Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

4. Мәтінге байланысты түсінікті тексеруге арналған тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Қажетті сөзді таңдаңыз.

1. 2003 жылды БҰҰ халықаралық .... деп жарияланған.

A) жер күні

B) су күні

C) ауыз су жылы

D) теңіз күні

2. Сөйлемді аяқтаңыз.

2. Өйткені су – тіршілік көзі, ұлттың .....

A) мақсаты

B) міндеті

C) идеясы

D) денсаулығы

3. Сөйлемді мәтінге қатысты байланыстырыңыз.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын 5 млн адам өледі екен,

A) себебі ауыз су жоқ

B) себебі ауыз су сапасы тым төмен

C) себебі соғыстар көп

D) себебі апаттар көп

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

ТМД бойынша Қазақстан сумен жабдықталу жағынан .....

A) өте жақсы

B) жоғары деңгейде

C) ең төменгі орында

D) алдыңғы орында

5. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Тұрғындар мен экономиканы сумен қамтамасыз ету нашар, себебі .....

A) трансшегаралық өзен сулары көлемі азайған және климаттық жылынуы

B) күн өте ыстық

C) басқара алмаймыз

D) қар, жаңбыр жаумайды

6. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Бұл мәселені шешуге болады, өйткені .....

A) жерасты сулары бар және суды үнемдеу технологиясы да бар

B) қаржы-қаражаты көп

C) трансшегаралық өзендер көп

D) жаңбыр көп жауады

7. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ауыз суына пайдаланатын нағыз байлық ..... жатыр.

A) жер үстінде

B) жер астында

C) аспанда

D) қаржыда

8. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Қала салуды қолға аламыз да, оны ауыз сумен қалай қамтамасыз ететінімізді қаперімізге алмайтын жаман әдет қалыптасып отыр.

A) ойымызға, есімізге

B) қаперге

C) қателікке

D) жаңсақтыққа

  1. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Қазақстанда суармалы жер көлемі 2,5 миллионнан 1,2 миллионға түскен, себебі .....

A) дұрыс суарылған

B) дұрыс суарылмаған

C) жақсы өңделген

D) жер көп

  1. Алқаптар өз өнімділігін жойған, себебі .....

A) шектен тыс суарылған

B) ешқандай суарылмаған

C) су жетпеген

D) тыңайтқыш аз

5. а) «Су – тіршілік көзі» тақырыбы бойынша семантикалық картаны толықтырыңыз.

Л1 Ауыз су- тіршілік көзі

Ауыз су сапасы

Л 2 трансшегаралық, жерасты

Су –тіршілік көзі

Л4 мемлекеттер

Л3 азаю, көбею

Л1 = Зат есімдер, тәуелдік Л 2 – сын есімдер

жалғаулы тіркестер Л 3 – етістіктер

Л4 – мемлекеттер аты (жалқы есімдер)

б) Семантикалық карта бойынша мәтінді әңгімелеңіздер

  1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а) Жаңа заманның басты құндылығы су деп ойлайсыз ба, әлде .....

ә) Әлемдік тұщы су (ауыз су) қоры аз ба, көп пе?

б) Әлемдегі сумен қамтамасыз ету мәселесі қандай?

в) Су ресурстарын басқару мәселесі?

г) Судың ластануы?

д) Су ресурстары үшін күрес?

ж) Ауыз су және суды тазалау туралы зерттеулер, ақпараттар не дейді?

е) трансшегаралық өзендер қатарын толықтырыңыз: Ертіс, Шу, ...