Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Үшінші сабақ Уақыт алтыннан қымбат. Уақытты бағалай біл

Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері, терминдер:

Уақыт, ақшалай құн; ақшалай уақыт; мың теңге; бір тиын; кісінің кісілігі; уақытты босқа өлтірмеу; даналық; ортақ күнтізбе; ақсүйектік; тәулік; жиырма төрт сағат; демократия; уақытты бағалай білу; тектілер қатары; өзін-өзі қадағалау; еріншектік, жалқаулық; іскерлер әлемі; мәртебелі уақыт; шығын.

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз:

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.

Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек біреуі соның үш күнің орынды пайдаланады да, біреуі үш күнін қанағат тұтады.

Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат.

Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

Профессионал жазушы күніне неше бет жазатынын жоспарлап отырады, бизнес те осыған жақындаса, жаман емес.

Уақыттың көп шашылуы – шығын. Мұны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Мысалы, бір нәрсені жасау үшін, уақыт неғұрлым көп кесте, соғұрлым оның құны да қымбатқа түспек.

Үнемі кешігіп жүретін адамға бизнес әлемінде орын жоқ.

(«Қаржы - қаражат» журналынан №6, 1995 ж. 78-бет)

1- тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз.

Уақыт талабы, уақыт жоқ, уақыт тапты, уақыт өткізді, уақыт болып қалды, уақытты бағалау, уақытты пайдалану, уақыт қымбат, уақытша баға, уақытты босқа өлтірме, уақытты үнемдеу.

2- тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Уақыт деген не?

2) Әрбір өнімге эквивалент не?

3) Ақшаның эквиваленті не?

4) Бизнестің эквиваленті не болады?

5) Уақыт мемлекет үшін керек пе?

6) Мемлекет үшін уақытпен санасу керек пе?

7) Мемлекеттің байлығы кімге керек?

8) Уақытты үнемдеу деген не?

9) Уақытты үнемдеу – тек жеке адам үшін емес, мемлекет үшін де қажетті дегенді қалай түсінесіз?

10) Экономикадағы үш заңның бірі – уақытты үнемдеу заңы дегенді қалай түсінесіз?

3- тапсырма. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен жаттығыңыздар, сөйлем құраңыздар.

Уақыт, ақшалай құн, өмірлік капитал, әрбір сәт, ақшалай уақыт, кісінің кісілігі, уақытты босқа өлтірмеу, даналық, ортақ, орынды пайдаланады, қанағат тұтады, ақсүйектік, мойындамау, уақытты бағалай білу, тектілер қатары, қадағалап отыру, уақытты сезіну, бағыт белгілеу, ең жаман дерт, еріншектікті жеңу, іскерлер әлемі, ұлы мәртебелі уақыт, уақыттың шашылуы, шығын.

4- тапсырма. Уақыт туралы сұхбат құраңыз.

Үлгі: - Сіз уақыт туралы ойланып көрдіңіз бе?

- Ойланбаппын. Уақытты есіме салғандай болдыңыз. Тіпті, уақытты үнемдеу, жоспарлау деген де ойыма келмепті, өтеді де кетеді, қайырылмайды.

- Батыстың «уақыт - ақша» деген мәтелі біздің елге де келіп жатқан сияқты. Әрбір сағаттарымыздай ұқыпты пайдалана білсек, бәріміз де табысты болар едік, солай емес пе?

- Әрине, егер мен уақытымды бағалай білсем, бұл күндері көп шаруа тындырған болар едім, уақытымды үнемдеп, жаттығуға көбірек барғанымда бокстан әлем чемпионы да болар ма ем, кім біледі. Әлі де кеш емес. Бос уақыттарымды пайдалы жұмсауға тырысамын.

5- тапсырма. Мәтінді ауызша әңгімелеңіз.

А) 1, 2, 3, 4 абзацқа өз көзқарасыңызды білдіріңіз, мына конструкцияларды пайдаланыңыз:

Уақыт туралы авторлары өте дұрыс ой айтады; автордың бұл пікіріне мен толықтай қосыламын; шындығында; әрбір адам нені тиімді пайдаланғаны дұрыс; бізді автордың келтірген мына пікірлері... сендіреді (приведенный авторам пример убеждает в том, что...).

6-тапсырма. Мәтінді ауызша жазыңыз. Мына конструкцияларды пайдалана отырып, өздеріңіздің мысалдарыңызды келтіріңіздер: Уақыт дегеніміз не; адамның босқа кеткен әрбір сәті неге тең; адамның ақшалай уақыты кімге байланысты; кісінің кісілігі неде; даналық жасқа байланысты емес; елдің бәріне ортақ не; уақытты кім қалай пайдаланады; уақыт нені мойындамайды; уақыт белгіленгеннен артық не жоқ; мұндағы ақсүйектік не; тектілер қатарына кімдер қосылмақ; уақытты түсінген адам нені жеңеді.

7-тапсырма. «Уақыт – алтыннан қымбат» деген шағын шығарма жазыңыз.

8-тапсырма. Мына экономикалық терминдермен сөйлем құраңыз, экономикалық сөздікті пайдаланыңыз.

Уақытша сақтандыру рентасы, уақытша көтерме сауда бағасы, уақытша бөлшек сауда бағасы, кезекшілік уақыты, уақытша жеңілдіктер.

9-тапсырма. Уақыт туралы көзқарасыңызды айтыңыз. Мәтіннен есімдіктерді көрсетіңіз, ауыспалы осы шақта тұрған етістіктерді көрсетіңіз.

10- тапсырма. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

1) Уақыт – алтыннан қымбат, уақыт – емші.

2) Бір жылын ойлаған адам күріш егеді, он жылын ойлаған адам ағаш егеді, жүз жылын ойлаған адам ұрпақ өсіреді.

11- тапсырма. Мына мәтінді талдап, өз ойыңызбен толықтырыңыз.

Әр өндіріс өнімге әр түрлі уақыт жұмсайды. Өнімнің қоғамдық бағасы болады. Пайданы көбірек табу үшін уақытты үнемдеуге тырысасыз. 8 сағатта 4 үтік шығарасыз, бірақ оны уақыт үнемдеу арқылы 6 сағатта шығаруға болады. 2 сағат сіз үшін де, өндіріс үшін де пайда.

Алтын, күміс неге қымбат, неге ақша орнына жүреді. Ойланып көрдіңіз бе? Себебі оған өте көп еңбек, уақыт кетеді. Сондықтан ол көп затқа эквивалент бола алады. 1919 жылы Ресейдегі бір рубль – таза алтын болған. Американдық бір доллар халықаралық валютаға айналды. Қағаз ақша – алтын-күмістің өкілі сияқты.

Еңбекті немен бағалаймыз? Уақытпен бағаланады. Әр заттың құнын уақытпен өлшейміз. Ақшаның да құны – уақыт.

Экономика – бұл да уақыт. Өйткені әр өнімге уақыт керек. Әр өнімді басқа өніммен салыстырғанда кеткен уақытпен салыстырады. Ол қасиет – жұмыс, еңбек. Еңбекті қалай салыстырады – уақытпен салыстырады. Ол қасиет – жұмыс, еңбек. Еңбекті қалай салыстырады – уақытпен салыстырады. Сондықтан бұл экономика – уақыт. Күні бұрын жасаған жоспарыңыз да – уақыт.

«Уақыттан тыс болмыс бар деу де сондай зор мағынасыздық болып табылады» демекші, халықтың бүкіл тіршілігі, мәдениеті, тарихы, сол тарихтағы өзгерістер уақыттан тыс бола алмайды.

Адамзат дамуы да уақытқа байланысты. Уақыт кері жүрмейді, бір-ақ бағытта, өткен шақтан келер шаққа қарай өтеді. Қаншама тарихи өзгерістердің бәріне куә - уақыт. Сонымен «уақыт алтынды» бағалай білейік.

12- тапсырма.

1. Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.

2. Мәтінді бөлімдерге, қарапайым жоспар құрыңыз.

3. Сұрақтар құру үшін сұрақтар дайындадыңыз.

4. Мәтіннің негізгі ойы не?

13- тапсырма.

1. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркесін жазыңыздар.

2. Жоспарларыңыз бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕСІҢ?

Бос уақытыңды қалай пайдалану керек? Бір сағат уақытыңды босқа өткізуге болмайды? Кейде жігерлі және көп білетін адамдардың жаз бойы талай нәрсені тындырғанын сүйсіне тыңдауға тура келеді. Олардың кейбіреулері күллі Қырымды жаяу аралап шықса, ал екінші біреулері Орал тауының жартысына жуығының тау-тасына өрмелеп, түрлі минерал коллекциясын жинап қайтқанын айтады.

Уақытты қадірлей білу үшін мынадай кеңестер береміз.

  1. Белгіленген уақытта қоңыраулы сағатсыз-ақ оянып үйрен.

  2. Өзіңнің заттарын мен кітаптарыңды белгіленген орында тұратындай

тәртіпте жинақтап ұста. Міне, сонда ғана керекті заттарыңды немесе кітабыңды оңай тауып аласың.

  1. Ертеңгі күні жолға алатын заттарыңды таңертең іздеп жүрмеу үшін

немесе асығып жүріп ұмытып кетпеу үшін олардың барлығын кешке таман әзірлеп қой.

  1. Үйіңнен әрқашан да ертерек шық. Кешіккеннен гөрі екі-үш минут

ертерек келгенің жақсы.

  1. Жиналыстар мен кездесулерге кешікпе. Кешігетін болсаң, бұл

арқылы сен уақытыңда келіп, сені күтуге мәжбүр болған жолдастарыңның алтын уақытын аласың.

  1. Егер жолдасыңнан қарызға бірдеңе алатын болсаң, онда оны еске

салғанын күтпей, уәделі мерзімінде қайтаратын бол.

  1. Орындай алмайтын нәрсе туралы ешқашанда уәде беруші болма.

Егер уәде бердің екен, онда оны орында.

Бәрінен де берілген уақыт қымбат.

9-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Уақытты ұқыпты пайдалану деген не? Бос уақытыңыз көп пе? Қалай пайдаланасыз?

ә) «Кітапханадағы уақыт» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

УАҚЫТ ТУРАЛЫ ДАНАЛАРДЫҢ СӨЗІН ТЫҢДАЙЫҚ

«Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені ең дұрыс жол»

В.Г.Белинский

«Өз уақытын ұзақ дегенде бір сағатқа ғана рәсуа қылуға бел байлаған адам-өмірінің бар қадір-қасиетін түсінуге шамасы жетпеген тоғышар»

Ч.Дарвин

«Жастық өз уақытын білмейді»

Р.Хорезми

«Бүкіл экономия, сайып келгенде, уақыты үнемдеуге әкеп соғады»

К.Маркс, Ф.Энгельс

«Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді».

А.В.Суворов

ЖАҚСЫ ЖЫРДЫ ЖАТТАЙЫҚ