Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Он екінші сабақ банк қызметі

Банктік жүйе – ол не? Банктік жүйе - өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса, бак те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді.

Біздің елде банктік жүйе екі деңгейді. Біріншісі – мемлекеттік, екінішісі – коммерциялық банктер. Ұлттық банктер бірінші, екінші деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді. Әр банк ашылған сайын Ұлттық Банк лицензия береді. Ұлттық Банк басқа банктерді жиі тексереді. Банк жұмысы нашар болса, лицензияны қайтарып алады, жабады. Мысалы, Крамдсбанк.

Коммерциялық банктер – екінші деңгейдегі банктерге жатады, неше түрлі – жеке де, акционерлік те болады.

Банктер қандай саясатты жүзеге асырады? Бірінші – инфляция болмас үшін. Ұлттық банк коммерциялық банктегі ақша айналымы заңын өмірге келтірген. Осы заңды ескермесек, үлкен инфляция болады. Ақша айналымы заңына кеңес одағы кезінде де қараған жоқ. Неге десеңіз, ол қажетсіз болады. Ақша айналымы сферасы өте аз болды, тек қана тауар айналымында болды.

Түйіндеп айтатын болсақ, банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер кредит несие саясатын жүзеге асырады.

Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктерден алатын кездері болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

Валюталық саясат – ол теңгенің күшті болуын қарайды. Шетелден әкелінген ақшаның заңсыз айналуын бақылайды.

Текске тапсырма.

  1. Мәтінге күрделі жоспар жасаңыз.

  2. Таныс емес сөздердің мағынасын сөздікті пайдаланып анықтаңыздар.

  3. Мәтінді баяндауда етістік шақтарының қай түрі көп пайдаланылған?

  4. Қай шақ ғылыми стильде жиірек қолданылады?

  5. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

Банк тарихынан

Италия ... Орта ғасыр ...

Базардың дағдылы шуы. Адамдар сатып алып жатыр, сатып жатыр, тауарларды мақтап, саудаласудың, айтысып жатыр. Бірақ базарда бір тыныш орын бар. Ол айыр бастаушылардың лаңкесі. Ол столында үйілген ақшасы және таразысы бар, маңғаз кейіпте отыр.

Айырбастаушыда қандай ақша жоқ дерсін! Тиындардың (монета) ескісі, жаңасы, жерліктісі, шетелдікі, дөңгелегі, шаршылысы ...сан түрі бар. Жай адамға мұндай ақшаны айыру өте қиын, сондықтан ол айырбастаушыға келеді. Ол ірі ақшаларды айырбастайды, біреуін айырбастайды, алған заты үшін қанша төлеуге, қандай ақша төлеуге көмектеседі.

Батыс Европа елдерінде айырбастаушылар Х ғасырда, Шығыста және Грецияда одан ертерек пайда болды.

Айырбастаушылар қызметі біртіндеп кеңейе берді. Ерте уақытта ақшаны бір қаладан бір қалаға, бір елден бір елге тасу оңай болған жоқ. Саудагер ылғи тауары мен ақшасын қорғау, сақтау үшін қарулы адамдарды жалдауына тура келді. Олар бірнеше тапсырма бойынша тұтастай керуен құрды, күзет жалдады, ақшаны тиісті жерге жеткізді. Айырбастаушы ақшаның сақталуына жауап берді, бұл өте қатерлі жұмыс, бірақ бағалы затты жеткізгені үшін жоғары төлем алды. Қалаларда айырбастаушылардың ақша сақтайтын арнайы құпия орындары болды, сандықтары, құпиялы құлыптары, қарауылдары болды.

Міне, сондықтан көптеген бай адамдар өздерінің ақшаларын айырбастаушыға сақтауға тапсырған. Ақшаны (салымды) қабылдай отырып, айырбастаушылар ерекше кітапқа оның сомасын жазып отырған.

Егер салымшы ақша алса (барлығын немесе бір бөлігін), кітапқа жазылып отырған. Осылай есеп жүргізу пайда болған.

Саудагер ақша операциясына уақытын жоғалтқысы келмейді, кімге қанша төлеуді, кімнен қанша алуды жүргізуді айырбастаушыға тапсырған. Сол кезде нақты ақшасы, есептеуші жүргізу туралы керемет ой пайда болды.

Егер бір саудагер басқа саудагерге төлеу керек болса, айырбастаушыға бірінші саудагердің есептегі ақшасын төмендетіп, екіншісінің көбейтті. Ақшаның өзі оның сандығында жылжымайтын болып қалды.

Есептер салымның қаржылық жағдайын көрсететін айнаға айналды. Айырбастаушы әрбірінің құпиясын білді: бұл саудагер бай ма, әлде кедейлену, күйреу қарсаңында ма, оған қанша қарыз, ол қанша қарыз. Салымшылардың сенімін жоғалтпас үшін , айырбастаушы салым құпиясын сақтауға тиісті болды.

Айырбастаушының сандығында ақша көп жиналды, олар қозғалыссыз жатты. Сол кезде кейбіреуінде тағы да бір керемет ой пайда болды: ақшаның бір бөлігін қарызға беру, қарызға белгілі мерзімге бере отырып, оған төлем алу. Егер біреу жарты жылға 100 сол алса, жарты жылдан кейін 120 сол қайтару керек. Барлық салымшылар ақшасын бәрі бірдей бір мезгілде талап өтпейтінін айырбасшы білді, яғни ақшаны айналымға жіберуге болады. Сонымен айырбасшы қарыз бере отырып, есесіне өсімімен қайтарып алды. Ақша әкеле бастады.

Біртіндеп айырбасшылар қазіргі банкирлерге айналды, ал олардың қарапайым банктері – ірі, қуатты банкке айналды.

(Г.Елизаветинаның «Ақша» кітабынан М.1970.)

Мәтінге тапсырма.

  1. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар құрыңыз.

  2. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліңіз, жоспар құрыңыз.

  3. Мәтінде эпитет, теңеулер бар ма?

  4. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздерді, сөз тіркестерін, терминдерді теріп жазыңыздар.

  5. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.