Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Саудаласайық, саудаласып көрелік

Қалада не көп – дүкен көп. Дүкеннің түрі де көп. Орталықта азық-түлік дүкені бар. Онда экологиялық жағынан таза 500-600 жуық өнім түрі бар.

Дүкенде түрлі консерві, шайдың 11 түрі, конфеттің бірнеше түрі, шұжық, ірімшік, ішімдік түрлері де көп. Ұн, қант, күріш, макарон сорттары да жеткілікті.

Дүкен сөзімен тіркесетін сөздер:

қандай дүкен? шаруашылық дүкені

азық-түлік дүкені мемлекеттік дүкен

өндірістік тауарлар дүкені коммерциялық дүкен

көкөніс дүкені жекеменшік дүкен

нан дүкені жекешелендірілген дүкен

КӨКӨНІС ДҮКЕНІ

Көкөніс дүкені де, көкөніс базары да көп. Қияр, помидор, алма, жеміс-жидектен мейіз, өрік, жаңғақ бәрі де бар. Бағасы да әр дүкенде, әр базарда әр түрлі. Сатып алушылар да, сатушылар да көп.

- Маған өрік керек. 1 кг өрік қанша тұрады?

- Саудаласып көрейік. Көп алсаңыз, бағасын төмендетемін.

- Әрине, көбірек аламын.

- Жарайды алыңыз, бағасына келісесіз бе?

- Жақсы, аламын, өлшеп жіберіңіз.

Мәтін

Мен сенбі сайын базарға барамын. Яғни ертең мен жұмыртқа, сүт, ірімшік, ет аламын. Мен көкөністі жақсы көремін. Сондықтан мен жақсы піскен помидор мен қияр іздеймін. Мен өз үйімде шағын кеш ұйымдастырамын, сондықтан мен жолдастарыма ұнайтын тағамдарды сатып алуды ұмытпауым керек. Айжан тәттіге құмар, сондықтан мен балмұздақ аламын, Ілияс ет жемейді, сондықтан мен балық сатып аламын. Сәуле салатты жақсы көреді, сондықтан тәтті бұрыш пен саңырауқұлақ сатып аламын. Маған керегі осылар деп есептеймін.

Тапсырма.

Дүкенде, базарда тақырыбында сұхбат, әңгіме құрыңыз.

Қызмет көрсету және тауар сөзінің мағынасын салыстырыңыз.

Қызмет көрсету дегеніміз – адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыруға арналған кәсіпорынның, ұйымның немесе жеке адамның өндірістік емес қызметінің нәтижесі.

Тауар дегеніміз – рынокта жүргізілетін, сатылатын өнім, сауда-саттық объектісі. Тауарлардың қатарына адам қызметінің түрлі нәтижелері: өндірістік, шығармашылық, интеллектуалдық қызмет өнімдері, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер де жатады.

Сөздікке: Қызмет көрсету мен тауар сөзімен тіркесетін сөздер:

қызмет көрсету

(қандай қызмет көрсету?)

банктік қызмет көрсету

консультациялық қызмет көрсету

маркетингтік қызмет көрсету

делдалдық қызмет көрсету

жарнамалық қызмет көрсету

ақылы қызмет көрсету

ақысыз қызмет көрсету

тауар (лар)

(қандай тауар?)

импорттық тауар

бәсекелесе алатын тауар

бәсекелесе алмайтын тауар

экспорттық тауар

фирмалық тауар

транзиттік тауар

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қызмет көрсету немесе тауар сөзін қойыңыз.

1. Фирма делдалдық ... көрсетеді.

2. Экспорттық ... жоғары сапамен ерекшеленеді.

3. Жарнамалық ... өте қымбат.

4. Осы өнеркәсіпте өндірілген ... бәсекелесе алады.

5. Олар ... қызмет көрсетеді.

ә-а 2-тапсырма. Мына сөз тіркестерінің қазақша баламасын табыңыздар.

банковские услуги

консультационные услуги

маркетинговые услуги

посреднические услуги

рекламные услуги

платные услуги

бесплатные услуги

импортный товар

конкурентноспособный

неконкурентноспособный

экспортный

фирменный

транзитный

продовольственный магазин

промтоварный магазин

овощной магазин

хлебный магазин

хозяйственный магазин

государственный магазин

коммерческий магазин

частный магазин

приватизационный магазин

3-тапсырма. Өз еліңізде кәсіпкер туралы жазылған шығармаларды білесіз бе, атаңыз, әңгімелеңіз.