Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Он біріншіі сабақ ақша деген не?

Ақшаның қызметі: құн өлшеуіші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарады. Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде ол алтынға берік орнықты.

Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.

Құн өлшем қызметінде ақша – баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету процестерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымы дегеніміз – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.

1-тапсырма. «Ақша» терминіне анықтама беріңіз. Ол үшін төменде берілген сөздер мен синтаксистік конструкцияларды, сөздікті пайдаланыңыз:

Сатып алу мен сатуда ақша не болып табылады; жалпыға бірдей балам ролін атқаратын не; басқа тауарлардың құнын көрсететін не; тауарлардың кез - келгеніне айырбасталатын не; қағаз ақша айналыста шын ақшаның – ненің орнына жүреді; ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі не болып табылады; еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, есеп айырысу, басқа төлемдерді төлеу нені құрайды?

Сөздікке:

құн төлеуші – Пера стоимости;

сатып алу мен сатуда – при купле-продаже;

жалпыға бірдей балам рөлін атқаратын – выполняющие роль всеобщего эквивалента;

басқа тауарлардың құнын көрсететін – выражающие стоимость всех других товаров;

тауарлардың кез-келгеніне айырбасталатын – обмениваемые на любой из них.

2-тапсырма. Текстен мына сұрақтарға жауап табыңыз:

а) Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?

ә) Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мәтіннің қай абзацында берілген?

б) 1- абзацта «құрал» сөзінің тіркескен сөздеріне назар аударып, атап шығыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар.

1- тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Ақша қандай қызмет атқарады?

2) Ақша деген не?

3) Ақша қандай тауар?

4) Ақша айналысын қалай түсінесіз?

2- тапсырма. Мына терминдерді экономикалық сөздікті пайдаланып қазақшаға аударыңыз:

Денежная единица, денежная масса, денежно -кредитное регулирование, денежно-кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный агригат, денежный начет.

3- тапсырма. Экономикалық сөздікті пайдаланып, төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз:

Ақша белгілері – айналыста алтын мен күміс ақшалардың белгілі

бір мөлшерінің орнына жүретін ақша белгілері, олар тиын –, теңгелер, қағаз ақшалар мен банк билеттері.

Әр теңгең – жұмыс күші. Сондықтан ол жұмыс істеу керек. Оны қозғалысқа түсірмей, өзіңде сақтасаң – жалқаулыққа жол бергенің.

Ақшасы көп болып, бірақ оны қозғалыссыз ұстаушыларға қарағанда аз ақшамен тез айналым жасаушылар әлдеқайда бай болады.

4- тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз. Қағаз ақша, ұсақ ақша, қолма-қол ақша, алтын ақша.

5- тапсырма. Төменде берілген мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз:

Біздің заманымыздың І ғасырында салық орнына алып тұрған алтын, күміс құймаларды айтпағанның өзінде Ақ ғұндар (біздің дәуіріміздің V

VI ғ.ғ.) теңгелер жасап, сауда айналымына кіргізген еді.

Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу – өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алды. Арыстан бейнеленген теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған.

Ғылым әлемін VIII ғасырдың басында жасалған. Түргеш қанағатының теңгелері ерекше қызықтырып отыр.

Мыс, қола, күміс теңгелер шығаратын арнайы теңге сарайы болған. (Түркістандағы теңге сарайы).

Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында ерекше міндет атқарды.

Өзбекстан, Жәнібек хан,Бердібек, Наурызбек хандардың атынан өндірілген күміс, мыс ақшалары кең таралып, айналымда болған.

Қазақ ақшалары тек қана сауда айналымы үшін ғана емес, өзінің дербес ел болғандығын дәлелдейді.

6- тапсырма.

а) Мәтінге ат қойыңыз.

ә) Қарапайым жоспар құрыңыз.

б) Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздерді атап шығыңыздар.

в) Сұхбат құру үшін сұрақ дайындаңыздар.

г) Мәтінді әңгімелеңіздер.

7-тапсырма. Төменде берілген терминдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Инфляция, девольвация, дефляция. (экономикалық түсіндірме сөздікті пайдаланыңыз).

8-тапсырма. Төменде шағын сұхбатқа өз көзқарасыңызды қосыңыз.

Журналист: Біздің теңгеміздің жай-күйі қалай?

Жалпы инфляция деген сөз тарихта қашан пайда болған деп ойлайсыз?

Бұл күндері «инфляция» деген сөзден артық кең тараған сөзді кездестіру қиын. Себебі не?

Экономист: Оның кең тарағандығы сонша, әрбір күнге берілетін ауа-райының болжамымен ғана салыстыруға болады. Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін бұл сөз аса кең тарала қойған жоқ болатын.

Журналист: Инфляцияның шығу негізі неде деп ойлайсыз?

Экономист: Көбіне инфляцияның шығу тегіне идеологиялық база жатқызылып жүр. Алайда, инфляцияны қандай тұрғыдан алып қарасақ та, жақсы құбылыс емес. Өйткені ол халықтың тұрмыс тіршілігіне тікелей әсер етеді. Жалпы, инфляция ақша дүниеге келгеннен бастап пайда болды десе де болады.

Журналист: Инфляцияны тежеуге бола ма?

Экономист: Тежеуге болады. Бірінші, ақша айналымын реттеу керек. Екінші, өндірісті көтеру керек. Үшінші, адам тұрмысын көтеру керек.

Журналист: Ақша массасының өсуінің басты себептері?

Экономист: Ақша массасының өсуі 1991 жылдан 1994 жылдың ақырына, дейін өсу қарқыны жыл сайын орта есеппен 500% құрайды.

Мұның басты себептері: Сауда байланыстарының үзілуі, төлем жүйесіндегі қиыншылықтар, энергия құнының дүниежүзілік деңгейге жетуі, инфляция.

Мәтінге тапсырма.

  1. Инфляция туралы түсінігіңізді айтыңыз.

  2. Айналыста қағаз ақшаның көбейіп кетуі.

  3. Ақшаның құнсыздануы тауар бағасына әсер ете ме?

9- тапсырма. Төменде берілген шағын мәтінге өз көзқарасыңызды, ойыңызды қосыңыз, мәтінге ат қойыңыз.

Бұрынғы одақ құрамында болған елдер өздерінің ұлттық валютасын енгізіп жатыр.

Қазіргі жаңа валюталарға коллекционердің көзімен қарайтын болсақ, өте қызық. Әр елдің тиын - теңгелері де сол елдің бір керемет тарихи оқиғаларының куәсіндей. Себебі ақшалар - өз елінің тарихынан, мәдениетінен, табиғатынан хабар береді.

Мысалы, эстондардың кронын алайық: банкноттың бір бетінде эстондықтардың танымал адамдардың портреті берілген (ақыны, жазушысы, суретшісі) екінші бетінде Эстония пейзажы, архитектуралық ескерткіштері берілген.

Латвия брондарында – ұлттық өрнектер, Украиндықтардың карбовандарында Киевтегі София соборы бейнеленген.

10- тапсырма. Қазақстанның ұлттық валютасын шетелдікке таныстыр. Кімдердің бейнесі бар; екінші бетінде не бар?

11- тапсырма. Мына шағын мәтіндегі бизнесмендердің пікірлеріне тағы не қосуға болады?

Бизнесмендер миллион табу қиын емес дейді. Олар үшін ақша табу қызықты ойын сияқты. Олардың пікірінше: ақша ақшаға келеді және пайда әкеледі деп есептейді. Өйткені жылдам ақша айналысы экономиканы тұрақтандырады.

12- тапсырма.

1) Даму үшін ақша мақсат па, әлде құрал ма?

2) Өздеріңіз көріп жүрген «Алтын киік» (Золотая антилопа) мультфильміндегі ақшақұмар патшаның жай-күйі немен аяқталды?

3) Ақша табу – қызықты ойын сияқты деген тұжырымды қалай қарайсыз?

4) Ақшаны ақша жасайды деген ұғымды қалай түсінесіз?

5) Денсаулық ақшадан қымбат – бұл тұжырымдамамен келісесіз бе?

6) Өте жылдам ақша айналымы экономиканы тұрақтандыра ма?

Сөздікті жазып алыңыз:

Айналым. Пайда алу үшін ақша мен тауар айналымын – айналым дейміз. Мына тіркестерінде қолданылады: сауда айналымы ақша айналымы, жылдық айналымы, капитал айналымы, сауда-саттық айналымы.

КҮЛЕЙІК, ДЕМАЛАЙЫҚ

Бір күні Қожанасыр Алдарға:

– Мына Үш теңгеге бір қой сатып алып әкел, - депті.

– Жарайды, – дейді де Алдар бір қойшыға келіп:

– Ата мына үш теңгеге бір қозы берші, - деп жалынады. Қойшы қуанып бір қозы береді. Біраздан соң, Алдар қайтадан келіп:

– Ата, үш теңге де, қозы да сенікі. Маған бір тоқты бер, – депті. Қойшы қуанып, бір тоқты береді. Біраздан кейін Алдар қайтадан келіп:

– Атажан, үш теңге де, қозы да, тоқты да сенікі болсын маған бір қой бер, – депті Қойшы қуанып

– Таңдағаныңды ал, – дейді.

Алдар қойды Қожеке әкеліп береді.

13- тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді талдаңыздар.

1. Теңге тиыннан өсер,

Жылқы құлыннан өсер.

2. Ақша кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.

3. Ақшаны ашпайтын құлып жоқ

4. Ақшада көз жоқ.