Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Үнемшілдік дегеніміз – сараңдық емес

Үнемшіл болу дегеніміз – сараң болу деген емес. Сараң адамдар табысын ешқашанда біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін төлеуден де жалтарады. Өзгелерді ешқашанда мақтамайды.

Сараңдық дегеніміз жақсы қасиет емес. Сараң болу дегеніміз өзіңде бар нәрсені қызғыштай қорып, оны шашпауға тырысу, болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолыңда бар нәрсені достарыңнан биік қойып, тәуекелге бел буа алмау.

Үнемшілдік ұғымына тәуекелшілдік те байланысты. Үнемшіл болу дегеніміз – қуанышсыз сұрқай өмір кешу емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін әспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу де – тәуекелшілдік. Сенің көптеген таныстарың теледидардан бірнеше сағаттар бойы бас алмай отырар, бәлкім. Олар сенің теледидар алдына жуымайтыныңды көріп, сені түсіне қоюы неғайбыл.

Тәуекелшілдік

Сөйтіп сенің ұзақ уақыт бойы теледидарға қарамауың – тәуекелшілдік болып табылады.

Үнемшілдік дегеніміздің өзі де сенің өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыра біліп, ойға алғаныңның барлығы болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін өз күшіңді шақтап жұмсай білуіңді білдіреді.

(Американ жазушысы К.Хесстің «Жасөспірімдерге арналған экономика» кітабынан)

Сөздікке:

үнемшілдік – бережливость

жеке шаруашылығың – личная экономика

гүлдену – процветание

табыс – успех

ақша жұмсау – тратить деньги

ақша жинау – копить деньги

ақшадан да қажет не – больше чем деньги

жеке шаруашылығыңның иесі – владелец своего собственного хозяйства

басты мүддең – главный интерес

өз өміріңді өзің айқындайсың – твоя жизнь определяется тобой

бұл қасиеттердің барлығы – все эти свойства

сараң – скупой

тәуекелшілдік – риск

тәуекелге бел буа алмау – пренебрегать разумным риском

үнемшілдік ұғымына тәуекелшілдік те байланысты – понятие бережливости включает в себя риск

уақытыңды дұрыс ұйымдастыра білу – умение организовать свое время

1-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Үнемдеу дегенді қалай түсінесіз?

2. Отбасыңызда үнемдеу бар ма?

3. Үй тіршілігінде, шаруашылығында экономикалық үнемдеу заңын пайдаланып жүргендеріңді байқайсыңдар ма?

4. Үнемдеуге не жатады?

5. Уақытты үнемдеуді қалай түсінесің?

2-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелді талдап түсіндіріңіз, орыс тіліндегі баламасын табыңыздар.

Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,

Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.

Сауып ішсең мың күндік,

Сойып жесең бір күндік.

Ескі киімді баттағаның,

Жаңа киімді сақтағаның.

Ескі киім жаңа киімнің қорғаушысы.

Ақша кетуге тырысады

Есеп ұстауға тырысады.

3-тапсырма.

Осы аптада уақытыңды, ақшаңды үнемді пайдалана алдың ба? Әңгімеле.

4-тапсырма.

Қазақ халқының қай ертегісі үнемшілдік, үнемдеу туралы жазылған. (Оқытушы көмегімен есіңізге түсіріңіз).

5-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдер не туралы екенін әңгімелеңіздер.

Берместің асы піспес,

Берместің сылтауы көп.

Жақсы арына – құл

Жаман малына – құл.

Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.

6-тапсырма. Қазақ ертегілерінен қай ертегіде сараңдық, сараң бай туралы әңгімеленеді. Мазмұнын айтыңыздар.

7-тапсырма. Сараң сөзіне қай сөз антоним. Ол сөзбен қай қазақ ертегісі аталады? Әңгімелеңіз.

8-тапсырма. Мына сұхбатқа назар аударыңыз.

- Жапон кереметін әркім әрқалай түсіндіреді. Оның негізі ішкі үнемдеушілік пен экспорттық жолмен өндірісті өркендетуде жатыр десек қателеспейміз бе?

- Мұның бәрі дұрыс. Үнемдеушілік өз ерекшеліктеріміздің бірі деп есептеледі. Бұл басқа елдерде сирек кездесетін жапон халқына тән ерекшелік. Осы тұрғыда біз дамыған Батыс елдеріне ұқсамаймыз. Үнеммен өмір сүріп, сонымен байи алған халық екенімізді ешқашан естен шығара алмаймыз. Өндірісте де үнемі соны ескеріп, соған сай заттар шығарамыз. Мысалы, бізде шығарылған мәшинелер аз бензинмен жүреді. Қай салада да үнемдеуді ойлауға мәжбүрміз. Өйткені шикізат шет жақтан келеді. Оны аз қолдана отырып, көп өнім алуға тырысамыз. Жапондықтар көп жұмыс істеп, соған орай көп қаржы тапқанымен, ақшаны аз жұмсауға тырысады. Жалақыларының белгілі бір бөлігін банкке сақтауға әдеттенген. Осының арқасында баюға болатынын бәрі жақсы біледі.

(«Заман-Қазақстан». 25.04.1997)

9-тапсырма.

1. үнем, үнемде, үнемдеу, үнемдеушілік сөздерінің мағынасын талдаңыздар, сөйлем құраңыздар.

2. Жапон кереметі туралы өзіңіз не білесіз?