Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Күлейік, демалайық_______________

– Бұрын да өспеген, биыл да өскен жоқ, болашақта да өспейді, ол не? – деп жұмбақ жасырыпты бастық, бағыныштыларының көңілін көтермек болып. Бір қызметкер қулау екен:

– Біздің жалақымыз – депті өтірік жұмбақ шешкен адам сияқтанып.

ДАНАЛАР СӨЗІН ТЫҢДАЙЫҚ

Байлық – қанағат пен еңбекте.

Ы.Алтынсарин.

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

Г.Гегель.

Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

К.Г. Паустовский.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы.

Берекені көктеп тілеме,

Еткен еңбектен тіле.

М.Әуезов.

Кім көп еңбек етсе, соған қонады.

Леонардо да Винчи.

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

бөлшек – доля

деңгейде – на уровне

еңбекқор – трудяга

жоғары – повышеннный, верх, высший

жоғалтпау – не потерять

кәсіпкер – предприниматель

кепілдік – гарантия, поручителтсво

қабілетті – воспиимчивый, способный

қарапайым – простой, примитивный, скромный

қарапайымдылық – милосердие, отзывчивость

қосымша – дополнительный, надбавка, прибавка

мақсат – задача, цель

ойлану – думать, подумать, задуматься, размышление

өнім – выработка, продукция, польза

өндіріс – производство

өтімді – ходовой, влиятельный

сапа – качество

табыс– доход

табыс табу – приносить доход

табыс келтіру – приносить доход

табыс салығы – подоходный налог

тұрмыс дәрежесі – уровень жизни

тұтастық – единство, общность, целостность

үзіліс – перерыв, перекур, перемена

Сегізінші сабақтың жалғасы Табыс тарихы

1. мәтінді оқыңыз.

1895 жылғы жаздың бір күнінде таңертең айнаға қарап, өсіп кеткен сақал – мұртына көзі түсіп еліне, тіліне, мамандығына байланысты емес, барлық ер адамдардың бәрі айтатын ренішті сөзін бұл да айтып салды. Олардың бәрі де таңертеңгі қырыну процедурасын жаратпайды. Әсіресе, өтпес ұстара болса.

Әңгіме бөтелке тығынының (пробка) жаңа түрін сатушы Кинг Кемп Жилетт туралы. Оны жаңа жағалау шақыратын да тұратын. Ол бір нәрсе ойлап тапқысы келетін де тұратын. Қарапайым да, әдемі нәрсе.

Ол провинциялық шағын қалада туып, өсті. Бизнеспен айналысу үшін, баласына білім беру үшін Жилеттің әкесі отбасын Чикагоға көшірді: үлкен қалада үлкен мүмкіндік бар деп айтты ол. Онда әкесі тігін машинасын жөндейтін шеберхана ашқан болатын. Шеберхананың табысы да жаман емес еді. Бұл да оны үміттендіретін. 1871 жылғы Чикаго өртінен бәрі де күйреді. Шеберхана өртеніп кетті, сонымен бәрі де бітті. Әкесі ішіп кетті, отбасын асырау Кингке көшті.

Тұрмыстық ұсақ – түйек тістазалағыш пен сабынға дейін сататын компания жүзі жылы, қайратты жас жігітті сауда агенті қызметіне қабылдады. Кинг жақсы қызметкер ретінде тез танылды, бірақ бала күнгі жаңалық табу арманы ойынан бір сәтте де шықпады.

1891 жылы Жилетт Балтиморға келіп, штопор мен тығын (пробка) шығаратын Baltimore Seal company фирмасына жұмысқа тұрды. Ол штопорды және бөтелке ішіндегі тығынды, бөтелкенің латун қақпақшасын( латунная крышка) ойлап тапқан Уильям Пойнтермен жақын достасып кетті. Пойнтер бірде өзінің ойлап тапқан әдемі қақпақшасына қарай отырып, мынаны байқады:

- Кинг, сен осы сияқты бір нәрсе ойлап тапқың келеді ғой. Білесің бе, менің ойыма не келіп тұр? Менің пробкамның басты кереметі оның арзандығында және ұзақ уақыт пайдаланбайтындығында болуы мүмкін. Бөтелкені аштың, бір – екі рет оңға – солға бұрадың, болды, оны лақтырып тастадың. Ойлан! Бұл ой Кингкке қатты ұнады. Шынымен де істелінген нәрсе қарапайым болу керек деп есептеді. Айтылды - жасалды. Жасалынды – пайдаланылды. Пайдаланылды – Тасталынды( выброшено) Уақыттың талабына сай келіп тұр, бірақ ғылыми жол керек. Ал келесі таңда .....

20 жыл өткен соң, осы таңды былайша еске алады: « Айнаға қарап қырына бастадым, ұстараның соншалықты өтпестігін байқадым. Ол тек қана өтпейтін ғана емес, сенімсіз де еді. Ұстараға ренішпен қарап тұрғанымда, идея ойыма келді. Осы сәтте жилеттік ұстара дүниеге келді десе де болады. Мен оны тұтас көрдім, бір секунд ішінде өзіме ондаған сұрақ қоя отырып, жауап та бердім. Бәрі жылдам өтті. Түсімдегідей еді. Жаңалығым бір цент әкелуі үшін 11 жыл сынақ, қателіктерден өту, шыдам керек болды.» Алдағы сегіз жыл тәжірибеге және лезвияның арзан болуы үшін күреске ол 25мың S жұмсады. Жұқа, арзан, мықты құрыш(сталь) керек болды. Мамандар Кингке бұл ойынан бас тартқаның жөн дегенді айтты. Ол бірақ шегінбеді.

1901 жылы өзінің бірнеше жолдастарын осы іске бастапқы капитал үшін қаржы салуға көндіреді. Бес мың доллар жинап, өзінің жаңалығына патент алып, фирма ашады. Алғашқы бір реттік (одноразовые) ұстаралар рынокте 1903 жылы пайда болды. Осы жылы 51 ұстара мен 168 лезвие сатылады, келесі жылы 91 мың ұстара, 123 мың лезвие сатылады. 1908 жылы сату көлемі 13 мың долларға көтеріледі. Бірінші дүние жүзілік соғыста ұстараға сұраныс күрт өседі. Жилеттің жұлдызды сәті туады. 1917 жылға қарай жыл сайын 1 млн. ұстара, 120 млн. лезвие сатылды.

1921 жыл келді. Бастапқы эксклюзивті патенттің мерзімі бітті. Бұл дегеніңіз - кез келген компания Жилетке бәсекелес бола алады деген сөз. Компания тағдыры жіп ұшында тұрды.( Судьба компании висела на волоске) Патенттің бітуіне алты ай мерзім қалғанда, Жилетт жаңа моделді дайындап, біреуін 1 доллар бағамен шығарды.( алдыңғысы 5 доллар болатын) Сол жылы компанияның табысы рекордты болды.

Қайтыс болар алдында, 77 жасында бір реттіктің негізін салушы және жылдам сатушы « Ұлы жаңалықтардың ішінде бір реттік ұстара ұсақ түйектердің ішіндегі кереметі болды », - деді қарапайым ғана. Оның өзінің отбасына қалдырған мұрасы Америкадағы ең мол мұраның бірі еді.( Мои деньги газетінен, 2001, қаңтар)