Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

5. Баға. Бағаға қатысты сөздер тобы.

тұтыну бағасы анықтамалық баға

көтерме сауда бағасы фактуралық баға

өндіріс бағасы баға лидері

дүниежүзілік нарық бағасы баға маркетингі

бөлшек сауда бағасы монополиялық баға

Үлгі: Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. Әрбір тауардың бағасы

оның құнымен тепе-тең болуы керек.

Монополиялық баға - өндіріс бағасынан әлдеқайда жоғары болатын

тауар бағасы.

Рыноктағы тауарлар бағасы өндіріс бағасынан ауытқып тұрады.

6. ЭКОНОМИКА: Экономикаға қатысты сөздер тобы.

экономикалық интеграция экономикалық ынталандыру

экономикалық категориялар экономикалық укладтар

басқарудың экономикалық әдістері экономикалық анализ

экономикалық дағдарыс экономикалық санкция

«Іс жүзінде экономикалық тәуелсіздікке қолымыз жетпейінше толық тәуелсізбіз деп айтуға болмайды. Қазір мемлекетіміздің өз қаражаты тапшы. Шет ел қаржысын пайдалансақ ұтамыз».

Н.Назарбаев «ҚӘ». 15.07.97 ж.

Үлгі: Өзін мәдениеттімін, білімді әрі іскермін деп ойланатын әрбір азамат экономика мәселесін бес саусағындай білуі керек. Жеке адамның, отбасының, бүкіл қоғамның барлық, тірлігі экономикадан тұрады. Экономика – бұл адам еңбегінің нәтижесін көрсететін ұғым. Ел басылары мәдени және экономикалық интеграция шартына қол қойды. Экономикалық саясатты дұрыс жүргізу керек. Экономикалық білім, экономикалық сауаттылық өте қажет.

Т а п с ы р м а:

Жоғарғыда берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз, экономикалық сөздіктен орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

ақпарат – информация

айырбастаймыз – менять, обмениваем

ауадай қажет – нужен как воздух

алымдар тәртібі – порядок сборов

әлемдік деңгей – мировой уровень

бәсеке – конкуреция

бекітілу – закрепляться, ратифицироваться

бөлшек сауда – розничная торговля

жанама реттеуші – косвенный регулятор

жат капитал – посторонний капитал

жоғары – высший

жергілікті салық пен алымдар тәртібі – порядок местных налогов и

сборов

көтерме сауда – оптовая торговля

кіріс – доход, поступление, прибыль

қадағалау – надзор, наблюдение

құнын жойған жоқ – не потерял цену

құрылым – структура, состав, строение

нақты болу керек – должен быть конкретным

отандық өндіруші – отечественный производитель

өзегеден – от остальных

салық саясаты – налоговая политика

тәуелді – зависимый

тұтынамыз, тұтыну – употребляем

тұтынушы аймақ – потребительная зона, регион

үнемі – все время, всегда, регулярно

ұлт өкілі – представитель нации

ұлттың жалауы – флаг нации

бағаның беріктілігі, тұрақтылығы – устойчивость, твердость стоимости

шығыс – расход

экономикалық қажеттілік – экономическая необходимость, потребность

ығыстырып кетуден қорғайды – защищает от вытеснения