Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Жақсы жырды жаттайық

... Сүріну бар да самғау бір

Тірлікте кейде алдау бар.

Отаным, саған айтамын,

Мен де бір аппақ арман бар.

Ақтығы алғаш жауған қар

Ақ жырым – аппақ құстарым,

Ақ көңілдерге самғаңдар!

Бұтаға қонып қалмаңдар!

Алдарыңда әлі таңдар бар

Зымыран құстар, заулаңдар!

М.Мақатаев.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

алдын-ала – заранее, предварительно

бағыт-бағдар – направление

бағалау – оценивать, расценка

демеуші – спонсор

жылжыту – двинуть, продвинуть, сдвинуть

зиян – вред, убыток, ущерб

зерттеу – изучить, исследование

кеңес беру – консультация, консультировать

көлем – объем, размер

келешек – будущее, будущий

қадам – шаг, начинание

қарастыру – изыскивать, разыскивать

мәлімет – данные, сведение

өзі – лично он сам

насихаттау – пропагандировать

тетік – ключ

тегін – даром, бесплатно

ұрлау – воровать, украсть

ұту – выиграть

шаралар – меры

шарықтау – пафос, взлет, парить высоко в небе, подняться

шегерме – скидка

хабардар – осведомленный, знающий, сведущий

ілгері – вперед, впереди

Он жетінші сабақ ұқыптылық пен үнемшілдік – экономика жаны

Сенің жеке тірлігің, шаруашылығың бір кереметке негізделеді. Ол – ұқыптылық және үнемшілдік. Ал ұқыптылық, үнемшілдік дегеніміз – экономика жаны. Бұл керемет тағы да басқа ойға туыс келеді. Ол гүлдену. Гүлдену дегеніміз – экономикалық табыс пен бақыт.

Сенің жеке шаруашылығың тек қана сенің ақша жұмсау қабілеттілігіңмен шектелмейді. Бұл мүмкіндік - өзіңнің уақытың мен қуатыңды жұмсай білу деген сөз.

Сен ұқыптысың ба, үнемшілсің бе?

Сонымен, бірнеше сұрақ беріп көрелік:

1. Сен ақшаңды ала салып түгел жұмсайсың ба?

2. Егер сен ақша үнемдесең оны ойланбастан үнемдейсің бе?

3. Егер сен ақша жинайтын болсаң, оны неге жұмсауға ертерек ойланасың ба?

4. Бұрын оңды-солды ойланып көрдіңіз бе, ақшаны үлкен сомаға айналдыруға бола ма, әлде ақша тек қана сауда жасау үшін ғана керек пе?

5. Сен ата-анаңмен ақша туралы ақылдасып көрдің бе?

6. Олар ақшаны жақсы жұмсай ма?

7. Олар сенімен бұл мәселе туралы әңгімелесе ме?

Ал енді сен уақытың мен күшіңді дұрыс пайдаланасың ба? Осы туралы бірнеше сұрақ:

1. Теледидар алдында жиі отырасың ба?

2. Сені кейбір бағдарлама қызықтыра ма, әлде сен теледидардағының бәрін қатарынан көре бересің бе?

3. Мектепте өзіңді қызықтырған пәнмен өте ынталы айналысасың ба, әлде барлық пәнді қатарынан оқисың ба?

4. Күн тәртібіңді өзің жасайсың ба, әлде саған үйрете ме?

5. Күн тәртібіңді өзің жасасаң, оны өзің еркін орындай аласың ба?

6. Осы сұрақтардың бәріне ойланып жауап бер.

Ақшадан да қажет не?

Егер сен өзіңнің жеке шаруашылығың мен үнемшілдігің тек қана ақшаға қатысты деп ойласаң, онда қателескенің.

Өзіңнің жеке шаруашылығыңның иесі екенсің және шаруашылығыңды үнемді түрде жүргізеді екенсің, демек сенің басты мүддең – өзің болып табыласың.

Өз өміріңді сенің мүлкің емес, сенің өзің айқындайсың.

Сенің адал, табанды болуың қажет. Өзіңнің денсаулығыңды ойлауға, білім-білігіңді толықтыруға тиіссің. Өзіңнің әрбір іс-әрекетіңді ойланып барып, әрбір сөзің мен ісіңе жауап беретіндей ойланып барып, әрбір сөзің мен ісіңе жауап беретіндей болуың керек. Егер жұмысың жүрмей жатса, оған жыланудың қажеті жоқ, егер жұмысың жақсы жүріп жатса, оған даңғойланып, мақтанудың да қажеті жоқ. Бұл қасиеттердің барлығы да сенің қандай адам болатыныңды айқындайды.

Осы қасиеттердің бәрін бойыңа қалыптастыра біл, өйткені бұл қасиеттер сенің үнемшіл болуыңа көмектеседі.