әлсіз дамуы т.б. кіреді.

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданған болатын. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады:

  1. еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы;

  2. аукцион және тендер.

Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей

бағыттарда жүреді:

  1. аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші

жекешелендіруі;

  1. акционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен

мекемелердің топтық жекешелендіруі;

  1. күрделі жоба барысындағы үлкен және мамандырылған

мекемелердің жеке жобалар арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді.

Айырықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған жобалар арқылы жекешелендіруден өтеді.

Жеке жобалы жекешелендірудің тәсілдерді ретінде төм ендегіні қарастыруға болады:

1) келісілген шартпен анықталған инвесторға сату; 2) аукцион және конкурс арқылы сату; 3) бақылау туралы келісім шартқа отырумен ақшалардың ашық сатылуы.

Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі.

Өткен уақыт ішінде жеке жобалар арқылы жекешелендіруден 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады.

Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкерлікті жандан ту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.

Мәтінге қатысты тапсырма

1-тапсырма.

Төменде берілген мәтінге қатысты сөздер, сөз тіркестері терминдермен сөйлем құрыңыздар.

жекеменшік біртіндеп сатып алу

кәсіпкер аукцион

мемлекеттік меншік тендер

күрделі жүйе кіші жекешелендіру

шаруашылықты басқару топтық жекешелендіру

меншік қатынастары жеке жобалар арқылы

жекешелендіру бағдарламасы келісілген шартпен сату

2-тапсырма.

«Жекешелендіру» терминіне анықтама беріңіз. Ол үшін төмендегі синтаксистік конструкцияларды пайдаланыңыз.

Жекешелендіру процесі дегеніміз, оның құрылымына не жатады; меншік қатынастардың өзгерту тәсілі не болып табылады; жекешелендіру жүргізген кезде нені ескеру қажет?

3-тапсырма.

Мәтіндегі 4-абзац не туралы? Осы абзацта берілген жекешелендіру тәсілдері Қазақстанда жүріп жатқанынан мысал келтіріңіз.

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламаларын беріңіз.

Жекеменшік, жекешелендіру, мемлекет меншігі, жекешелендіру, процесі, жекешелендіру туралы заң, жекешелендірудің үш тәсілі, біртіндеп сатып алуы, жаңа жүйе, жаңа талаптар.

2- тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жекешелендіру деген не?

  2. Жекешелендіруді жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін ескеру керек пе?

  3. Бұл ерекшеліктерге не жатады?

  4. Жекешелендіру бағдарламасы Қазақстанда қашан қабылданған?

  5. Жекешелендірудің қандай тәсілі бар?

  6. Жеке жобалы жекешелендірудің тәсілдерін атаңыз.

  7. Жекешелендірудің мақсаты не?

3- тапсырма. Мына терминдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Приватизация – приобретение у государства гражданами и юридическими лицами объектов государственной собственности или акций государственных, акционерных обществ.

4- тапсырма. Мына сөздердің орыс тіліндегі баламасын беріңіз.

1. Жекеменшікке берілген асхана, дүкен, шаштараз, дәрісханаларды білесің бе?

2. Жекеменшіктегі асхана, дүкен, дәріханаларды мемлекеттік меншіктегі дүкен, дәріхана, асханалармен салыстырыңыз.

3. Жекешелендіру тиімді ме?

4. Ауылшаруашылығын жекешелендіруге қалай қарайсыз? Бұрынғыдан айырмашылық бар ма?

5. Қазақстанда жекешелендіру процесі қалай жүріп, жатыр?

6- тапсырма.

а) Мәтіннен қимыл етістіктегі сөздерді табыңыз.

б) Жекешелендіру, өзгерту, жандандыру, күрделендіру, даму, бастау сөздерін септеңіз.

в) Жекеменшік біріккен сөз бе, тағы басқа қандай біріккен сөздерді білесіз?

7- тапсырма.

Жекешелендіру туралы «Заман - Қазақстан» газетінде берілген (25 көкек, 1997 жыл) материалдарды талдаңыз.

8- тапсырма. Газетте жариялаған мына сұхбатқа назар аударыңыз.

«Жекенің жөні басқа». Семей облысы Жарма – Тілеуберді Оразғалиұлы, аудандағы агросекторды реформалау барысында сіздерге облыс әкімінің реніш білдіргені есімізде. Содан бері бір жыл өтті. Сыннан қорытынды шығара алдыңыздар ма?

- Халықтың 70 жыл бойы қалыптасып қалған сана-сезімін бір күн немесе бір ай ішінде реформаға сәйкес бетін бері қарату оңай іс деп ешкім айта алмайды. Қай салада болсын толық жекешелендіру болмайынша реформа өмір сүре алмайды. Бұл - өмірдің өзі дәлелдеген қағида.

Рас, түбегейлі реформа жасау жәй нәрсе емес. Онда тұтас бір аймақтың, тұтас бір елдің тағдыры тұр. Әр заманның өз ерекшелігі, өз даму жолы бар. Оны жүрегіңмен түсініп басшылыққа алмасаң, қоржыныңды арқалап жұртта қаласың.

– Кейбір жерлерде жекешеленіп кеткендер арасында бартерге ұрынып, қолыңа таяқ ұстап қалған жағдайлар кездесіп қалады. Осындай келеңсіз көріністер сіздерде болмайтынына көздеріңіз жете ме?

– Алдымызда нарықтық қоғам, шегінетін жол жоқ. Барлық негізгі соқпақ жекешелендіру көпірі арқылы өтеді. Соңғы екі жылда аудандағы ірі қара, ұсақ мал басы қалыпты деңгейде келеді. Сонау 1992 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату саласының жұмысын дұрыс жолға қойғанбыз. Ел мақтаған істер баршылық.

Бұл күнде ауданда 14 күнбағыс майын шығаратын цех, 17 наубайхана, 10 диірмен, оншақты шұжық цехы бар. Оған қоса мал терісін өңдейтін, киім тігетін шағын орындар да істеп тұр. Ал сүттен төрт-бес түрлі май, ірімшік, қаймақ, кілегей тағы басқа өнімдер өндіріледі. Оның бәрі май зауытының мойында. Сондай-ақ «Жалғызтөбе астық» акционерлік қоғамында тәулігіне 45 тоннадан астам макарон өнімдерін шығаратын 6 өндіріс желісі іске қосылды. Акционерлік қоғам биылғы жылды 3 миллион 880 мың теңге пайдамен қорытындылайын деп отыр.

Аудан орталығында өндірістік кооперативтік құрылған. Олар нарықтық экономикаға оң көзқарас танытып, тәулігіне 10 тонна ұн тартатын диірмен орнатып, бүкіл аудан орталығының ұнға деген мұқтаждықтарын көтеріп алды. Ал, «Астық» ұжымы Жалғызтөбенің жүзден аса жұмыссыз тұрғындарына кәсіп тауып беріп отыр. Аудан орталығындағы В.Пузиков басқаратын автобаза, Жалғызтөбедегі осындай кәсіпорын, мұнай базалары да меншік нысандарын өзгертіп, заман талабына сай тірлік етуде.

– Төке, жекешелендіру ендігі кезекте қай салаларды қамтымақ?

– Ауылшаруашылығындағы өндірістегі, тұрмыстық қызметтегі жекешелендіру аяқталып қалды. Енді, міне баяу болса да нәтижесі көрініп келеді. Болашақта білім беру, денсаулық сақтау, тағы басқа салалар шет елдердегідей жекешеленуі тиіс. Қазірдің өзінде қалада жекеменшік мектептер, аурухана, емханалар пайда болды. Кейбір елді мекендерде хан сарайындай мектеп, аурухана үйлері бос тұр. Оған қанша қаржы жұмсалуда. Клуб, мәдениет үйлері де қаржы жетіспеушілігінен адымдары жазылмай келеді. Осы салалардың бәрі екшеленуі керек. Ақылы қызмет жүрген жерде тәртіп, нәтиже болады.

Әңгімелескен Сүйеу бай Баймадиұлы, журналист.

(«ЕҚ» 7.01.1997).

9- тапсырма. Сұхбаттың соңғы абзацының мазмұны не? Өзіңіздің көзқарасыңызды білдіріңіз.

10- тапсырма. Журналистің екінші сұрағына аудан әкімі қалай жауап береді? Жекешелендіруге қатысты қандай түйінді ой айтады?

11- тапсырма.

а) Мына мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз:

«Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар,

Өзгенікі дегенде болар-болмас ісім бар».

«Ортақ өгізден оңаша бұзау артық».

ә) Өз тіліңізде осы мақалдардың баламасы бар ма?

ДАНАЛАР СӨЗІН ТЫҢДАЙЫҚ

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтан етпеу – сатқындық.

Бауыржан Момышұлы.

Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз үшін текке кеткен және

енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.

К.С.Станиславский.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір жақсыны көрсеңіз...

Сізге ғылым кім берер

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Абай

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

аймақ – зона, территория, район

арқалау – нести на спине, взваливать себе на спину

әлеуметтік – социальный

біртіндеп – по одному

еркін кәсіпкершілік – свободное предпринимательство

ерекшелік – особенность

жүзеге асу – осуществить

жігерлендіру – приободрить, приободрать, вдохновлять

кіші жекешелендіру – малая приватизация

қағида – норма, правила, положение, закон

қоржын – хурджин, двойная сумка (мешок) для багажа

қор – фонд, залог, резерв

меншік қатынасы – отношение собственности

ортақ – общий

оңаша – уединенный, отдельный

сана – сознание мысль

тәсіл – прием, способ

тактика – тактика

тағдыр – судьба, участь, рок

топтық жекешелендіру – групповая приватизация

шегіну – отступать, отход, отступить

шикізат – сырье, сырое вещество