Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіз мына картинаны бағаландыңыз ба? Қанша тұрады?

  2. Кітапхананы бағаладыңыз ба? Қанша тұрады (оның құны қанша?)

  3. Қалай ойлайсыз, мына кітапты 1000 теңгеге бағалауға бола ма?

  4. Ескі рояльге қандай баға қойылды? (белгіленді?)

7. Орыс тіліндегі оценить, уценить, переоценить сөздерінің қазақша баламасын табыңыздар.

Көп нүктенің орнын толтырыңыз.

  1. Мына кітап өте көне кітап, қымбатқа ... сату керек.

  2. Мына тауарға өте төмен баға қойылған, қайта ... керек.

  3. Мына машиналар ескірген, оларды ешкім алмайды. Оларды ... керек.

  4. Жаз мезгілі өтті. Жаздық заттарды 50% -ке ... төмендету керек.

  5. Мына костюмде шамалы ақау (брак) бар, сондықтан костюмді ... керек.

8. Сұхбат

Алматылық фирма өкілі: – Тағы да баға туралы. Біздің сарапшылар барлық бұйым топтары бойынша бағаны анықтаса, орынды болар еді.

Шетелдік фирма өкілі: – Біздің бағамыз Европалықтардан төменірек. Бұл баға көпшілікке, халыққа тиімдірек, қолайлырақ.

Алматылық фирма өкілі: – Өзіңіз білетіндей біз тауарларды үлкен партиямен сатып алғымыз келеді. Көтерме шегермесі бола ма? (оптовая скидка)

Шетелдік өкіл: – Біз бұл сұрақтарды талқылағанбыз. 10%-ке шегерме беруге (скидка) келісеміз. Бұл сізге қолайлы ма?

Алматылық фирма өкілі: – Иә, үлкен рахмет. Ары қарай біз төлем түрін анықтап алғымыз келеді.

Шетелдік фирма өкілі: – Әрине, тауар төлемі ЕКВ (СКВ) – мен болса.

Алматылық фирма өкілі: – Сіздің ұсынысыңызды жалпы қабылдадық. ЕКВ-мен төлеу бізге қиындық келтіреді. Сондықтан мынаны анықтағымыз келеді: жарым-жартылай теңгемен төлеуге мүмкіндік бола ма?

Шетелдік фирма өкілі: – Біз сіздің өтінішіңізді талқылаймыз.

Алматылық фирма өкілі: – Сонымен қатар біз сізге бартерлік келісім-шарт жасауды ұсынғымыз келеді. Біздің өнеркәсіп сіздерге өз өнімін бартер бойынша сатқысы келеді.

Шетелдік фирма өкілі: – Жақсы, біз сіздің ұсынысыңызды талқылаймыз.

Тапсырма.

  1. Сұхбатта асты сызылған сөздердің орысша баламасын айтыңыздар.

  2. Сын есімдерді табыңыздар, аударыңыздар. Шырай түрін

ажыратыңыз.

  1. Мына баяндауыштар қандай рай түрінде тұр? Сатып алғымыз

келеді, анықтап алғымыз келеді, ұсынғымыз келеді, анықтағымыз келеді, сатқысы келеді.

КҮЛЕЙІК, ДЕМАЛАЙЫҚ_______________

Бірде Қожекең бағарға қатық шығарып сатыпты. Қатық аз болған соң, су қосқан екен. Енді қатығын сатып болып, Қожанасыр ақшасын санағалы өзен жағасына тоқтапты. Санап тұрса, кенет жел тұрыпты да, қағаз ақшасын ұшырып, суға түсіріпті. Ал тиынды салмақты ғой, қолында қалыпты. Сонда Қожанасыр:

– Суы суға кетті, қатығы қолда қалды, - депті, қолындағы тиындарға қарап.

ЖАҚСЫ ЖЫРДЫ ЖАТТАЙЫҚ_____

Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүбірлеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!

М.Мақатаев

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ҮШІН

Пікірталас тақырыбы:

  1. Бағаны қалай реттеуге болады?

  2. Еркін баға өте қажет пе?

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомтесь с новыми словами и словосочетаниями)

айналым – оборот

аралық – дистанция, промежуток

баға айырмасы – разница в цене

баға алшақтығы – несоответствие цен

баға белгілеу – назначение цен

баға белгісі – знак цены

баға индексі – индекс цен

баға кеміту – снижение цен

баға кемітілу – уцениваться

баға көрсеткіш – ценник

баға құбылысы – движение цен

баға көтерілу – повышение цен

баға саясаты – политика цен

байланыс – связь

бетімен жіберу – распустить

бөлік – часть

бұзылу – разладиться

еркін – свободный

еркін ақша – свободные деньги

еркін бәсеке – свободная конкуренция

еркін сауда – свободная торговля

еркін сауда аймағы – зона свободной торговли

еркін дем алу – свободное дыхание

жақсарту – улучшение

көрсетпейді – не показывает

құн – стоимость, цена

құн баланстары – стоимостьные балансы

құн белгісі – знак стоимости

құн жиыны – масса стоимости

құн заңының әрекеті – действие закона стоимости

құн заңының әсері – действие закона стоимости

құн өлшемі – мера стоимости

құн тегі – природа стоимости

құнсыз тауар – бесценный товар

құнды зат – ценная вещь

құнды қағаз – ценная бумага

құнды хат – ценное письмо

құнсыздану – обесценивание

қымбаттау – подорожание

қылмыс – преступление

мүмкін – возможно

негізделу – базировать, основываться

өзегі – стержень, ствол

тарапынан – со стороны

тапшылық – дефицит, недостаток

тұрақтандыру – стаблизировать

тікелей – непосредственно, прямо

теңестіру – выравниваться

шектеу – разграничение