Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

асырау – кормить, растить, содержать

бітік – срость, урожай

бордақылау – ставить на откорм

дерек – источник, факт, данные

егін – нива, урожай

жетістік – достижение, успех

көзқарас – взгляд, точка зрения

қауіпсіздік – безопасность

қорғаныс – оборона, защита

маңызды – важный, значимый

өңдеу – заделка, обработка

салыстыру – сопоставить, сравнивать, сравнить

шығымдылық – урожайность

ыдырау – разложение, распад, рассеяться.

Он бесінші сабақтың жалғасы

  1. мәтінді оқыңыз.

Жеке меншік

Біздің кез келгеніміз, тіпті ең кедейіміз жеке меншік иесі болып табылады.

Сенің киімің – сенің жеке меншігің. Киім сенікі, біреудікі емес. Сен оны қанша кигің келсе, сонша киесің. Кедейлер қайырымдылық ұйымдарынан сыйлыққа киім ала алады. Олар оны сыйлыққа алған соң, алған сыйлықтары олардың жеке меншігіне айналады.

Сенің киіміңді ата аналарың алып берді делік. Ол сенің жеке меншігіңе айналады. Әдетте, бір нәрсені жеке меншікке алу үшін жұмыс істеу керек.

Жеке меншік түрлері көп. Мысалы, сенің киімің, кітаптарың, сенің ата анаңның үйі, автомобильің, компьютер, құрал жабдықтарың – сенің қолдана алатын жеке меншігің. Бұл - саған қатысты жеке меншік.

Жеке меншіктің басқа түріне завод, фабрика, лаборатория, дүкендер жатады. Мұндай меншік міндетті түрде бір адамға қатысты бола бермейді. Оған бір топ адам ие болуы да мүмкін. Жеке меншік ылғи да бір адамға тиесілі бола бермейді. Бірақ ол әрқашан нақты адамдардарға тиесілі. ( Но она всегда принадлежит конкретным людям)

Қоғамдық меншік жеке меншікке қарама қарсы. Қоғамдық меншікке үкімет ие, ал чиновниктер оны бақылайды. Еркін қоғаммен жартылай еркін қоғамның басты айырмашылығы қоғамдық және жеке меншіктің ара салмағына байланысты. Сонымен, мынадай меншік түрлері бар: мемлекеттік меншік, жеке меншік, бірлескен адамдарға қатысты –қоғамдық ұйымға қатысты меншік, көптеген адамдарды, акционерлерді біріктіретін акционерлік қоғамға қатысты меншік.

  1. Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.

3. Сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.

Жеке меншікке ие болудың мағынасы не? Төменде берілген сөйлемдерді пайдаланыңыз, жалғастырыңыз және өз пікіріңізді айтыңыз.

- меншік иесі оны бақылай алады;

- басқара алады;

- олар өздерінің меншігіне жауапты;

- ...............................................

-..............................................

4. Идеялар жеке меншікке жата ма? Жауапты таңдаңыз:

Егер ол идеяларыңызды ешкіммен бөліспесеңіз......

а) ол сіздің жеке меншігіңіз;

в) ол қоғадық меншік.

5. Егер өнертапқыш болсаңыз, сіздің қызықты идеяларыңыз....

а) сіздің жеке меншігіңіз;

в) ол қоғамдық меншік

6. Жеке меншік жақсы ма, жаман ба?

  • кімдер жаман деп санайды?

  • кімдер жақсы деп санайды?

7. Жеке меншік, еркін рынок адам өмірін жақсартады, дәулеттендіреді, саламатты өмірге айналдырады, - дейді. Сіздің пікіріңіз қандай?

Біреулер адам құқығы жеке меншік құқығынан маңыздырақ, - дейді, сіз қалай ойлайсыз? Жауаптарды таңдап көріңіз, жалғастырыңыз:

  • адам құқығын жеке меншік құқығынан бөліп қарауға болмайды;

  • жеке меншікке ие болу құқығы адам құқығы ұғымына кіреді;

  • жеке меншік құқығы - адам құқығы;

  • жеке меншікке құқық - еркіндікке кепілдеме берудің жақсы амалы;

  • жеке меншікке құқық – диктатураны тоқтатады.

8. Жоғарыда оқыған мәтініңіз бойынша есіңізге сақтап қалғыңыз келген фактіні атап шығыңыз.

9. Мәтін тақырыбы бойынша семантикалық картаны а)толықтырыңыз:

Л1 – болып табылады, айналады, ...

Л2 –

Л3 – ...

Л4 – ...

(Л1 – тақырыпқа қатысты етістіктер, Л2 – тақырыпқа қатысты зат есімдер, л3 - тақырыпқа қатысты анықтауыштар, Л4 – тақырыпқа қатысты экономикалық терминдер)

б) семантикалық картаны пайдаланып сөйлеңіз.

10. Мәтін құрылымын өзгертпей, факті қосыңыз.