Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Қожанасыр мен молда

Қожанасыр мен молда көрші отырыпты. Бір күні Қожанасырдың сиыры молданың сиырын сүзіп жарып тастапты. Қожанасыр молданың үйіне барыпты да:

- Молдеке, сіздің сиыр біздің сиырды түнде жарып тастапты, құраныңызға қарап жіберіңізші, құн төлеуге жата ма екен, жатпай ма екен? – деп отыра кетіпті.

Молда құранын ары-бері ашыпты да:

- Е, көрші, құранда малды мал жарып тастаса, құн төленбеуге тиіс деп жазылған екен, - депті.

Сонда Қожанасыр:

- Молдеке-ай, мен сасқанымнан жаңылыс айтыппын ғой, біздің сиыр сіздің сиырды жарып тастаған екен ғой, оқасы жоқ енді, - деп орнынан тұра берген екен дейді.

Молда не дерін білмей құранын аударыстырып отырып қалыпты.

Мәтінге тапсырма.

а) Мазмұнын әңгімелеңіздер.

ә) Сөйлемдердегі етістіктер қай шақтарда берілген?

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

аштан өлу – с голоду умирать

бие – кобыла

бұтақ – ветка

дән – зерно

данышпан – гений, мудрый

ешкі – коза

жар – супруга, обрыв

жаңғақ – орех

жалғыз – единственный, одинокий

жартысы – половина

қанағат – довольство малым, удовлетворение

қайран қалу – восхищаться

қамсыз – беззаботный, беспечность

құдық – колодец

қырғауыл – фазан

маржан – коралл

ноқта – недоуздок, кукан

орамал – платок

өлі – мертвый, неживое вещество

өтірік – ложь, обман, ложный

рас – верно, правильно, правда

тірі – живой

ұмыту – забывать, выпустить из виду

үнемдеу – экономить

шыдамдылық – выносливость, терпение, выдержанность.

Он тоғызыншы сабақтың жалғасы

1. мәтінді оқыңыз

Бай ма әлде кедей ме?

Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді. Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн бір түн болады. Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан:

  • Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой.

  • Әке, бұл бір керемет саяхат болды!

  • Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен қөрдің ғой?

  • Иә.

  • Осыдан не түйдің?

Сонда ұлы:

  • Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның ортасында бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды шаммен жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті.

Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті.

  • Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке. Өмірде бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты екен. Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп, денсаулығың болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да қол жеткізуге болады! – дегенді де ұлы қосып қойды.

Бірақ жоғарыда аты аталғандарды сатып алу мүмкін емес. Жалпы кезкелген материалдық құндылыққа қол жеткізуге, тіпті оларды болашаққа да артығымен дайындауға болады.

Бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда сізде ештеңе де болмағаны. ( московская немецкая газета)