Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Отандық өндірісті көтеру – бәріміздің парызымыз

Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Төрайымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсовамен сұхбат.

- Алдымен өзіңіз басқарып отырған, қызметі халыққа таңсық құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия мен оған өзіңіздің қатысыңыз туралы айтып берсеңіз...

- Ұлттық комиссияның жұмыс істей бастағанына екі жылдай болды. Өзім 1995 жылдың қарашасында осы қызметке келдім. Одан бұрын елбасымыздың экономика жөніндегі көмекшісі болдым. Еңбек жолымды Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетінде бастадым. Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның біздің елді бұрындары аты да, заты да болмаған. Бұл комиссияның міндеті – құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ нарық жұмысына бақылау жасау және оған қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Құнды қағаздар нарығындағы ең құрметтілер және сонымен бірге қорғаусыз қалып отырғандар – инвесторлар. Ол – халық. Сондықтан біздің мекеме инвесторлар мүддесі үшін қызмет етеді. Құнды қағаздар нарығы Қазақстан үшін өте қажет. Өнеркәсіптен сіз заңды түрде акцияны аласыз, сол арқылы пайда аласыз. Акцияны сатып алу, иемдену – турасын айтсам, өзіміздің отандық өндірісімізге көмектесу.

- Өндірісіміз тоқтап, алып өнеркәсіп орындарының өзі тұралап жатқанда қалай өрге басамыз, кімге сенеміз?

- Бізге шет елден келген инвесторға, шет елден келген эконоистке, тіпті үкіметке де сеніп отыра берудің қажеті жоқ. Кез-келген шет елдік өз пайдасы үшін келеді, ал үкіметімізді ұстап тұрған – халық. Халық өнім бере алатын өнеркәсіптерді жедел дамытуға ат салысу керек. Қалай ат салысуға болады дейсіз ғой, оның кәдімгі қарапайым жолы – сол өнеркәсіптің акцияларын сатып алыңыз, яғни сіз өнеркәсіпке қарыз берген, көмектескен болып саналасыз. Әрине, акцияны аларда сіз шартқа отырасыз: ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге. Қалай өнеркәсіп, өндіріс аяғынан тік тұра бастайды, сіз де өз пайдаңыздан құр қалмайсыз.

Қазір халықта көп нәрсеге сенім жоқ. Осылай сенбеушілікпен жүре беруге болмайды. Акцияны алмай жатып, пайданы ойлайтындар бар. Сіз пайдаға асықпаңыз, отандық өндірісіңізге көмектесуге асығыңыз. Отандық өндірісіміз көтерілмей – халық байымайды. Жұмыссыздық көбейе береді. Жұмыссыздық көбейген сайын адамдарда үлкен мақсаттар, ұлы мұраттар азайып, олар күнкөріс жолына түседі. Адамзат өмірге күнкөріс үшін келген жоқ қой.

Естеріңізде болар, немесе үлкен кісілердің әңгімелерінен, соғыстан кейінгі жылдардағы ұзақ мерзімдік заем, облигациялар туралы естіген боларсыздар, тіпті кейбіреулеріңіз көзбен көрген де шығарсыздар. Ол заемдарды біздің халық түгел жаппай сатып алды, бұл заемдар соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін шығарылған мемлекеттік заемдар еді.

Біздің аға ұрпақ өзінің бүгінгі пайдасын емес, ертеңгі болашағын ойлады, ұрпағын ойлады, қазір де құнды қағаз алсаңыз, ол болашақ үшін, біздің өндірісіміз өзгеге тәуелді болмас үшін қажет. Бұл біздің экономикамыздың тәуелсіздігіне кішкене болса да қол ұшын беруіңіз.

Экономикамыз тәуелді болса, рухани дамуымыз, біліміміз, ғылымымыз, еңсеміз өзінен-өзі төмендей бермей ме? Ішкі рынокты, ұстап тұра алмаудың өзі – шегіну. Егемендік жай сөз болмас үшін, барлық салада еңбек еткеніміз жөн.

- Экономика мен Ұлы мақсаттар ұғымының ұштасар тұсы қайсы?

- Біздің ел нарықтық экономиканы таңдап алды. Алайда нарықтық экономиканы тек қана нарық-рынок деп түсінбеуіміз керек. Ұлы мақсат – нарық емес, нарық ұлы мақсаттарға жетудің бір жолы ғана. Біздің халқымыздың мақсаты – алдыңғы қатарлы, тәуелсіз өркениетті қоғам құру. Ал өркениетті қоғам білім мен ғылымға негізделеді. Нарықтық экономикада да тек білімділер биіктен көрінеді. Нарықтық экономика дегеніміз - өзіңнің ішкі рыногына ие бола отырып, әлемдік рынокқа шығу, әлемдік рынокта өз еліңді, өзіңнің отандық тауарыңды таныту. Отандық тауар өндірісте жасалады. Өндірісті дамытпай біз жұмыссыздықтан арыла алмаймыз. Отандық өндірісімізді халық болып қорғауымыз оң. Қазақстандық тауардың сапасы неге басқа елдікінен төмен болуы керек? Неге Жапония өндірісі алда, неге Оңтүстік Корея жақсы дамып келеді, ойланып көрдіңіз бе? Өйткені олардың елінде, экономикасында біртұтас идеология бар. Экономикада да біртұтас идеология аса қажет. Олардың кез-келгені – өз елінің тауарын бірінші өзі алады. Мәселен, Америка автомобилі өз елінің автомобилінен артық болып тұрса да, ол елдің азаматы өз Отанының автомобилін алады. Өз елінің тауарын сатып алу, тұтыну – өз өндірісіңе көмектесу, қаржыландыру, отандық капиталдың сыртқа, басқа елге кетпеуін ойлау. Ал қаржылы өндірістің жаңа технология сатып алуына да, сапалы өнім шығаруына да мүмкіндігі болады.

Азық-түлік рыногын алайықшы: тағы да өзге елдің тұрып қалған, мерзімі өтіп кеткен өнімдері өз өнімдерімізді ығыстыруда. Неге біз басқа елдің мерзімі өтіп кеткен шұжығына, шіруге жақын қалған жұмыртқа, ірімшік, майына құмармыз? Неге отандық өнімді қорғамаймыз? Азық-түлік өнімін шығаратын өндірісті неге ойламаймыз? Неге оның шығарған акцияларын алмаймыз? Азық-түлік табиғи қажеттілік. Олардың басқа өндірістерге қарағанда пайда көлемі азырақ, бірақ табысы күн сайын көрінеді, себебі олардың өніміз біз үнемі пайдаланамыз.

Отандық өндірісті, ол шығарған өнімді қорғау – баршамыздың парызымыз.

- Құнды қағаздар дегеніміз не? Олардың одақ кезіндегі бағалы қағаздардан айырмашылығы бар ма?

- Әрине, көп айырмашылығы бар. Құнды қағаздарға акциялар, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл қағаздар бұрынырақта «бағалы қағаздар» деп аталған. Бірақ «бағалы» деген сөзден гөрі «құнды» деп алғанымыз дұрысырақ, неге десеңіз бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне тек пайда, табыс әкеледі және ешуақытта да өз құнын жоғалтпайды. «Құнды» деген сөздің өзі мейлі қай жағынан – тілдік, экономикалық жағынан алсақ та, мағынасы жағынан біз айтып жүрген акция облигациялардың анықтамасын аша түседі.

КСРО-да қайта айналымға түспейтін қарыздық бағалы қағаздар ғана шығарылған болатын. Осыған байланысты құнды қағаздар айналымынан пайда табу мүмкін емес еді. Әдетте бұрынғы КСРО-ның бағалы қағаздарын (мемлекеттік заемдар мен облигацияларын) халықтың еркінен тыс күшпен тарату жүзеге асырылатын және олардың белгілі бір бағасы болатын.

- Соңғы жазып жүрген, ойланып жүрген мәселелеріңіз туралы не айтар едіңіз?

- «Салық туралы», «Құнды қағаздар туралы» кітапшалар жаздым. Алайда жазылмаған көп ойлар мені қатты мазалайды. Біздің халқымызға экономикалық сауат жетіңкіремей жатыр. Одақ кезінде бұл ғылым болды, бірақ біз оны тұрмысымызда пайдаланған жоқпыз. Тіпті, жоспарды алатын болсақ, бұрынғы халық шаруашылығындағы жоспардың бәрі бұйрықты жоспарға негізделген еді. Қазіргі жоспарымыз – индикативті жоспар деп аталып жүр. Бұл сұраныс пен ұсынысқа қарай жасалатын жоспар болып табылады. Қалың көпшілік экономиканың ең қажетті жақтарын түсініп білсе екен дейміз.

- Әңгімеңізге рахмет. Сізге табыстар тілейміз.