Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

бағам – курс

банктік жүйе – банковская система

бақылау – высматривать, контролировать

байланыс – связь, общение, отношение

басқару – руководить, управлять, возглавлять

білікті – знающий, квалифицированный

бірлескен – совместный

деңгей – уровень

дер кезінде – во время

есеп – задача, отчет, счет

есеп ашу – открыть счет

есеп айырысу – рассчитаться, сведение счетов

жарияланған – опубликованный

жазылу – подписание, записаться, вылечиться

жеке тұлға – физическое лицо

жекелей – по одному

жоғары – верхний, главный, верховный

заңды тұлға – юридическое лицо

кең ауқымды қызмет – услуга широкого масштаба

кешенді қызмет – комплексная служба

корреспонденттік – корреспондентский

көрсеткіш – показатель, регистр

қатысу – присутствие, участие

қатынас – отношение, связь, общение

қабылдау – принять, принимать, воспринимать

мазалау – тревожить, беспокоить

мұқтаж – запрос, нужда

негізгі – главный, центральный

өнімділік – продуктовый

резерв – резерв

салым – вклад

сенімділік – надежность, доверие

таңдау – выбор, отбирать

тексеру – проверять, расследовать

тиімді – выгодный, эффективный

төменгі – нижний

тіркеу – учет, опись, регистрация

ұсыныс – предлагать

шектеусіз – неразграниченный

шешім – решение, развязка

Он үшінші сабақ бәсеке керек пе?

Бәсеке деген не? Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Неге солай? Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру керек. Осы ынталандыру көзі, прогресс көзі – бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы – бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, рынокта өз өнемдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы бірлесу. Өмірдің өзі бәсеке. Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары байқалады. Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары байқалады. Бала бақшада екі балаға бірдей тапсырма беріңіз, олар бірінен бірі артық, тез, жақсы орындауға тырысады. Анасының көңілін өзіне көбірек аударуға ұмтылады. Бұл да бәсеке. Яғни адам бойында бар қасиет. Кейде адамдар өмірі, тірлігі үнемі бір қалыпты бола бермейді, дағдарыс болады, қиындық болады, банкротқа ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бір-біріне көмекке келеді, бірлеседі. Яғни бірлесу де адам бойында бар қасиет.

Тұрмыс - тіршілікте, өндірісте адамгершілік тұрғыдағы бәсеке немесе оның қарсы жағы – адамгершілік тұрғыға жатпайтын бәсеке де бар. Әр мемлекетте адамгершілікті емес (не добросовестный) бәсекеге қарсы заң бар. Одақ кезінде тек қана мемлекеттік меншік болғандықтан, бәсеке болған жоқ, тек бәсекенің екінші жағы бірлестік болды. Ал өркениетті қоғамда, мемлекетте бәсекенің екі жағы бірдей болу керек. Өркениетті қоғамда бәсеке қандай болу керек? Қытайда мынадай мақал бар: «Жауын бірінші дос ете алған адам жеңеді». Неге десеңіз, өркениетті қоғамда бәсекенің тек жарыс, күрес, айтыс жағы болмайды, бәсекенің тек бір жағы, күрес, айтыс жағы болса, онда адам-адамға жау болып келеді. Мұндай мәдениетпен ешкім тұра алмайды. Қазіргі өркениетті мемлекеттерде әділетті бәсеке. Осы бәсекеде бәсекенің екі жағы да бірге. Бұл мемлекет үшін жақсы. Әр өндіріс, мейлі ол жеке болсын, кооперативтік болсын, жаман өнім берсін, жақсы өнім берсін – бәрі мемлекеттікі.

Қарапайым мысал үшін: сіздің үш балаңыз болсын делік. Екеуі алғыр, ширақ, білімді, біреуі жалқаулау, сылбыр, әлжуаздау. Сіз біреуі нашар екен деп оны лақтырып тастай алмайсыз ғой, оған көмектесесіз, үйретесіз, оқытасыз, қаржыны көбірек бөлесіз. Жақсы өндіріс те, жаман өндіріс те мемлекет үшін солай болу керек. Төмен деңгейдегі өнеркәсіпке мемлекет көмектеседі, аяғынан тұрған кезде жеке меншікке береді. Бәсекеге қосады.

Бәсекеде алдауға, заңсыздық жасауға болмайды, әділетті болу керек. Әділетсіз бәсеке болса, экономикада прогресс болмайды. Әділетсіз бәсекеде «жүзден жүйрік шықпайды», тек орташасы ғана көрінеді, орташасы жоғары шығады, мыңнан шығатын тұлпарды көрмейсіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Бәсеке деген не?

2. Бәсекенің қандай жақтары бар?

3. Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе?

4. Бәсеке өркениетті қоғамда қандай болу керек?

5. Әділетті бәсеке деген не?

6. Әділетсіз бәсеке деген не?

7. Әділетті бәсеке мемлекет үшін керек пе? Пайдасы бар ма?

8. Экономикадағы прогресс, жақсы, сапалы, әлемдік деңгейдегі сапалы өнім көзі не?

9. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» қандай бәсекеде көрінеді?

10. Ғылымдағы, өнердегі бәсеке неге жеткізеді?

Мәтін

Нарықтық экономиканы ілгері жеткізетін күш – бәсекелестік, екінші – істеген іске, оның нәтижесіне жауапкершілік. Жауапкершілік – меншікпен келеді.

Нарық бәсекелестігі – заңдылық, ол меншік иелері мен мемлекеттер арасында бірдей. Оған пара өтіп, ұят жүрмейді, аяушылықты білмейді, қабілет пен іскерлікке ғана жүгінетін қатынас.

Бәсеке - өзара жарыс, бір-бірінен озу сайысы, жақсы өнім сайысы.

1-тапсырма. Шағын мәтіннің идеясы не?

2-тапсырма.

1. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, жоспар құрыңыз.

2. Мәтінге қатысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазыңыздар.

3. Сұхбат құру үшін сұрақ дайындаңыздар.

4. Мәтінді әңгімелеңіздер.

5. Мәтінге қандай мақал айтылады, мағынасын талдаңыздар.

3-тапсырма. Берілген сұхбаттан экономикалық терминдерді, бәсекеге қатысты сөйлемдерді табыңыз.