Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Мәтінді түсінгенін тексеруге арналған тест тапсырмалары.

  1. мәтін ........ туралы

A) табыс

B) табыс тарихы

C) өмірбаян

D) түс туралы

2. Әңгімедегі Жилетт...

A) жаңалық ойлап тапқысы келетін

B) жаңалық туралы көп білетін

C) жаңалықты жақсы көретін

D) жаңалық оқитын

3. асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Бала күнгі жаңалық табу арманы ойынан бір сәтте де шықпады.

A) ұмытпай жүрді

B) ойланбады

C) ойланатын

D) ұмытып кетті

4. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Жаңалығым бір цент әкелуі үшін 11 жыл сынақ, қателіктерден өту, шыдам керек болды.

A) уақыт

В) қаржы

C) қаражат

D) жыл

5. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз

Жилеттің жұлдызды сәті туады.

A) жолы болды

В) жұмысы көп

C) идеялары көп

D) жолы ұзақ

6. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз

Компания тағдыры жіп ұшында тұрды.

A) қиын халде

B) өрлеуде

C) жақсы еді

D ) қиындай түсті

7. Мәтіндегі басты ақпарат:

A) Жилеттің идеясы

B) Кингтің өмірбаяны

C) кездескен қиындықтар

D) жұлдызды сәттері

  1. Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындаңыз:

    • мәтіндегі басты ақпарат не?

    • аса маңызды деп санаған ақпаратты атаңыз;

    • мәтіндегі негізгі ақпаратқа сұрақ қойыңыз;

    • мәтін мазмұнына өз пікір, көзқарасыңызды білдіріңіз.

3. Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.

4.Сұрақтарға мәтінді пайдаланып, жауап беріңіз.

  • Әңгіме кім туралы?

  • Ол қайда туып, қайда өсті? Әкесі қай қалаға көшіп келді, не үшін?

  • Кинг Жилетт қай жерлерде жұмыс істеді?

  • Өнертапқыш Уильям Пойнтер Кингке не айтты?

  • Уильям Пойнтердің ұсынысынан кейін Кингке қандай ойлар келді?

  • Ол өзінің мақсатына қалай жетті?

  • Жилеттің жұлдызды сәті қашан болды?

  • Оның рекордты табысы қашан болды?

  • Жилеттік ұстара дүниеге қалай келді?

Мәтінге қатысты мына тапсырмаларды орындаңыз:

5. Мәтіннің басында, ортасында, соңында берілген негізгі ойды табыңыз;

6. Оқыған мәтін бойынша қорытынды жазыңыз;

7. Мәтін мазмұнында берілген қызықтырақ мәселені атаңыз;

8. Мәтін мазмұны бойынша сызбалар( диаграмма, семантикалық карта) жасаңыз;

9. Мәтінге қатысты өздік жұмысты орындаңыз:

  • аса маңызды деп санаған ақпаратты атаңыз;

  • мәтіндегі негізгі ақпаратқа сұрақ қойыңыз;

  • мәтін мазмұнына өз пікір, көзқарасыңызды білдіріңіз.

  • Әр абзацты бір тақырыпшамен атаңыз.

  • Сіз бала кезіңізде жаңалық ойлап табуды армандадыңыз

ба? Нені армандадыңыз?

  • Жилеттің ойлап тапқан жаңалығының басты ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

  1. Берілген экономикалық ұғымдардың қарсы мағынадағы сыңарларын табыңыз:

Еңбек, гүлдену, бәсеке, шығын, күйреу, құлау, пайда, капитал, көтерілу, мнополия.

Тоғызыншы сабақ

  1. Мәтіндерді оқыңыз. Пайда

Егер өнімдер немесе қызметтер өзін ақтауға қабілетті болса, өзінің өндірілуін қамтамасыз ете алатын болса, шығындар бағамен теңдестіріледі.

Өнім немесе қызмет пайда әкелуі керек, болмаса оларды өндіру мағынасы жоғалады. Пайда адамдардың тауар үшін, қызмет үшін төлейтін бағаға кіреді.

Пайда дегеніміз - өнімді өндіру үшін кеткен шығындарды есептегеннен кейінгі қалған бөлігі. Егер өнеркәсіп бір адамға тиесілі ( принадлежит одному человеку) болса, онда барлық пайда оған түседі. Егер басқа адамдар да өнеркәсіпті дамытуға үлестерін қосса, онда пайда соларға бөлінеді.

Пайда әкелмейтін ұйымдар

Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлері пайда әкелмейді. Әдетте, бұлар қайырымдылық қызметтер, сондай – ақ, өнеркәсіп айналысқысы келмейтін немесе айналыса алмайтын қызметтер. Мысалға тұтынушылар қолданатын заттың қауіпсіздігін қадағалайтын топты алуға болады. Енді бір қайырымдылық ұйымы кедейлерге көмектеседі, басқалары қоршаған ортаның ластануын тоқтатқысы келеді, үшіншісі кінәсіз отырылғызғандарды ( невинно осужденных) қорғайды. Пайда әкелмейтін ұйымдардың тізімі шексіз.

Бірақ қайырымдылық ұйымдары да нарық заңдарына бағынуға тиісті. Пайда әкелмейтін ұйымдардың шығындары жеке тұлғалардың және компаниялардың ерікті түрде берген қаржыларымен жабылады. Бұл ұйымдардың өздері де шындап келгенде, қайырымдылық обьектісі болып табылады.

Олар да кез келген басқа мекеме сияқты нарықтық экономика жағдайында өздерін ақтауы керек, болмаса ойыннан шығуы керек. Қайырымдылық қорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін төлеу үшін де қаржы керек. Оларды акционерлер деп атаса да болады. Олар өз істерін жалғастыру үшін жеткілікті қаржы жинамаса, кез келген басқа өнеркәсіп сияқты күйрейді.

2. Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.

3. Сұрақтарға жауап іздеп көрелік:

- Қандай компания, қандай ұйымдар қайырымдылық қызмет көрсетіп жүр, білесіз бе?

- Өзіңіз қайырымдылықты қалай түсінесіз?

- Қайырымдылық жасап көрдіңіз бе?

4.Мәтінмен жұмыс.

1.Екі мәтінді салыстырыңыз.

2.Есіңізге сақтап қалғыңыз келген фактіні атап шығыңыз.

3. Мәтін бойынша семантикалық карта жасаңыз.

4. Мәтін құрылымын өзгертпей, факті қосыңыз.

5.Мәтінді оқыңыз. Тақырып таңдаңыз.

Бағаларды ойланып қою керек. Егер баға сатып алушылар бір тауар, қызмет үшін төлеуге дайын бағадан жоғары болса, онда адамдар бұл өнімді немесе қызметті пайдалануды қояды. Олар үшін құн жоғары.

Нарықтық экономика жүйесінде сұраныс пен ұсыныс заңы ең басты болып табылады. Ұсыныс сұраныстан жоғары болса, өнімнің бағасы төмендетіледі, немесе олар дүкен сөрелерінде жата береді. Өнім жатып қалмас үшін баға жеткілікті төмен болса, ( достаточно низки) онда сұраныс пен ұсыныстың арасында сәйкестік орнайды.

Өнім жеткілікті мөлшерде ұсынылмаған жағдайда баға көтеріледі. Мұндай жағдайда, ұсыныс сұраныстан артық емес кезде, сатып алушы өте қажет тауарына қымбат бағаны төлеуге де дайын. Онда баға өсуі тоқтайды, немесе тіпті төмендейді. Нарық және сұраныс пен ұсыныс заңдары, адамдарға өз талаптарына салмақты қарауға үйретеді. Ал өндірушілерге қанша мөлшерде шығаруды үйретеді. Егер олар өз есептерінен жаңылса, онда күйреуге ұшырайды.

Бағаның қалыптасуы күрделі, оны аққала соғуды бастаған бала алақанындағы домалақ қармен салыстыруға болады. Ол домалаған сайын оның салмағы да көлемі де өсе береді. Өндіріс процесінің әрбір сатысы да осы тәрізді, тауар тұтынуға жеткенше жүргізілген жұмыстарға – шикізатты өңдеуге, орауға ( упаковка) тасымалдауға, дайын өнімді таратуға т. б. Бағасы қосыла береді. Тауар бағасына жарнамаға кеткен шығын да, тұрмыс техникасына кепілдемелік жөндеу шығыны ( затраты на гарантийный ремонт бытовой техники) да кіреді. Сұраныстан ұсыныс жоғары болған жағдайда тауар бағасын белгілеген кезде тауар сапасына қарайды , себебі тауар өндірушілер арасындағы бәсеке заңы жұмыс істей бастайды.