Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

3) Жарнама қызықтары:

Американдық рынок қызметкері жыл сайын жарнамаға 61 млрд. Доллардан артық жұмсайды.

Жарнамаға ең көп шығын жұмсайтындар дәрі-дәрмек препараттарымен, туалеттік бұйымдармен, косметикамен жұмыс істейтін жарнама берушілер. Онан кейінгі орында тұрғандар – сағыз, кондитерлік бұйымдар мен сабын сатып алуды насихаттайтын жарнама берушілер. Жарнамаға жұмсаған шығыны жағынан американдық «Ноксэла» корпорациясы – сатудан түскен соманың 22,2 % жарнамаға жұмсау арқылы рекордтық көрсеткішке ие!

(Ф.Котляр. Маркетинг негіздері)

1-тапсырма.

а) Жоғарыда берілген жарнама туралы анықтамаларды оқи отырып, жарнама белгісін атаңыз.

ә) Джек Лононның қай шығармасында жарнама бар? Қалай берілген? Әңгімелеңіз. (Үйде қайталап оқыңыз).

2-тапсырма. Жарнама сөзімен тіркесіп келетін сөздерге назар аударыңыз. Олармен сөйлем құрастырыңыз.

1. ненің жарнамасы?

тауар жарнамасы

қызмет жарнамасы

2. жарнама мақсаты

жарнама міндеті

жарнама құны

жарнама әсері

жарнама шығыны

жарнама бюджеті

3-тапсырма.

а) Газеттерден жарнамаға мысалдар келтіріңіз.

ә) Теледидардағы жарнамаларға қалай қарайсыз?

4-тапсырма.

а) Қазақ ауыз әдебиетінен жарнамаға мысалдар келтіріңіз.

ә) Ауыз әдебиеттерінде ат жарысын жарнамалау, күреске шығатын палуандарды жарнамалау кездесе ме? (әңгімелеңіз)

5-тапсырма. Қала көшелерінен жарнама байқайсыз ба? Қандай жарнамалар?

6-тапсырма. Газетке жарнама беріңіз.

Үлгі: Сұхбатпен танысыңыз. (Болат Дүйсебаев «Заман Қазақстан» газетінің жарнама бөлімінің меңгерушісіне телефон соғады).

Болат: Алло! Сәлематсыз ба? Нұрбол Сәлімұлын телефонға бола ма?

Нұрбол: Иә, тыңдап тұрмын.

Болат: Сәлематсыз ба, Нұрбол Сәлімұлы?

Нұрбол: Сәлемат.

Болат: Нұрбол Сәлімұлы, сізді мазалап тұрған «Керемет» фирмасының президенті Болат Дүйсебаев.

Нұрбол: Өте жақсы, Болат мырза, сізді тыңдап тұрмын. Қандай мәселеңіз бар?

Болат: Бізге жарнама беру керек еді. Сіздің жарнама агенттіктеріңіз туралы және жарнама берудегі шарттарыңызды білгім келеді.

Нұрбол: Иә, біздің газет үнемі жарнама жариялап тұрады. Тиражы жоғары, халық көп оқиды.

Болат: Газет аптасына неше рет шығады?

Нұрбол: Бір рет.

Болат: Нұрбол Сәлімұлы, сіздердің бағаларыңыз қандай?

Нұрбол: Ол жарнаманың көлеміне байланысты.

Болат: Төлем түрі қандай?

Нұрбол: Қолма-қол төлесеңіз де, қолма-қол емес есеп айырысамыз десеңіз де болады. Негізінде клиенттер бізге төлем тапсырмасын (платежное поручение) көрсетеді. Бірақ жарнама берушілер бізбен ұзақ мерзімге бірлесіп жұмыс істейтін болса. Біз олардың төлем қабілетіне сенеміз, бізге олардың кепілдеме хаты (гарантийное письмо) да жарайды.

Болат: Жарнама мәтінін сіздің агентіңізге әкелу керек пе?

Нұрбол: Міндетті түрде емес, почтамен немесе факспен жіберуіңізге болады.

Болат: Біздің жарнамамыз қашан жарияланады? Біз алдағы нөмірлерден көргіміз келеді.

Нұрбол: Онда жарнаманы бағалау жылдамдатылғаны үшін көтеріледі.

Болат: Ал егер жарнаманы бірнеше рет қайталап бергіміз келсе?

Нұрбол: Мұндай жағдайда шегерме (скидка) жасаймыз.

Болат: Өте жақсы. Маған сіздердің есеп айырысу шотесебін және факсыңызды беріңіз.

Нұрбол: Жақсы жазып алыңыз.

Болат: Жазып алдым. Рахмет. Сау болыңыз.

Нұрбол: Көмектесуге әзірміз. Сау болыңыз.

7-тапсырма. Төмендегі сұхбат-әңгімемен танысыңыз.

- Сәуле, келешек туралы әңгімелесейік. Сен жеке бір ісім болса ғой деуші едің ғой. Ол не?

- Мен дүкені бар, мейрамханасы бар ірі қонақ үйлердің қожасы болғым келеді. Неге тек қана қонақ үйлердің дейсің ғой. Мүмкін мен адамдармен әңгімелесуді жақсы көретіндігімнен болар... Білмеймін, мен өзімді қонақ үйдің немесе дүкеннің иесіндей көремін. Пайданың үлкен бөлігін жинауға (қорға) бөлемін, өнеркәсіптердің акцияларын сатып аламын, барлық елдерде қонақ үйлерім болса, өте жақсы болар еді, мен өз бағамды қойып, үлкен табыстар алар едім.

- Сәуле, сен жекешелендіру дегенді, әрине, білесің. Елдің барлық азаматтарына мемлекеттік өнеркәсіпті тегін таратып беруге қалай қарайсың?

- Бір жақты қарамаймын. Сөзсіз мен кез-келген сыйлықтан тартынбас едім, әйтсе де экономикамен айналысатын адам ретінде біздің жағдайымызда мұндай эксперименттердің тауармен қамтамасыз етілмеген жаңа ақшаның пайда болуына әкеліп сағотынын жақсы түсінемін. Демек, біздің барлығымызды да алдағы уақытта бағаның шарықтап өсуі күтіп тұр деген сөз.

- Мәселен, сенің қарамағыңдағы адамдардың бірі аяқ астынан жасырын миллионер болып шыға келіп, саған мұра қалдырды делік, сен бұл ақшаларды не істер едің?

- Азық-түлік дүкенін сатып алар едім. Азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұратын адамдарды іздей бастар едім. Мәселен, Қиыр Шығыстан – балық, Украинадан – жарма, көкөніс, жеміс әкелер едім. Шарап-арақ өнімдерін сатудан аса тиімді пайда түсер еді.

- Ал сенің Алматыға азық-түлік жеткізіп беру туралы шарт жасасуың үшін пара беруіңе тура келмес пе еді?

- Сен мұндай экономикалық категорияны білесің бе?

- Білемін. Беруіме тура келер еді.

- Сен бағаны қалай белгілер едің?

- Шығындарды жабатындай және пайда түсетіндей етіп белгілер едім. Сондай-ақ сұранысты қадағалап отырар едім. Мәселен, бүгін бір нәрсені таласып-тармасып алып жатса, онда бағаны да көтеруге болады деген сөз.

- Жарайды ендеше, саған мынадай бір мәселе қояйын. Сен балық сатып алып тұрсың делік. Бір кг балыққа 200 теңге шығын шығардың делік. Сен оның бағасын 230 теңге деп белгіледің, алайда балығыңды ешкім де алмайды. Сонда не істер едің?

- Бағасын 220 теңгеге дейін төмендетемін.

- Сонда да алмады делік.

- 210 теңгеге, тіпті, мейлі тым құрыса, шығынды өтеу үшін 200 теңгеге дейін төмендетемін.

- Тіпті, 200-ден де алмаса ше?

- Мен бұлайша сатпаймын. Алдымен балыққа сұраныс бар ма, жоқ па, соны біліп аламын ғой, сонан соң барып Қиыр Шығыстан барып әкелемін.

- Сен қажеттілікті дұрыс бағаламадың, қателестің делік. Сонда не істейсің?

- Өте арзан бағаға сатамын. Сәуле ойланып қалды. Балықты тым арзанға сату, әрине, оны аса қуанта қойған жоқ. Аз-кем ойланып тұрып, ол қайтадан сенімді түрде:

- Жарнама бар емес пе? Мен балыққа жақсылап жарнама беремін. Міне сонда оны сатып ала бастайды. Немесе оның мынадай жолы да бар. Мен теледидарды шақырамын да, әлгі балығымды тегін тарата бастаймын. Сөйтіп балықтан зиян шегуім мүмкін, әйтсе де жарнама мықты болмай ма?

- Жарайды, Сәуле, енді бір жағдайды қарастырып көрелік. Сен кешкісін сейілдеп жүріп, өзіңнің сатушыларыңның біреуі дүкеніңнің артқы есігінен балық ұрлап бара жатқанын көрдің екен делік.

- Ол сатушы ертеңнен бастап жұмыс істемейтін болады.

- Ал оно кейінгі күні бүрсігүні де сол есіктен екінші бір сатушы әйелді ұстап алсаң не істейсің?

- Жалпы мұндай жағдайда барлық жұмысшылар мүшесі болып табылатын акционерлік қоғам құрған дұрыс болып табылар еді. Олар өзінікін өзі ұрламайды ғой (Газет беттерінен).

Мәтінге тапсырма.

а) Сұхбатта қандай экономикалық ұғымдар сөз болады? Жеке-жеке талдаңыз.

ә) Осыған ұқсас сұхбат құрастырыңыздар.

б) Сұхбатта Сәуле жарнаманы қалай бермекші?