Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Он тоғызыншы сабақ ертегілердегі экономика

«Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте екен, қырғауыл жүні ұзын екен, құйрық жүні қызық екен...». Иә, осылай басталушы ма еді қазақ ертегісі. Ертегі оқу, әсіресе халық ертегісін оқу бәрімізге пайда. Ертегіні естеріңізге түсіріп отырғаным – біздің арғы-арғы ата-бабамыздың өміріндегі экономикалық астар, сарын қандай болды екен – соған назар аударарлық.

Ертегінің қатысы не? Ертегі - өтірік емес пе дерсіздер. Қазақ ертегілерінен үзінді оқисыздар, экономикалық құбылыстарды, ұғымдарды байқайсыздар. Қай ертегіден – ертегінің атын атаңыздар.

«Елін, жұртын жиды, жоғарғы еліне шақырды, жоға бие сойды, той жасады. «Қызымды кімде-кім жаман болса соған беремін», - деді. «Жаман еркекті қайтіп жақсы қылар екен?»,- деді. Жаман жігіттерді жинады. Ең жаман дегеніне қызын берді. Ханның қызы орнынан көшті. Хан қызы жаман тазшаға жар болды. Бірақ хан қызы өзі шебер екен, бау өріп, үйінің қасынан құдық қазып алды. Құдықтың суы алтын болды. Жаман тазша әйелінің тілін алды, хан қызы күнде бау өріп, киім тігіп, оны сатқызыпты, орнына ділдә алыпты, сөйтіп бай болыпты».

* * *

«Сен бүгін шаһарға бар, онда бір адам қаракөк ат сатады, соны сен сатып алып кел!» - деп ақ орамалға ділдә түйіп береді. Базардың басына келсе, бір адам қаракөк ат жетектеп жүр екен.

Тазша тұрып айтты: «Ағаке, атыңды сатамысың?»- деді. «Сатамын, не бересің?» - деді.

- Екі ділдә берейін.

- Үш ділдә бер. Орамалыңмен бер, - деді. Тазша бала берді. Қаракөк атты қолына алды».

* * *

«Тышқан үйіне барып бір уыс тары әкеліп береді. Мысық тарыны тауыққа апарып береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді, жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатығын береді. Қатықты апарып Мақтақызға береді, Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді».

Тауар – ақша қатынасы, ертегілерден де сезіледі. Қазақ ертегілеріндегі «ділдә» - ол алтын. Яғни алтын айырбас құнының орнына жүрген.

«-Бір жылдан кейін келемін. Дәнің бар жейтін, қамсыз жата бер, - дейді данышпан құмырсқаға ескертіп. Осылайша құмырсқаның азықты қалай үнемдейтінін білгісі келеді.

Бір жыл откен соң, данышпан әлгі құмырсқаға қайта оралады. Өзі қойып кеткен жерден қорапты тауып алады. Құмырсқаның өлі-тірісін білмек болып, қорапты ашады. Қараса, құмырсқа трірі екен. Қасына қалдырған дәннің жартысын ғана жепті. Бұған таңданған данышпан:

- Ей, құмырсқа, - депті мұның себебін білмек ниетпен. – Сен жылына бір дән жеймін деп едің ғой. Мына дәнді түгел жемей, жартысын қалдырғансың? Не себептен сонша үнемдедің?

Сонда құмырсқа былай депті:

- Айтқаның дұрыс, мен жылына бір дән жеймін, ол рас. Ал сен болсаң, мені қорапқа салып, қамап кеттің. Сыртқа шыға алмаймын. Егер сен мені бұл қамаудан босатуды ұмытып кетсең, тағы да бір жыл қамауда жататын едім. Бір дәнді түгел жеп қойсам, аштан өлетін едім. Соны ойлап қанағат еттім.

Данышпан құмырсқаның шыдамдылығы мен тастай берік қанағатына қайран қалыпты.

Содан кейін данышпан қанағаттың қасиетін, үнемдеудің сырын адам баласына үйретіпті».

Ұқыптылық және үнемдеу – экономиканың жаны десек, арғы-арғы аталарымыз мұны да білген екен.

«Патша «мақұл» деп арбасын қостырып қалаға жүріп кетті. Қалаға барса, бір кісі маржан алып, кетіп барады екен. «Әй кісі, маржаныңды қаншадан сатасың?- деп сұрапты.

Кісі:

- Бес теңгеден сатып жүрмін, - депті. Бес теңге беріп, маржанды қалтасына салып тұрса, бір кісі алтын сақина алып барады екен. Патша: «Ей балам, қаншаға сатасың?» - деп сұрапты. Ол бала: «Алты теңге», - депті.

Ақшасын беріп, сақинаны қолына тағып, арбасына келіп мініп кетті. Кетіп бара жатып, бір бауды көріп, «ең кіші қызым маған жаңғақтың бұтағын алып келіңіз деп еді ғой, есімнен шығып кетіпті ғой» - деп, арбасынан түсіп бауға кірсе, жаңғақтар көп екен. Жаңғағына қараса, алтын жаңғақ екен. Патша таң қалып: «Менің кіші қызым ақылды екен ғой», деп сындырып алып кетіп бара жатқанда, бір аю шығып:

- Патша, менің бауымдағы жаңғақты неге аласың? – деп сұрайды. Патша қыздарының айтқан сөздерінің бәрін айтады.

Аю:

- Мейлі, ала бер, бірақ қызыңды үш күннен кейін алып кел,- депті.

Аюдың төлем талап еткені түсінікті, себебі ол өзін баудың иесі, қожайынымын деп есептейді (Понятно, что медведь потребовал платы потому, что считал себя собственником леса).

Қазақ ертегілеріндегі меншік қатынасы табиғат байлықтарына ма, әлде өндіріс құралдарынан көріне ме? (а как вообще в казахских сказках отражено существование отношений собственности – на природные богатство, на средства производства?).

* * *

«- Әке, мен мал табайын, - деді.

- Таңертең мен әдемі жирен қасқа арғымақ боламын. Мұны мін де базарға шық. Сатамысың деген адам болса, сатамын де. Қанша сұрайсың десе, он мың ділдә де. Бірақ ноқтамен жіберме, ноқтаңды алып қалып отыр, - деді.

Таң атты, бала әдемі, жүні құндыздай жылтырайтын жорға жирен қасқа арғымақ болды. Шал ноқталап мініп алды. Жорғалатып базарға салды. Базарда біреу тұрып:

- Ей, арғымағыңды сатасың ба? – деді.

- Сатам!

- Ой, не сұрайсың?

- Он мың ділдә сұраймын.

- Түсіп, ақшаңды ал, - деді.

Шал бұрын ондай ақша ұстап көрмеген, байғұс, ақшасын санап алды да, есі шығып, ноқтасын ұмытып кете барды. Ешке баласы жетіп келді.

- Әке, ақшаң түгел ме екен? – деді.

- Ақшам түгел-ау, бірақ ноқтамды ұмытып кетіппін, - деді.

- Оқасы жоқ, - деді.

- Енді қара қасқа арғымақ боламын. Базарда менен жақсы арғымақ болмайды. Жалғыз-ақ, ақшаңды дұрыс санап ал да, ноқтамды ұмытпа, - деді.

Таң атты, енді қара қасқа арғымақ болды, әдемілігі сондай, мұндай арғымақ бүкіл базарда жоқ еді. Шал жорғалатып мініп келіп еді, екі жақтан екі адам:

- Арғымағыңды сатасың ба? – деп сұрады.

- Сатамын.

- Не сұрайсың?

- Он мың ділдә тұрады, - деді.

Екі адам таласып алды».

Қазақ ертегілерінде біздің арғы бабаларымыздың базарға қандай тауар шығарғанын байқадыңыздар. Көлік те болған, тамақ та болған, қанат та болған, ат базарда біздің бабаларымыз үшін ең жоғары тауар болған.

1-тапсырма.

Өздеріңіз бала кезден жиі көрген «Алтын киік» (Золотая антилопа) ертегісі бойынша сұхбат құрыңыздар, қорытынды беріңіздер.

2-тапсырма.

Үйде қалаған ертегіңізді оқып, экономикалық ұғымдарды табыңыздар.

3-тапсырма.

Қай ертегіде бәсеке туралы бар?

КҮЛЕЙІК, ДЕМАЛАЙЫҚ