Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Күлейік, демалайық

Біреу Қожанасырдан сұрапты:

- Қожеке, неге бұл күнде адамдар көбіне бір жарым ставкамен жұмыс істейді?

- Егер бір ставкамен істесе жеуге жетпейді, егер екі ставкамен істесе жеуге уақыты жетпейді.

Даналар сөзін тыңдайық

Сараң-пайғамбардың жиені болса да пейішке бармайды.

Әлішер Науаи.

Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды.

Ахмед Юнаки.

Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды.

Жүсіп Баласағұни.

Сараңдық – барлық жаманшылықтың өсіп-өнетін тамыры.

Д.Чосер.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

ақша жұмсау – расходовать деньги

ақылдасу – советоваться

айналысу – заниматься, заняться

айқындау – вскрывать, выяснить, уточнить

ар – совесть, стыд, честь, самолюбие

бөліспеу – не делиться

гүлдену – завести, процветать

даңғойлану – тщеславиться

дүние-мүлік – имущество, вещи

ерік – воля, свобода

ешқашан – никогда

жайлау – джайляу, пастбище

жомарт – щедрый, благородный

жұмсау – затрата, расход

жылауық – нытик

қатарынан – подряд

қору – охранять, ограждать

қорғаушы – защитник

қуат – сила, энергия

құл – невольник, раб

мақтану – похвала, похвалиться, похвастаться

мал – скот

мүдде – желание, цель, интерес

надандық – неграмотность, невежество

сауу – доить, подоить

сараң – жадный, скупой

сою – резать что либо живое

сылтау – повод, предлог

тас – камень

табанды – упорный, настойчивый

тәуекелдік – рискованность

түгел – весь, целиком

ұғым – понятие, понимание

үнемшілдік – экономность

үлес – доля

ынталы – прилежный, усердный, инициативный.

Он сегізінші сабақ

ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ

Қарт Нумизматтың әңгімесі

1. мәтінді оқыңыз.

Лев Григоревич балалардың тауып әкелген тиындарына, қағаз ақшаларына қарай отырып, өзіне жақын, түсінікті нумизматтық әлеміне тереңдей отырып, былай деді: Бұл - экономика тарихы. Мұнда әр түрлі дәуір, әр түрлі елдер, әр түрлі формация тарихы бар.

  • Айтыңызшы, сіз тек қана монеталар туралы ғана білесіз бе?

  • Әрине, тек қана монеталар туралы емес, тағы не білгің келіп еді?

  • Экономика туралы көбірек білгім келіп еді, оқулықтардан қарап едім, түсінуге қиындау болды. Сіздің өте қарапайым, қызықты мысалдармен түсіндіргеніңіз ұнайды.

  • Жарайды, айтып көрейік. Экономикалық ұғымдардан ( оларды экономикалық термин деп те атайды) бастап көрелік.

Бірінші термин – натуралды шаруашылық. Адамдардың өзіне қажеттілердің бәрін өздері өндірді және ешқандай айырбас, сауда болмайды. Шаруашылықтың бұл түрі өте ерте кезде болған. Әр тайпа өз күнін өзі көрген.

  • Онда бұл термин ескірген ғой. Шаруашылықтың бұл түрі жоқ қой.

  • Жоқ Андрей, бізге жақын дәуірлерде де (17, 18, 19 - ғасырларда да) шаруашылықтың бұл түрі болған.

  • Менің әжем саяжайда натуралды шаруашылығымыз бар деп жиі айтады. Себебі біз өз еңбегімізбен өсірген өнімдерді жейміз. Енді маған түсінікті, ғылыми тұрғыдан қарағанда әжемдікі дұрыс емес: біз электрді, газды пайдаланамыз, ет өнімдерін, тұз, қант... пайдаланамыз.

  • Иә - иә, конфет, балмұздақ жейтініңді де ұмыт па, тәті жегіш!

  • Андрей, сенікі дұрыс. Әрине, саяжайдағыларың натуралды шаруашылық емес. Ал сен, Юля, әдеби кейіпкерлердің қайсысы натуралдық шаруашылық жүргізді, ойланшы?

  • Мен мұны айтқым келіп отырған: Робинзон Крузо натуралды шарушылық жүргізген.

  • Дұрыс. Енді талдайық. Неге натуралды шаруашылық басқа экономикалық амалдармен алмасты? Біздің саяхатымызды естеріңе түсіріңдер: тайпалар өзара бір бірімен алмаса бастады ,себебі бір тайпа аң шарушылығымен, енді бірі балық шаруашылығымен айналысты,, яғни еңбек бөлінісі болды. Бұл да экономикалық термин.

  • Бізде, Юля екеумізде де еңбек бөлінісі: ол менен математиканы көшіреді, ал мен орыс тілін одан көшіремін.

  • Тамаша мысал. Талдайық. Неге мұндай еңбек бөлінісіне келдіңіздер?

  • Себебі мен математиканы нашар білемін, бірақ өте сауатты жазамын, Ал Андрей кезкелген қиын есепті шығарады, бірақ қате жазады.

  • Қоғамда да осылайша өтеді: еңбек бөлінісі әр түрлі себептермен туындайды, сол себептердің ішіне қоғам мүшелерінің қабілеті, бейімі де кіреді. Мысалы, сіздер жақсы білесіздер, керемет техниканы – магнитофон, бейне магнитофон, теледидар, компьютер – бәрін Жапония өндіреді. Жапондардың мынадай ұқыптылық, орындаушылық, нақтылық сияқты ұлттық сипаттары да, – сапалы аппаратураларды өндіру үшін қажетті шарттардың бірі. Бұл да себеп. Адамдар тұратын жердің әр түрлі жағдайлары да еңбек бөлінісінің басқа себептерінің бірі болып табылады.

  • Әрине, адамдардың бірі орман маңында тұрса, екінші бірі көл жағасында тұрады, сондықтан олардың бірі аң шарушылығымен айналысты, бірі балық шаруашылығымен айналысты.

  • Шындығында, бұл солай. Енді халықаралық еңбек бөлінісінің – араб елдерінің мұнай өндіретіні, Грецияда туризм дамығаны, ал ресурстарға кедей Жапонияда ресурсты (ресурсты көп қажет ететін) саланың дамымағанын түсіндірмесе де болады. Әрине, еңбек бөлінісі елдің даму деңгейіне, тұрғындардың сауаттылығына да байланысты. Адамдар өзі үшін өмірде не бағалы соған күш жігерін арнайды. Мұны еңбек бөлінісі дейді. Бұл жүйе тамаша жұмыс істейді. Бәрін өзім істеймін дегеннің өзі, ерте ме еш пе, еңбек бөлінісінің артықшылығын түсінеді.

  • Бәрі түсінікті. Сонымен, еңбек бөлінісі қалай болды, солай адамдар саудаласа бастады.

  • Жоқ, бәрі де айырбастаудан басталды. Андрей, айтшы, сенде айырбастау деген болды ма?

  • Иә, әсіресе, бала кезде.

  • Сенің айырбастарың ылғи эквивалентті болды ма?

  • Кешіріңіз, эквивалентті айырбас дегенді мен білмеймін.

  • Мен көп түсіндірмей –ақ қояйын. Мысалы сенің бала кездегі рогаткаңды сағызға айырбастағаныңды эквивалентті десе болады. Ал, мамаңның алтын әшекейлерін ескі ойыншық пистолетке айырбастасаңыз, бұл анық эквивалентті айырбас болмағаны.

  • Түсінікті, эквивалентті дегеніміз – тең, дұрыс әділ болуы.

  • Осылайша да айтуға болады. Айырбас эквивлентті болуы үшін айырбасталатын заттың бағалылығын, пайдасын білу керек, бір ақша бірлігінде өлшемі болуы керек. Айырбастауға немесе сату үшін өндірілген зат тауарға айналады. ( О. И. Меншикова, Т.Л. Попова, Л. В. Кнышева « Экономика большим и маленьким» кітабынан.)

  1. Берілген сөздердің қарсы мағнадағы сыңарын табыңыз.

Қымбат - ........; көтерме сауда - .......; табыс - ....., пайда - ...; сатушы - ... тұтынушы -....

3. Мәтінге қатысты мына тапсырмаларды орындаңыз:

5. Мәтіннің басында, ортасында, соңында берілген негізгі ойды табыңыз;

6. Оқыған мәтін бойынша қорытынды жазыңыз;

7. Мәтін мазмұнында берілген қызықтырақ мәселені атаңыз;

8. Мәтін мазмұны бойынша сызбалар( диаграмма, семантикалық карта) жасаңыз;

4. Мәтінге қатысты өздік жұмысты орындаңыз:

  • мәтіндегі басты ақпарат не?

  • аса маңызды деп санаған ақпаратты атаңыз;

  • мәтіндегі негізгі ақпаратқа сұрақ қойыңыз;

  • мәтін мазмұнына өз пікір, көзқарасыңызды білдіріңіз.

  • Әр абзацты бір тақырыпшамен атаңыз.

  1. Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.

6. Бірнеше елдің ақша бірліктерін сипаттаңыз.

7. Мәтінде берілген экономикалық терминдер бойынша семантикалық карта жасаңыз.