Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Жиырма үшінші сабақ келіссөздер жүргізейік

Төменде берілген мәтіннен коммерциялық ұсыныстарды жазып алыңыз.

Біздің фирмамыз сізбен медициналық техника шығару үшін бірлескен өнеркәсіп құру туралы мәселені талқылағысы келеді.

Біз сіздердің өнеркәсіп жұмыстарыңызбен танысу үшін, сіздердің талаптарыңызды білу үшін келдік. Сондай-ақ, біз сіздермен дәрі-дәрмек жеткізу туралы шарт жасасуға дайынбыз. Кейінірек валютамен де, теңгемен де сатуға болатын бірлескен дәріхана ашуды ұсынамыз. Біз сіздермен 10 млн.доллар көлемінде ұзақ мерзімді контракт жасамақпыз. Контракт бойынша жеткізуді Халықаралық банк қаржыландырады. Сондай-ақ біздің фирма бартерлік келісім-шарт варианттарын талқылауға дайын.

бірлескен кәсіпорын - совместное предприятие (СП)

ұзақ мерзімді контракт – долгосрочный контракт

жеткізуді қаржыландыру – финансировать поставки

шарт жасасу – заключить договор

Келіссөзге қажетті сөйлемдер

1. Фирмаңызды қалай таныстырасыз?

Біздің фирмамыз 19... жылы құрылған. Фирманың құрылтайшысы ...

немен?

Фирма медицина техникасын шығарумен айналысады.

Фирманың жылдық айналымы ...

Не өндіреді?

Қандай қызмет көрсетеді?

Фирма ... өндіреді.

Фирма сатуға дәрі-дәрмек, медицина техникасын шығарады.

Фирма аурухана, емханаларға жабдықтау қызметін көрсетеді.

Фирма делдалдық, дәнекерлік қызмет көрсетеді.

Фирма медицина техникасын шығаруға, жеткізуге, жабдықтауға маманданған.

2. Өзіңіздің сапарыңыздың мақсаты туралы қалай айтасыз?

(Как сказать о цели своего визита)

Үлгі: не?

Біздің сапарымыздың мақсаты – бірлесіп жұмыс істеу.

Бірлескен өнеркәсіп ашу туралы келіссөз жүргізу.

Бірлескен дәріхана ашу туралы, бірлескен өнеркәсіп ашу туралы шартқа, келісімге, контрактіге, келіссөзге қол қою.

Біз баға мәселесін, жеткізу мәселесін талқылауға, т.б. қызметтер ұсынуға келдік.

3. Коммерциялық ұсыныстарды қалай айтуға болады?

(Как рассказать о коммерческих предложениях)

Үлгі: нені?

Фирма жеткізу мәселесін орындауға дайын.

Фирма дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар жеткізуге дайын.

Фирма өзінің өнімін ұсынады.

Фирма өзінің өнімін сатуға дайын.

Фирма дәрі-дәрмекті сатуға шығарады.

Үлгі: нені?

Фирма дәрілік шөптерді сатып алуға дайын.

Фирма бірлескен жұмыс істеу мақсатымен әріптес іздейді.

Фирма балалар аяқ киімін шығару үшін бірлескен өнеркәсіп құрмақ.

Фирма дүкен ашуды ұсынады.

Фирма мектеп салуды жоспарлайды.

Фирма түрлі қызметтер ұсынады.

4. Контрактінің (мәміленің) мазмұнын қалай сұрауға болады?

Үлгі: Қандай контракт жасағыңыз келеді?

Неге контракт жасағыңыз келеді?

Бұл контрактінің мерзімі қандай?

Сіз ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді контракт жасағыңыз келе ме?

Контрактінің көлемі қандай?

Контракті бойынша жеткізуді кім қаржыландырады?

5. Мәміленің, контрактінің түрлеру туралы қалай айтуға болады?

Үлгі: Бартерлік мәміле болуы мүмкін.

Клирингтік мәміле болуы мүмкін.

Фирма бартерлік және өтемдік (компенсациялық) мәмілелер варианттарын талқалауға дайын.

Фирма валюталық мәмілені талқылауға дайын.

Фирма бартерлік контрактыны пайдалануға дайын.

Алматыда бизнес жасауды бастағыңыз келсін делік. Сіз іскер әріптестеріңізбен келіссөз жүргізу мақсатында Алматыға келдіңіз делік. Жоғарыдағы материалдарды пайдалана отырып, өзіңіздің коммерциялық ұсыныстарыңызды айтыңыз.

(Представьте себе, что вы хотите начать бизнес в Алматы, Вы приехали в Алматы с целью переговорить с деловыми партнерами. Представьте им свои коммерческие предложения, используя материалы данного занятия).

(Коммерциялық ұсыныстағы сөйлемдер қазақ тілінде негізінен қалау райда айтылады. Қалау райды есіңізге түсіріңіз.

Сұрақтарды жауапқа байланысты табыңыз.

1. - ...?

- Біздің сапарымыздың мақсаты алматылық өнеркәсіп пен оған құрал-жабдықтар жеткізуге шарт жасасу.

2. - ...?

Біз ұзақ мерзімге шарт жасағымыз келеді.

3. - ...?

Контракт көлемі әлі талқыланады.

4. -...?

Контракт бойынша жеткізуді Халықаралық банк қаржыландырады.

5. - ...?

- Төлем (оплата) валютамен болады.

6. -...?

- Біздің фирмамыз бартерлік келісім-шартты талқылауға дайын.