Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

1. Әңгімені қалай бастау керек.

Мен ... мәселесін талқылау үшін келдім.

Өткен жолғы келісімге сәйкес ... .

Мен ... бастар едім.

... мәселе бойынша кірісейік.

Біз ... бастаймыз деп ойлаймын.

Бәрінен бұрын ... талқылау керек.

Біздің ұсыныстарымыздың ... кейбір мәселелерін талқылау керек.

2. Келісім, құптау, сенімділікті қалай білдіреді:

Үлгі: Тұтастай алғанда, сіздің ұсынысыңыз қабылданды.

Жалпы алғанда, сіздің ұсынысыңыз қабылданды.

Сіздің жобаңыздың шарттарымен келісеміз.

Толықтай сізбен келісеміз.

Сіздің көзқарасыңызбен келісеміз.

Біз сіздің шарттарыңызбен келісеміз.

Бізге бұл қолайлы.

Сіздікі өте дұрыс.

Өте дұрыс.

Келістік.

Ешқандай қарсы емеспін.

Бұл жақсы ой.

Біз сіздің бағытыңызды (позицияңызды) қолдаймыз.

Сізбен пікірлескеніме қуаныштымын.

3. Келіспеуді, құптамауды, қарсылықты қалай білдіреді:

Үлгі: Біз басқа көзқарастамыз.

Мен сіздің ойыңызға келіспеймін.

Бұл айтарлықтай қиындық келтіреді.

Сіздің ұсынған шарттарыңызбен қанағаттанбаймыз.

Жалпы алғанда, сіздің ұсынысыңыз қабылданады, бірақ ... .

Мәміле шарттарының көпшілігімен келісеміз, бірақ біздің бірқатар ескертпеміз бар.

Сіз шамалы қателестіңіз бе деп қорқамын (ойлаймын).

Бұл мүлдем бұлай емес.

Бұл сіздер тарапынан өте жақсы, бірақ ...

Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыра алмаймыз ба деп қорқамын.

Мен сізбен келіспеймін.

Бұл айтарлықтай қиын.

Сіздің мүмкіндігіңізді жоғары бағалаймыз, бірақ бізге бұл ... қайтаруға тура келеді.

Менің ойым, көзқарасым сіздікінен өзгерек.

4. Қалай жауап бермеуге болады:

Бұл туралы талқылау қиын.

Мүмкін, мен бәріне жауап бере алмаймын.

Бұл мәселе бойынша ештеңе айта алмаймын.

Бұл сұраққа ешқандай жауап бере алмаймын.

5. Күдіктенуді (сомнение) қалай білдіреді:

Мен сізді мүлдем түсінбей тұрмын.

... сіз түсіндірсеңіз жақсы болар еді.

Не айтатыныңызды мүлдем түсінбедім.

6. Өтінішті қалай білдіреді:

Біз сізге ырзашылығымызды білдіреміз.

Біз сіздерге сенеміз.

Біз сіздерден мынаны өтінгіміз келеді.

Сіздер мына мәселеде көмектесе алар ма екенсіздер?

Сізге ... қиын болмас па екен?

Егер сіздер ... көмектесе алсаңыздар, ризашылығымызды білдірер едік.

Егер бере алсаңыздар, бұл сіздер тарапынан бізге көрсетілген көмек болар еді.

7. Кешірім сұрау жолдары:

... үшін ғапу етіңіз.

... үшін тағы да кешірім сұраймыз.

... үшін кешірім сұрауға тиіс.

8. Әңгіменің аяқталуы:

Сөзімнің соңында мыналарды айтқым келеді.

Талқылаудың қорытындысын шығарамыз.

Біз ... туралы мәселелердің негізгі түйінін қарадық деп ойлаймын.

Біз жоспарлаған істің бәрін шештік.

Мәселе шешілді деп есептеуге болады деп ойлаймын.

Талқылауға қатысқаныңызға ризашылығымызды білдіреміз.

Сізбен бұдан әрі қарай да бірлесіп жұмыс істейтінімізге сенемін.

9. Қызмет бабында қабылдауға келу үшін қалай келісуге болады:

Мүмкін болса, мен ертең барамын.

Сізге ыңғайлы болса, мен ертең барамын.

Егер сізге қолайлы болса, менің сейсенбіде баруыма болады.

Егер рұқсат болса, менің бейсенбіде баруыма болады.

Егер сіз қарсы болмасаңыз, менің бейсенбіде баруыма болады.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз.

1. ... менің сізбен сәрсенбі күні кездескім келеді.

2. ... менің сізге бір аптадан соң баруыма болады.

3. ... біздің сізбен бейсенбіде ертерек кездесуімізге болады.

4. ... мен сізге дүйсенбіде түстен кейін барамын.

5. ... мен сізге екі күннен кейін бара аламын.

2-тапсырма. Шағын сұхбатты жауапқа қарай толтырыңыз.

1. ...

- Маған бұл өте қолайлы. Ертең сағат 10-да сізді күтемін.

2. ...

- Әрине, әрине келіңіз. Сағат 2-ден кейін мен өзімде боламын.

3. ...

- Бұл уақыт мен үшін ыңғайлы, келіңіз, келіңіз.

4. ...

- Жақсы. Мен сізді ертең коммерциялық директорыңызбен бірге қабылдауға келісемін.

Әңгімелесушіге немесе сізге келген адамға уақытыңыз жоқ болса, оны қалай айтуға болады:

Кешіріңіз, бүгін мен сізбен кездесе алмаймын.

Кешіріңіз, бүгін мен сізбен жолыға алмаймын.

Кешіріңіз, бұл уақыт мен үшін ыңғайлы емес.

Кешіріңіз, дәл осы уақытта мен бос емеспін.

Кешіріңіз, дәл осы уақытта менде әріптестермен кездесу бар.

Кешіріңіз, дәл осы уақытта мен елшілікте болуым керек.

Кешіріңіз, бұл уақытта мен Алматыда болмаймын.

3-тапсырма. Шағын сұхбаттағы көп нүктенің орнын толтырыңыз. Кездесуге, қабылдауға уақытыңыз болмайтынын түсіндіріңіз.

1. – Жұмада біздің офиске келе аласыз ба?

- Жұмада ма, ...

2. – Сізбен сейсенбіде түстен кейін кездессек, ыңғайлы ма?

- Кешіріңіз, ...

3. – Бейсенбіде, сағат 10-да сізбен кездесуді жоспарласам бола ма?

- ...

4. Мен сізді ертең сағат 10-да қабылдай аламын ба?

- ...

4-тапсырма. Әңгімелесушіге кездесуге келе алмайтын себептеріңізді айтыңыз. Түсіндіріңіз.

1. Сіздің әріптестеріңіз көрменің ашылуына сізге шақыру жіберді, ал сізде дәл осы уақытта маңызды келіссөз белгіленіп қойылған.

2. Салық инспекторы сізбен бейсенбіде кездескісі келеді, ал сіз бейсенбіде іссапарға кетесіз.

3. Сіздің әріптесіңіз қыркүйекте сізге семинарда баяндама жасауыңызды сұрайды, бірақ сізге бұл уақытта демалыс белгілеп қойғансыз.

4. Сізге акционер болып табылатын банктің мерейтойына шақыру келді сіз бұл уақытта Алматыда болмайсыз.

5. Аудиторлық фирма сіздің ұйымға 2 күннен кейін тексеру жүргізбекші, бірақ сіздің бұл күнге барлық құжаттарыңыз дайын.

Банктегі операция, процедура, әлдебір қызметке қажет уақытты қалай айтуға болады:

Бұл процедура бір сағат уақытты алады.

Бұл процедураға бір сағат уақыт кетеді.

Бұл процедура бір сағатқа созылады.

Бұл сіздің екі сағат уақытыңызды алады.

Бұған сіздің екі сағаттай уақытыңыз кетеді.

Бұл сіздің екі сағаттан көбірек уақытыңызды алады.

Бұл сіздің екі сағаттан азырақ уақытыңызды алады.

Бұған сіздің екі күніңіз кетеді.

Бұған сіздің екі күніңіз керек.

Бұған сіз екі күніңізді бөлуіңіз керек.

Бұл үшін сізге екі күн қажет.

Бұған сіз төрт сағат бөлуіңіз керек.

Бұған сіз төрт сағатыңызды арнауыңызға тура келеді.

Бұған сіз төрт сағат жұмсауыңызға тура келеді.

5-тапсырма. Шағын сұхбаттағы көп нүктенің орнына тиісті жауабын жазыңыз.

1. – Айтыңызшы, мен несиені (кредит) тездетіп ала аламын ба?

- ...

2. – Кешіріңіз, салық инспекциясына фирманың тіркелуі үшін қанша уақыт керек?

- ...

3. – Кешіріңіз, мына лицензияны ресімдеу (оформлять) үшін көп уақыт керек пе, қалай ойлайсыз?

- ...

4. – Айта аласыз ба, біздің құжаттарымыздың юристік сараптан (экспертиза) өтуі ұзаққа созыла ма?

- ...

5. – Кешіріңіз, уақыт қымбат дегендей, есеп ашуыма (открыть счет) қанша уақыт кететінін білгім келеді.

- ...

6-тапсырма. Уақыт туралы мына мақалдарды қалай түсінесіз? Сіздің ана тіліңізде осыған ұқсас мақалдар бар ма?

Уақыт – алтыннан қымбат

Уақыт – емші

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

7-тапсырма.

а) Мына мақал-мәтелдердің қазақша баламасын табыңыз.

Времени не воротишь.

Время – деньги.

Время дороже золота.

Время не ждет.

Делу время, потехе час.

ә) Күнделікті өміріңізден қызметіңізден осы мақал-мәтелдерді пайдаланып мысалдар келтіріңіз.

Келісім-шарттардың орындалғанына, ынтымақтастықтың шарттарына қанағаттанғандығыңызды қалай білдіруге болады:

(как выразить удовлетворение условиям сотрудничества, осуществления сделки)

Үлгі: Бізге осы шарт жарамды.

Бұл сіздің шарттарыңызға келісеміз.

Сіздің шарттарыңызды қабылдаймыз.

Бұл сіздің шарттарыңызды қабылдауға дайынбыз.

8-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыздар. Асты сызылған сөз тіркестерінің қолдануына назар аударыңыздар.

1. Фирманың валюталық шотын ашу туралы шартқа, әдетте, өз қолдарын валюталық операциялар бөлімінің бастығы мен фирма басшысы қояды.

2. Банкте несиені ресімдеу үшін несиелік өтінімге аға экономист-сарапшының қол қоюы қажет етеді.

3. Күн сайын салық инспекциясы бірнеше ондаған шетелдік фирмаларды тіркеуді жүзеге асырады.

4. Қазақстандық банктерде валюталық есеп-шот ашқан шетелдік фирмалар Орталық салық инспекциясынан тіркелуден өтуге тиіс.

5. Есеп ашу үшін құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдайда банктің заң бөлімі өзінің визасын қояды.

6. Егер сіз банктің заң бөлімінің визасын алған болсаңыз, онда сіздің фирмаңыздың құжаттары мүлтіксіз ресімделген болып табылады және сіздің есеп-шот ашуыңызға болады.

9-тапсырма. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толтырыңыз.

1. – Сіздің құжататрыңызға валюталық операциялар бөлімінің бастығы қол қойды ма?

- Иә ...

2. Сіздің қағаздарыңызға заң бөлімінде виза қойды ма?

- Иә ...

3. Сіздің фирмаңыз Орталық салық инспекциясында тіркелді ме?

- Иә ...

Қызмет көрсетушіден немесе қабылдап отырған адамнан оның уақыты бар ма, жоқ па, қалай сұрауға болады?

(как спросить у собеседника о его возможности вам время, внимания)

Сіз маған уақыт бөле аласыз ба?

көңіл бөле аласыз ба?

бірнеше минутыңызды бөле аласыз ба?

бес минутыңызды ғана бөле аласыз ба?

жарты сағаттай уақыт бөле аласыз ба?

Сіздің менімен әңгімелесуге уақытыңыз бар ма?

Сіздің менімен сөйлесуге уақытыңыз бар ма?

Сіздің менімен кездесуге уақытыңыз бар ма?

10-тапсырма. Банктердегі ситуациялардан сұхбат құрыңыз.

Үлгі: - Сәлеметсіз бе, Ардақ мырза?

- Сәлеметсіз бе?

- Кешіріңіз, сіз маған бес-он минут уақыт бөле аласыз ба?

- Қандай мәселемен келдіңіз?

- Банкте есеп ашу үшін сізбен кеңескім келеді.

- Бұл әңгіме көп уақыт алмайды, бірақ мен дәл қазір келіссөзге барамын.

- Қашан уақыт бөле аласыз?

- Сізге ыңғайлы болса, ертең 11-де келіңіз.

- Жақсы, рахмет.

Қызмет бабындағы кездесу, әңгімелесу.

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметсіз бе?

- Менің сіздердің банкте есеп ашу үшін, қандай құжаттар әкелуім керек?

- Әрине, бірқатар құжаттарды біздің банктің заң бөліміне тапсырасыз, олар тексеріп болған соң, визаларын қояды.

- Бұл ұзақ уақыт ала ма?

- Барлығы дұрыс болса, екі-үш күнде бітеді.

- Қандай құжаттар әкелуім керек, жазып алуыма бола ма?

- Әрине, болады.