Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Банктер

Қазақстанның банктік системасы мемлекеттік, коммерциялық банктерден тұрады.

Коммерциялық банктер әр түрлі банктік операциялар арқылы кредит-есептік банктік қызмет атқарады.

Коммерциялық банктер негізінен халыққа қызмет етеді. Банктер ақша, кредит, валюталық саясатты жүзеге асырады.

Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.

Сөздікке:

банк

банк жүйесі

банктік қызмет

несие - есеп қызметі

банктік операция

ақша саясаты

валюталық саясат

лицензия алу (неге) (әр банкке Ұлттық Банк лицензия береді).

І. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстан банктік жүйесі қандай?

  2. Коммерциялық банктер туралы айтыңыз.

  3. Банктер қандай саясатты жүзеге асырады.

ІІ. Сөйлемдерді оқыңыз, «операция» сөзі қандай мағыналарды береді?

  1. Хируруг керемет операция жасады.

  2. Әскерлер шабуыл операциясын жақсы өткізді.

  3. Халықаралық банк әр түрлі банктік операция жасайды.

ІІІ.Өзіңіздің сөздігімізге «операция» сөзін, сонымен қатар, сөз тіркестерін жазып қойыңыз.

операция (қандай): импорттық операция

банктік операция коммерциялық операция

биржалық операция кредит - есептік операция

валюталық операция аралық операция

сыртқы сауда операциясы тауарлық операция

сыртқы экономикалық операция қаржылық операция

ақша операциясы экспорт-импорттық операция.

ІV. Қазақстанда көптеген коммерциялық банктер жұмыс істейді. Олардың жартылық қорында ондаған миллион теңге бар. Көптеген банктер жеке адамдардан салымды қабылдайды, сондай-ақ олар өз клиенттеріне Қазақстан Жинақ банкілерінің бекіткен проценттерінен жоғарырақ төлеуге кепілдеме береді. Төлем көлемі салымның сақтау мерзімі мен оның көлеміне байланысты.

Салымдар тұтыну кәрзеңкесін зерттеу негізінде ай сайын индекстелу керек.

Сөздікке:

салымдар

кепілдеме беру (кімге? не?)

проценттер

индекстеледі

индексация

V. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Коммерциялық банктер өзінің клиенттерін қандай төлемге кепілдеме береді?

2. Коммерциялық банктер өзінің клиенттеріне қандай төлемге кепілдеме береді?

3. Төлем көлемі неге байланысты?

4. Ненің негізіне байланысты салым индекстеледі?

VІ. Сөздікке жазып алыңыз.

Қор және капитал мына сөз тіркестерінде: жарғылық қор, негізгі қор,

айналым қоры, өндіріс капиталы, ақшалай қаржы дегенмен синоним.

Қор мен капитал сөзі мағыналық жағынан сәйкес келгенімен,

сөздермен тіркесу жағынан айырмашылығы бар.

Қор және капитал сөзімен тіркесетін сөздер:

Қор Капитал

(қандай?) (қандай?)

банктік қор акционерлік капитал

валюталық қор шетелдік капитал

ақшалай қор жеке капитал

кредиттік қор банктік капитал

амортизациялық қор

(ненің қоры?) (ненің капиталы?)

еңбекақы қоры өнеркәсіп капиталы

жалақы қоры ақша капиталы

өндіріс қоры сауда капиталы

өндірісті дамыту қоры сақтандыру қоры

ынталандыру қоры

VІІ. Сөйлемдерді оқып, «қор» және «капитал» сөздерінің қолданылуын салыстырыңыз.

  1. Банктің жарғылық қорында (капиталында) 100 млн. теңге бар.

  2. Өнеркәсіптің қоры (капитал) екі есе өсті.

  3. Бірлескен өнеркәсіптің айналым қоры (капиталы) 12 млн. теңге.

  4. Бірлескен өнеркәсіпке шетелдің капиталы салынған.

  5. Фирма қызметкерлері сыйақы қорынан сыйлық алды.

  6. Өндіріс пайдасының бір бөлігі экономикалық ынталандыру қорын дамытуға кетеді.

VІІІ. Банкте. Сұхбат

Банк қызметкері мен банкке келушінің арасындағы сұхбатты оқыңыздар.

Болат мырза: – Қайырлы күн, мен сіздің банкте есеп ашқым келеді.

Ахмет мырза: – Сәлеметсіз бе, тиісті қағаздарыңызды толтырыңыз да, маған келіңіз.

Болат мырза: – Мен кейбір сұрақтарды анықтап алайын деп едім.

Ахмет мырза: – Иә, айтыңыз.

Болат мырза: – Салымның ең төменгі мөлшері қандай?

Ахмет мырза: – Салымның ең төменгі мөлшері 5 мың теңге.

Болат мырза: – Бір жылға қанша процентке кепілдеме бересіздер?

Ахмет мырза: – 25-30%-ке дейін. Бұл салым көлемі мен сақталу мерзіміне байланысты. Одан басқа сіздің салымыңыз ай сайын бағаның өсуіне байланысты индекстеледі.

Болат мырза: – Рахмет. Бұл маған тиімді.

Сөздікке:

Ашу (есеп ашу)

Салымның ең төменгі мөлшері

Бір жылға 60%- ке кепілдеме беру

ІХ. Сұхбат сөздерін пайдалана отырып, осыған ұқсас сұхбат құрыңыздар.

Х. Ұялас сөздермен таныс болыңыздар:

салу салым салушы

жұмсау күрделі қаржы жұмсау

ХІ. Салым сөздерімен тіркесетін сөздерді біліп алыңыз.

Салым (қандай?)

банк салымы қысқа мерзімді салым

атаулы салым шетел валютасымен салым

мақсатты салым ұтыс салымы

ұзақ мерзімді салым ағымдағы салым

мерзімсіз салым талап ету бойынша салым

ХІІ. Банк президентінің тілшіге берген интервьюін оқыңыз.

Тілші: – Қайырлы күн! Сіздің банк қызметіне қатысты бірнеше сұрақ беруге рұқсат етіңіз. Сіздердің коммерциялық банк теріңіздің құрылғанына көп уақыт болған жоқ. Сіздердің банк теріңіз ашық түрдегі немесе жабық түрдегі акционерлік қоғам ба?

Банк президенті: – Біздің банк ашық түрдегі акционерлік қоғам болып табылады, сондықтан қалаған адам акциямызды алып, акционер бола алады.

Тілші: – Бір акция құны қандай?

Банк президенті: – Бір акция құны 200 теңге.

Тілші: – Көпшілік сіздерге салымшы болғысы келеді. Бір жылға қанша процентке кепілдеме бересіздер.

Банк президенті: – Банк өзінің клиенттеріне бір жылға 35% кепілдеме бере алады және ол салым көлемі мен сақталу мерзіміне байланысты.

Тілші: – Банк жұртқа қандай қызмет істей алады?

Банк президенті: – Біздің елде банк практикасында бар қызметтің бәрін жасай аламыз. Бәрінен бұрын талап ету салымдарына қызмет етеміз. Жылына екі рет тиражы шығатын ұтыс салымдары бар. Жоғары процентті екі-үш жылғы салымдары бар.

Тілші: – Сіздерден валюталық есеп ашуға бола ма?

Банк президенті: – Иә, болады. Иә, банк жеке адамдарға да, кәсіпкерлерге де бере алады.

Тілші: Және соңғы сұрақ. Құнсызданудан сақтану үшін ақшаны қандай салымға салуға болады?

Банк президенті: – Ақшаны жоғары процент төлейтін ағымдарға салу керек деп ойлаймын. Әрине, бұл құнсызданудан құтқармайды, бірақ белгілі бір мөлшерде сақтануына көмектеседі.

Тілші: – Сұхбатыңыз үшін көп рахмет. Сіздің банкке табыстар тілеймін.

ХІІІ. Ашық түрдегі акционерлік қоғам, жабық түрдегі акционерлік қоғам, акцияға жазылу, проценттік ставкасы, валюталық есеп (валютный счет) кредит алу, инфляция. (Сөйлемдер құраңыз).

ХІV. Сұхбат мәтінінен жаңа терминдерді жазып алыңыз.

  1. Ашық түрдегі акционерлік қоғам мен жабық түрдегі акционерлік

қоғамның айырмашылығын айтыңыз.

  1. Банктердің қызметі туралы айтыңыз.

ХV. Мына мақалдарды қалай түсінесіз?

  1. Алаған қолым береген.

  2. Оң қолыңмен алсаң, сол қолыңмен бер.

Орыс тіліндегі және басқа тілдегі осы мақалдардың эквивалентін табыңыз.

ХVІ. Мына сұрақтарға жауап табыңыз.

  1. Қаржы жиналатын, ссуда беретін, ақша есебін жүргізетін мекеме.

  2. Акционерлік қоғам капиталына иемденуші екендігіне куәлік

білдіретін құнды қағаз.

  1. Белгілі шартпен банкке сақтауға берілетін ақша сомасы.

  2. Пайда табу үшін ақша мен тауар айналымы.

  3. Айналымдағы қағаз ақшаның құнсыздануы.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТЕР

1. Ұлттық банк 7. Казкоммерцбанк

2. Халықтық банк 8. Орталық банк

3. Әлембанк 9. Құрылысүйі банк

4. Санұр банк 10. Сауда банк

5. Тұран банк 11. Алтын дән банк

6. Темір банк 12. Альфа банк.

1-тапсырма.

а) Тағы қандай банктер бар, толықтырыңыз.

ә) Қай банк шаруашылықтың қандай түрімен байланысты?

Үлгі: Темірбанк. Темірбанк – теміржол шаруашылығымен байланысты. Темірбанк – теміржолдарды дамытуға арналған коммерциялық банк.

Банк қызметінің негізгі көрсеткіштері

– Банктің жарғылық капиталы қандай?

– Банктің жарғылық капиталы – 2 млрд. теңге.

ж арғылық

т іркелген

т өленген

ж арияланған капитал

резервтік

айналымдық

акционерлік

2-тапсырма. Сұхбат жүргіңіз. Банктің жарғылық қоры туралы сұраңыз. Және ол туралы ақпарат беріңіз.

Үлгі:

– Халықтық банктің жарғылық капиталы қандай?

– Халықтық банктің тіркелген жарғылық капиталы – 20 млрд. теңге.

– Осы жылдың наурызындағы кредиті қандай?

– Осы жылдың наурызында – 2 млрд. теңге.

– Пайдасы қандай?

– Пайдасы – 40 млн. теңге.

– Шығындары қандай?

– Шығыны – 60 млн. теңге.

(цифрлар шартты түрде алынды)

3-тапсырма. Қазақстандағы банк қызметінің көрсеткіштерімен таныса отырып, мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Банктің төлем капиталы қандай?

  2. Банктің осы жылдың басындағы табысы қандай?

  3. Осы жылы банктің табысы мен шығыны қандай?

  4. Осы жылдың наурызында кредиті қандай?

Банктің клиенттері кімдер?

1) заңды тұлға 2) өнеркәсіп

Жеке тұлға мекеме

Жеке адам ұйым

3) мемлекеттік сектордың өнеркәсібі, мемлекеттік емес сектордың өнеркәсібі, альтернативті экономика секторының өнеркәсібі, инициативті экономика секторының өнеркәсібі жеке меншіктегі барлық өнеркәсіп түрі.

4-тапсырма. Банктің клиенттері туралы шағын сұхбат құрыңыз.

Үлгі: – Сіздің банктің клиенттері – заңды тұлға да клиент бола алады.

  1. Халықаралық банктің клиенттері – заңды тұлғалар.

  2. Әлембанктің клиенттері – ірі кәсіпорындар, компаниялар, ғылыми

өндірістік бірлестіктер, сондай-ақ заңды тұлғалар.

  1. Казкоммерцбанктің клиенттері – бірлескен өнеркәсіптер, ірі

фирмалар, орман шаруашылығы компаниялары.

  1. Олардың банктің клиенттерінің негізгілері – мемлекеттік сектордың

өнеркәсіптері.

  1. Сонарбанктің клиенттері баламалы экономика секторының

өнеркәсіптері.

  1. Ұлттық банкке – жеке тұлғалар клиент бола алады.

Банктің филиалдары бар ма?

филиалдар

Банк басқа қалалардан бөлімдер ашады

өкілдік

Банк торабын құрды.

5-тапсырма.

1. Банктің филиалдары туралы сұхбат құрыңыз.

Үлгі: – Ұлттық банктің басқа қалалардан өкілдігі бар ма?

– Қандай қалаларда филиалдары бар?

– Қанша филиалы бар?

– Ұлттық банктің басқа мемлекеттерде 1 филиалы бар.

– Ұлттық банктің басқа облыста филиалы бар.

2. Банктің басқа банктермен байланысы қандай?

1. Басқа банктермен корреспонденттік байланыста болу.

2. Басқа банктермен корреспонденттік қатынас орнату.

3. Басқа банктерде корреспонденттік есеп ашу.

4. Басқа банктерде корреспонденттік есебі бар.

(иметь корреспондентские связи с другими банками.

Иметь (открыть) корреспондентские счета в дургих банках).

Біздің банктің басқа елдердің 20 банкімен корреспонденттік байланысы бар.

қанша? – қаншауымен?

бір банк – бір банкпен

екі банк – екі банкпен

үш –

төрт –

он –

елу –

бірнеше – бірнешеуімен

көп – көптеген

6-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап жазыңыз.

Үлгі: Қазкоммерцбанктің корреспонденттік есебі Ресейде, Америкада, Лондонда бар.

  1. Сіздің банктің корреспонденттік байланысы қандай?

  2. Сіздің банктің басқа банктермен корреспонденттік қатынасы бар ма?

  3. Сіздің банктің шетелдік банктермен корреспонденттік қатынасы бар ма?

  4. Сіздің банктің шет елде және елде қанша корреспондент банктері бар?

  5. Сіздің банктің қандай банктермен корреспонденттік қатынасы бар?

  6. Сіздің банктің басқа банктермен корреспонденттік есебі бар ма?

  7. Сіздің банктің қандай банктерде корреспонденттік есебі бар?

7- тапсырма. Сұхбат құрыңыз, банктердің корреспонденттік байланысы туралы ақпарат айтыңыз және сұраңыз.

1. «Еуразия» банкі – Европаның танымал банктерімен және АҚШ-тың негізгі банктермен...

2. Халықаралық Мәскеу банкі – ТМД елдерінің территориясындағы 80-нен астам банкпен, әлемнің 43 еліндегі 220 банкпен...

3. Тұранбанк Алматыда 3 банкпен, Европада бірнеше банкпен...

8-тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Банк проводит активную внешнеэкономическую политику.

Банком установлены корреспондентские отношения с ведущими банками США, Франция, Швеции, Испания, Австрии.

Банк успешно работает с частными клиентами.

В короткий срок банк выдвинулся в число лидеров.

Банктер қандай қызмет жасайды.

Коммерциялық:

– өнеркәсіппен ұйымдарға есеп-кассалық қызмет көрсетеді.

– азаматтар мен заңды тұлғаларға несие береді.

– ұйымдар мен жеке адамдардан салымдар қабылдайды.

– банктік қызмет мәселелері бойынша салымдар қабылдайды.

дәстүрлі банк қызметін ұсынады

Банк

банктік қызметтің барлық түрін орындайды.

9-тапсырма. Мына мәтінді алдыңғы мәтінмен салыстыра отырып банк қызметтің жаңа ақпаратын айтыңыз.

– «Халықтық» банк мекемелер мен өнеркәсіптерге кассалық есеп

қызметін көрсетеді;

– Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға кредиттің барлық түріне қызмет жасайды;

– Өнеркәсіптерге есеп ашуға және жүргізуге қызмет етеді;

– Ұйымдардан және тұрғындардан салымдар қабылдайды;

– Құнды заттарды сақтауға қызмет етеді;

– Банк жұмысының барлық мәселелері бойынша (акционерлік, инвестициялық т.б.) кеңес береді.

10- тапсырма. Банк қызметі туралы ақпараттың берілуін салыстырыңыз.

Банк ұсынады Банк

– Банк есеп ашуды және – есеп ашады және жүргізеді.

есеп жүргізуді ұсынады – тұрғындардан салым

– тұрғындардан салым қабылдайды.

қабылдауды ұсынады. – халықаралық есепті орындайды.

– валюта сатып алуды – валюта сатады және сатып алады.

және алуды ұсынады.

– бағалы заттарды – бағалы заттарды сақтайды.

сақтау ұсынады.

– банк қызмет туралы – банктік заттарды сақтайды

кеңес беруді ұсынады.

Банктер қандай құнды қағаз шығарады және сатады

Банк акция – шығарады, сатады.

11-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мәтіннің соңында берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Әлембанк – акционерлік банк. 300 млн. теңгеге бірінші шығарылған акциясы туралы түгелдей сатылды. Акционерлер жиналысы тағы да 200 млн. теңгеге акция шығаруға шешім қабылдады.

Сұрақтар: 1. Әлембанк неге акционерлік банк деп аталады?

2. Сіздің пікіріңізше кімдерді акционерлер деп атайды?

сатады

Банк акция таратады

өткізеді

сатуға кірісті

Банк акция таратуға кірісті

өткізуге кірісті

12-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты жолдастарыңызға айтыңыз.

Әлембанк өнеркәсіпке және жеке адамдарға акция сатады. Бір акцияның номинальды бағасы – 100 теңге. Сатылу Алматы, Ақмола, Тараз, Шымкент қалаларында жүреді.

Санорбанк заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға жай акция мен артықшылықты акция сатуға кірісті. Жай акция құны – 100 теңге, артықшылықты акция құны – 100 теңге жылдық дивидент – 20%7

13-тапсырма. Акция сату туралы ақпарат айтыңыз.

Үлгі: Тұранбанк екінші шығарылым акцияларын сатуды жүзеге асырады. Тұранбанк екінші шығарылымы акцияларын сатуды бастады. Тұранбанк екінші шығарылымы акцияларын сатуға кірісті. Шетелден келген адам Тұранбанктің акцияларын сатып ала бастады.

  1. Әлембанк валюталық акция сатады.

  2. Орталық банк қосымша шығарылымдағы жай акцияларды сатуды жүзеге асырады.

  3. Халықтық банк жай акция сатады.

  4. Темірбанк екінші шығарымдағы акция сатуға кірісті.

14-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, екінші адамға жай акция мен артықшылықты акцияның айырмашылығын түсіндіріңіз.

Халықтық банк акцияның екі түрін шығарады: жай және артықшылықты.

Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға, банк қызметіне қатысуға құқық береді. Бір акция мәселелерді шешу кезінде бір дауысқа не, бір дивиденд процентін анықтамайды.

Артықшылықты акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд береді және пайданы болу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылықтарға ие бола алады.

Артықшылықты акция пайдаға қарамастан дивиденд алады.

15-тапсырма. Жай акция, артықшылықты акция терминдерін пайдалана отырып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. ...акция иелері ертерек белгіленген процент бойынша дивидендтерін алады.

2. ...акция иелері банк табысына байланысты дивиденд алады.

3. Банк табысының бірінші кезекте ... акция ұстаушыларға дивиденд төленеді, содан кейін қалған сома ... акция ұстаушыларға бөлінеді.

4. Ережедегідей ... акция ұстаушылардың акционерлік банк ісіне қатысуға құқығы жоқ.

5. ...акция ұстаушылардың банк ісіне қатысуға құқығы бар.

16-тапсырма. Шағын сұхбат құрыңыз:

Үлгі: 1) – Халықтық банктің акцияларына жазылу хабарланды ма?

– Иә, Халықтық банк өзінің акцияларына жазылудың басталғанын жазылу жүріп жатыр ма?

– Қаздорбанк акцияларына жазылу жүріп жатыр ма?

– Иә, Қаздорбанк акцияларына жазылу жүріп жатыр ма?

– Биржада Техсақабанктің акцияларын сата ма?

– Иә, сатады.

17-тапсырма. Мәтінді оқып, акцияның бастапқы бағасы мен бағамдық бағасының айырмашылығын әңгімелеңіз.

Құрылыс үйі банкі – ашық түрдегі акционерлік қоғам. 10 млн. теңгеге акцияның екінші шығарылымын дайындап жатыр. Олардың 500 мың теңгелік акциясы еркін сатылуға жіберіледі. Акция құны – 100 теңгеден. Акцияның бірінші сатылымы – бастапқы бағасымен сатылады. Екінші сатылымы бағамдық құнмен, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді.

18-тапсырма. Мәтінді оқып «атаулы» акция туралы әңгімелеңіздер.

Атаулы акциялар дегеніміз – олардың иелері міндетті түрде корпорация тіркемесінде тіркелуге тиісті акциялар. Акционерлер кітабында сатып алған акцияларының уақыты мен саны көрсетіліп, тиісті жазба жасалған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі оларды сатып алған кезінде компаниядан барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екенін куәландыратын бір ғана сертификат алады.

Банк неге кепілдік береді?

Банк клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге кепілдік береді.

Кімге кепілдік Неге кепілдік береді?

– клиенттерге – кең ауқымды банк қызметтеріне

– салымшыларға – банк кешенді көрсетуіне

– акционерлерге – есеп айырысудың тиімді

– жарнашыларға шарттарына

– халыққа – шектеусіз несиелерге салымдар

– тұрғындарға бойынша аса жоғары пайызға

– кәсіпорындарға пайыздарды дер кезінде төлеуге

– мекемелерге – білікті консультациялар беруге

– ұйымдарға – операцияларды дер кезінде

– заңды, жеке, жеке меншік жүргізуге

– тұлғаларға – батыс банктері деңгейінде

сервистік қызмет көрсетуге

– салымдардың сенімділігіне

– есеп айырысулардың тезді-

гіне және нақтылығына

– қолма-қол валюта сатып алуға

19-тапсырма. Газеттегі жарнамаға назар аударыңыз. Банк қандай қызметтер ұсынады.

КАЗКРЕДСОЦБАНК

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сіздер өздеріңіздің капиталдарыңызды молайта түсуге қалайсыздар ма?

Жан-жақты маман кадрлардан банк қызметі туралы білікті кеңес алғыларыңыз келе ме?

Онда КСБ есеп-шотының менеджерлері сіздерге қызмет етуге әрқашан әзір.

Естеріңізде болсын: сіздер біз үшін жай клиент қана емессіздер, тең құқықты әріптестерсіздер.

Біздің банктен сіздер өздеріңіздің бизнестеріңізді жақсы жолға қойып, гүлдендіре түсу үшін қажетті барлық жағдайды әрқашан таба аласыздар.

Сіздер үшін мынадай қызмет түрлері көрсетіледі:

  • депозиттердің сан алуан түрлері;

  • талап еткенге дейінгі;

  • шұғыл түрде алуға;

  • қорландыруға;

  • мектеп оқушылары мен студенттерге;

  • осы заманғы білім беруге;

  • ешқандай проблемасыз демалуға;

  • зейнеткерлерге;

  • балаларға арналған мақсатты депозиттер;

  • Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға несие беру;

  • Клиенттерге есептеу - касса қызметін көрсету;

  • Бір күн ішінде конвертация жасау;

  • Өзіңізге қолайлы мерзімде дүниежүзінің кез-келген нүктесіне қаржы аудару;

  • Қаржы аудару мен валютаны конвертациялаудың тиімді бағасы;

  • Жеңілдіктер жасаудың икемді жүйесі;

  • Нақты валюта алудың арзан тарифтері;

  • Шетелдік валюта алудың арзан тарифтері;

  • Бағалы қағаздар рыногында неғұрлым белсенді операциялар жүргізу;

  • Депозиттік сейф қызметтері;

  • Есеп-шот менеджерлерінің дербес қызмет көрсетуі.

(«ЕҚ». 1.05.1997).

20-тапсырма. Маркетингтік терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігінен үш сөздіктік мақаланы оқыңыз. «Валюта», «валюталық бағам», «валюталық курс» туралы түсінігіңізді тексеріңіз.

1. Валюта – 1. Елдің ақша бірлігі және түрлері (алтын, күміс, қағаз). 2. Шетелдік мемлекеттер халықтарының есеп айырысуда пайдаланылатын ақшалай белгісі (шетелдік валюта).

Қазіргі кезде көптеген елдерде қағаз валютаға негізделген ақша жүйесіне тән сипат. Қағаз ақшалар оны айналыс құралы және төлем құралы функцияларында алмастыратын алтын белгісі болып табылады. Жалпы ортақ эквивалентінің ролін алтын орындап келеді. Пайдалану режиміне байланысты валюта басқа шетелдік валютаға (мәселен АҚШ доллары, Герман маркасы, Француз франкі және т.б.) еркін айырбасталатын, еркін өтімді (айналыстағы) валютаға, ішінара өтімді (белгілі бір елдің валютасы тек кейбір елдің валютаға ғана айырбасталатын) және тек бір елдің шегінде ғана қолданылатын өтімсіз (тұйық) валютаға бөлінеді.

ІІ. Валюталық белгіленім – Қолданыстағы заңдық нормалар мен қалыптасқан практикаға сәйкес шетелдік валюталардың бағамдарын белгілеу. Валюталық белгілеуді (бағамдауды) мемлекеттік (ұлттық) немесе ірі коммерциялық банктер жүргізеді. Әдетте валюталық белгіленім кезінде шетелдік валютаның ақшалай бірлігінің бағамы ұлттық валюта бірлігінің әлдеқанша санымен белгіленеді.

ІІІ. Валюталық бағам – олардың өтімділік қабілеті мен басқа да факторлар арқылы (төлем балансы жағдайына, инфляция деңгейіне қысқа мерзімдік капиталдардың еларалық ауысымы арқылы) белгіленетін әр түрлі елдерінің ақша бірліктері арасындағы арақатынас.

21-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіздің елдің негізгі ақша бірлігі қалай аталады?

  2. Ұлттық валюталарыңыз еркін айырбасталымды (свободно

конвертируемая) ма, әлде ішінара (частично конвертиуемая) айырбасталымды ма, әлде айырбасталмайтын (неконвертиуемая) валюта ма?

  1. Сіздің елде басқа елдің валютасы жүре ме?

  2. Сіздің еліңіздің ұлттық валютасының бағамы АҚШ долларымен,

Ресей рублімен қатынасы қандай екенін білесіз бе?

5. Сіздің күнделікті өміріңізде, мамандығыңызға кейбір шетел валюталарының валюталық белгілеулерінің ақпараты қажет пе?

22- тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Жоғарыда көрсетілген валюталардың қайсысы, сіздің

көзқарасыңызша тұрақтырақ?

  1. Өзіңіздің ақша қаражатыңызды қандай валюта сақтағыңыз келеді?

  2. Қандай валютамен жұмыс істегіңіз келеді?

  3. Қандай валютамен мүлдем жұмыс істеп көрмедіңіз?

  4. ЭКЮ – деген не?

ЭКЮ деген не?

ЭКЮ дегеніміз – Еуропалық экономикалық қауымдастыққа

мүше елдердің валюталары жиынтығына негізделген европалық валюталық бірлік.

ЕЭҚ шеңберінде біркелкі ақша жүйесіне көшкенде ЭКЮ негізгі

валютаға айналады деген болжам бар.

23-тапсырма. Мына сұрақтарға назар аударып, дайындалыңыздар:

1) ЭКЮ – қазір қалай аталып жүр?

2) 1995 жылдың желтоқсанында Мадридте өткен Еуропалық кеңес

қандай шешім қабылдады?

3) Ортақ Еуропалық валютаны қашан айналысқа жібермекші?

4) Жаңа ақша бірлігі еуроны (евро) қабылдауға ЕО-ға мүше елдердің бәрі бірдей әзір ме?

24-тапсырма. Берілген мәтіннен экономикалық терминдерді атаңыз.

Ортақ Еуропалық Одақ елдері мынадай өлшемдерге (критерийлерге) жауап беруге тиіс:

  1. Инфляция деңгейі инфляциясы барынша төмен деңгейге мүше елдің

орташа деңгейінен 1,5%-ке төмен болуға тиіс;

  1. Мемлекеттік қарыз жалпы ұлттық өнімнің 60%-інен аз болуға тиіс;

  2. Мемлекеттік дефицит (тапшылық) жалпы ұлттық өнімнің 3%-інен аз

болуға тиіс.

  1. Ұзақ мерзімдік % -ік ставкалар инфляциясы барынша төмен үш

елдегі орташа көрсеткіштен екі бірлікке аспауға тиіс;

  1. Алғашқы шешім 1997 – жылдың аяғында жүзеге асуға тиіс.

25-тапсырма. Өзіңіз білетін валюталар тізімін жалғастырыңыз: доллар, марка, шиллинг. ...

Банкте

2. – Сәлеметсіз бе, мен кеше Германиядан келіп едім. Сіздердің банкте мен неміс маркасын теңгеге айырбастай аламын ба?

– Иә, бүгінгі күнгі бағамы бойынша бір неміс маркасы – ... теңге. (Италия, АҚШ, Англия, Швеция).

3. – Айтыңызшы, курс бойынша американдық доллар бүгінгі күндері қанша теңге?

– Бір АҚШ доллары – 74 теңге. (Кувейт, Сингапур, Канада... ?)

ІІІ. Заңды тұлғалардың банкте есеп ашуы.

(Открытие счета юридическому лицу)

Үлгі: Шағын сұхбат:

– Алло, бұл «Халықтық» банк пе?

– Иә, «Халықтық» банк, Сізді тыңдап тұрмын.

– Сізді мазалап тұрған «Қыз Жібек» акционерлік қоғамның өкілі. Айтыңызшы, біздің ұйым өзінің ақша қаражатын депозиттік салымға сала ма?

– Иә, әрине, біздің банк мұндай қызмет көрсетеді. Сіз салымды теңгемен немесе шетелдік валютамен салмақшысыз ба?

– Бізді екі жағы да қызықтырады.

– Жедел депозиттік салым банкке депозиттік салым шарты негізінде салынады. Банкке келіңіз шартты жекелеп талқылаймыз. Мынаған көңіл аударыңыз – салымның ең төменгі мөлшері – жүз мың теңге.

– Бұл ақпаратыңызға рахмет, біз жақында барамыз.

* * *

– Алло, бұл банк пе?

– Иә, сізді тыңдап тұрмын.

– Сізді мазалап тұрған (вас беспокоит) «Мерей» акционерлік қоғамның директоры. Депозиттік есеп ашу үшін біз сіздің банкті таңдап алдық. Сізге бірнеше сұрақ беруге рұқсат етіңіз.

– Иә, сұраңыз, сізді тыңдап тұрмын.

– Сіздің банкте жедел депозиттік салым бойынша пайызға төлем тәртібі мен мөлшері қандай?

– Салым өзінің тиісті пайызын тоқсан сайын немесе ай сайын алады.

– Қандай пайызға кепілдеме бересіз?

– Пайыз туралы шартта ертерек қаралады. Пайыз салымның көлемі мен мерзіміне байланысты.

– Ал шетелдегі валютамен депозиттік салымның пайызы қандай?

– Біздің банктегі шетелдік валютамен депозиттік салымның пайызды депозит бойынша әлемдік ставка деңгейінде.

– Бағалы ақпаратыңыз үшін рахмет. Біз сізбен келісуге жақын арада барамыз.

– Сізді күтеміз. Біздің ынтымақтастығымыз тиімді болатынына сенемін.

27-тапсырма. Жоғарыдағы үлгі бойынша сұхбат құрыңыздар.

Сөздікке:

акционерлік қоғам өкілі – представитель акционерного общество

ақша қаражаты – денежные средства

жедел депозиттік салым – на срочный депозитный вклад

депозиттік салым шарты – на основном договора о депозитном

вкладе

пайыздық төлем тәртібі – сумма и порядок выплаты процентов

мен мөлшері – сумма и порядок выплаты процентов

әлемдік ставка деңгейінде – на уровне мировых ставок

28-тапсырма. Әр елдің ақша бірліктерін атап шығыңыз, берілген

сұрақтарға жауап жазыңыз, осы материалдарды пайдалана отырып сөзжұмбақ жасаңыз.

А) 1. Никаруга елінің ақша бірлігі. 2. Банк термині. 3. Мавритания елінің ақша бірлігі. 4. Польшаның ақша бірлігі. 5. Грецияның ақша бірлігі. 6. Қырғызстанның ақша бірілігі. 7. Тонга елінің ақша бірлігі. 8. Италияның ақша бірлігі. 9. Қытайдың ақша бірлігі. 10. Исландияның ақша бірлігі. 11. Қай елдің ақша бірлігі өзінің елімен аттас? 12. Ақша қайда сақталады? 13. Иранның ақша бірлігі. 14. Елдің аты? 15. Халықаралық валюта. 16. Замбияның ақша бірлігі. 17. Эфиопияның ақша бірлігі. 18. Рекламаның қазақшасы. 19. Ұлттық валюта.

Б) Бирманың ақша бірлігі. 20. Ботсвана республикасының ақша бірлігі. 21. Қымбат

металл. 22. Гватемаланың ақша бірлігі. 23. Ақшаға қатысты термин. 24. Въетнамның ақша бірлігі. 25. Банк термині. 26. Германияның ақша бірлігі. 27. Нигеряның ақша бірлігі. 28. Құнды қағаз түрі. 29. Перудің ақша бірлігі. 11. Заң термині. 31. Индия, Шриланка елдерінің ақша бірлігі. 32. Связиленд корольдігінің ақша бірлігі. 33. Жапонияның ақша бірлігі. 34. Жалға беруді тағы қалайша атайды? 17. Тайландтың ақша бірлігі.