Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать
  1. Сөйлемдерді мәтін мазмұнына сәйкес аяқтаңыз.

Егер өнімдер мен қызметке сұраныс болса, ............

Егер сұраныс ұсыныстан қалып қойса,....

Егер баға сатып алушылар үшін бір тауарға қызметке төлеуге дайын бағадан жоғары болса, ...........

Егер өнеркәсіп бір адамға тиесілі ( принадлежит одному человеку) болса, ...........

Егер басқа адамдар да өнеркәсіпті дамытуға үлестерін қосса, ........

  1. Есімшенің анықтауыш қызметінде жұмсалуы

  • Есімшелі анықтауыштарға сұрақ қойыңыз.

Інім оқитын университетке келдім. Бақта бұрын мен білмейтін гүлдер өсіп тұр. Залда кеше мен оқыған романның авторы сөйлеп тұр. Біз оқитын университет қаланың орталығында. Мектеп бітірген күнді ұмытпаймыз. Мені күтіп тұрған машинаға жақындадым. Астанадан келген досым хабарласты. Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар.

  • Мәтін мазмұнында берілген есімшелі сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыз, сөйлем құрастырыңыздар.

Пайда әкелмейтін ұйымдар, өнеркәсіп айналысқысы келмейтін немесе айналыса алмайтын қызметтер, заттың қауіпсіздігін қадағалайтын топ, қоршаған орта, ерікті түрде берген қаржылар, қайырымдылық қорында жұмыс істейтін адамдар, өнім жеткілікті мөлшерде ұсынылмаған жағдай.

Оқылым

мәтінді оқыңыз.

Қайырымдылық пен «ақылы емес» ұғымы туралы

Адамдардың ақысыз сыйға берген заттары туралы не айтар едіңіз? Осы заттардың белгіленген бағасы жоқ. Олар ақысыз ба? Сіз не берсеңіз де бәрі де бір нәрсе тұрады.( чего – то стоит) тіпті, осы заттың белгілі бағасы болмаса да олар ақысыз емес.

Егер сіз қайыр тілеп тұрғанға ( нищему) елу немесе жүз теңге берсеңіз, оның құны - осы теңге үшін кеткен сіздің еңбегіңіз. Ал қайыр тілеушінің төлеген бағасы - оның осыны жинауға кеткен уақыты.

Егер сіз мың теңге тауып алып, оны берсеңіз де оның құны бар.Оның құны - оны жоғалтып алғанға дейін осы ақшаға біреу жұмыс істеді.

Егер сіз көп ақша жинап, оны біреуге жай бере салсаңыз, олар осы адамдар үшін ақылы емес болады, сіз үшін емес. Сіз осы теңгелер үшін күшіңізді, уақытыңызды жұмсадыңыз.

Бәрінің құны бар

Ақысыз білім беру жүйесі бар. Мемлекеттік мектепте оқығаныңыз үшін ештеңе төлемейсіз. Ол сіз үшін ақысыз. Бірақ оның құны бар, біреу оны төлеу керек.

Сіздердің тегін оқуларыңыз ата - аналардан ұсталып жатқан салықтар арқылы төленеді. Олар және басқа салық төлеушілер « ақысыз» білім үшін төлейді. Мектеп жасындағы балалары жоқтар да барлық шығындардың негізгі бөлігін төлейді.

Бизнес те « ақысыз» білімнің бір бөлігін төлейді. Бизнестегі сияқты қайырымдылық та табыс әкеледі. Қайырымдылықпен айналысатын адамдар біздің жұмысымыз марапатталады деп айтады. Олар басқа адамдарға көмектесе отырып, өзгенің қуанғанын, риза болғанын сезінеді. Бұны ешқандай ақшамен өлшей алмайсыз.

  1. Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.

  2. Қандай қайырымдылық қорлары туралы білесіз?

  3. Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындаңыз:

    • мәтіндегі басты ақпарат не?

    • аса маңызды деп санаған ақпаратты атаңыз;

    • мәтіндегі негізгі ақпаратқа сұрақ қойыңыз;

    • мәтін мазмұнына өз пікір, көзқарасыңызды білдіріңіз.