Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Даналар сөзін тыңдайық

Жамандықтың үлкені пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды.

В.А.Сухомлинский

Адамның асқан, сұлулығы оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі.

В.А.Сухомлинский

Әр адамның құдайы - өзінің ары.

Менандр

Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы.

Абай

Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

айналыс – оборот, обходный

бақылау құралы – средства наблюдения

бекітілу – закрепляться, утверждаться, утвердиться

берік – крепкий, прочный

болжам – гипотеза, предположение

дербес – персональный, личный

көтеру – повышать, поднять

қозғалыс – движение, восстание

құлып – замок

құбылыс – явление, изменение

құйма – литье, сплав, отливка

құн өлшеуші – измеритель стоимости

орта есеппен – в среднем

орнығу – закрепиться, укрепиться

реттеу – привести в порядок

тарау – глава, раздел

тежеу – дискреминация, ограничение

тікелей – прямо, непосредственно

үзілу – прерываться, обрываться

шеберхана – мастерская

Он бірінші сабақтың жалғасы

  1. мәтінді оқыңыз.

Ақша

Адамдар байлық туралы ойлағанда, әдетте көз алдарына ақша келеді.

Ақша – байлықтың түрі. Бірақ оның бір ғана түрі емес. Адамдар көлемді жерге ие болуы мүмкін, ақшасы аз, бірақ бай болады. Жер – байлық белгісі.

Кейбір адамдар көп дүниені, көп нәрсені қажетсінбейді, бірақ қарапайым өмір сүреді. Тіпті, олар жақсы денсаулығы, сүйікті отбасы, достары, өзінің үйі болса, ақшасы аз болса да өздерін бақытты сезінеді.

Енді біреулердің көп ақшасы болады, бірақ бақытты ма екен. Осындай адам өзінің барлық ақшасын үйде, сейфте, немесе басқа жерде сақтайды делік. Оны бай деп санауға болмайды, себебі оның ақшасы жұмыс істемейді. Оның пайда әкелетін жеке өнеркәсібі жоқ. Жұмыс істеп, ақша тауып, оны бір іске салу – баюдың бір жолы.

Егер ақша өзінің өнеркәсібіне салынса, немесе өнеркәсіпті қаржыландырса, фабрика үшін құрал – жабдықтар сатып алынса, онда ол байлықты жасағаны. Ақшаны осындай жолмен пайдалануды «инвестицияландыру» дейді.Өзінің ақшасын осылайша пайдаланатындар байлыққа жол ашады.

Ақша деген не?

Ақшаның өзіндік бағалылығы жоқ. Адамдар үшін оның маңыздылығы мынада: адамдар оны затқа, қызметке төлеу үшін пайдалануға келіскен. Егер осы келісім болмаса, ақша басылған қағаз немесе металл қанша тұрса, оның құны сонша тұрар еді.

Ақшасыз сауда. Ертеректе ақша мүлде болмаған. Көптеген жылдар бұрын адамдар тауарлармен алмасқан, оларды сатпаған. Адамдар тек қана азық – түлік және киімдер ғана алмасқан кезде, бәрі жақсы болатын. Алайда, адамдарға басқа да заттар қажет бола бастағанда, тауар ғана емес бір құндылықты жинау амалын табу керек болды.

Егер де қасық пен шанышқыға айырбастайтын артық қойыңыз болса, сіз қасығы, шанышқысы бар, қойды керек ететін адамды күтіп отырғанды қаламайсыз ғой.

Салыстырмалы түрде ақшаның қандай да бір түріне келісімге келсе, онда сіз қойыңызды оның қасығы , шанышқысы бар, жоғына қарамай, кез келген адамға сата бересіз. Сізге ол тиісті ақшасын төлейді, сіз оған өзіңізге қажетті қасық, шанышқыны аласыз.

Ақшаның көптеген нұсқалары болған. Ақшаны ойлап табудың басты сипаты ақшаны әлдебір қымбат метталлға мысалы, алтынға бекіту туралы келісім болды. Ақшаның көне нысандарының бірі зергерлер берген сертификаттар да болған.

Егер біреу төлем үшін ақша қажет болса, зергерге белгілі мөлшерде еңбекпен тапқан немесе қолындағы алтынын өткізеді.

Зергер оған бір мөлшерде алтын өткізгенін куәландыратын сертификат берген. Ал сертификатты кейін қайтарып , өткізген алтынын ала алады. Мұндай ақшалар өте сенімді саналған.