Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Бірдейлікті білдіретін құрылымдар

6-жаттығу. Диалогты оқыңыз. Бірдейлікті білдіретін мағынадағы салыстыру конструкцияларына назар аударыңыз.

- Бізге бүгін қазақ тілінен қандай тапсырма берді?

- Кешегі сияқты.

- Немене, бір нәрсені оқи береміз бе?

- Жаттап алғанша.

- Жаңа мәтін болды ма?

- Жоқ, соның өзін талдадық.

- Ал ертең жаңасы болады, бірақ осындай қиын.

7-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Үлгі: Ертең қайда жиналамыз? – 1) Сол, бұрынғы жиналып жүрген жер.

Ертең қай уақытта жиналамыз? Осы жазда қай ауданға практикаға барамыз? Бүгін сен қандай қате жасадың? Сіз жаңа тақырыппен жұмыс істеп жатырсың ба? Бүгін біз жиналыста қандай сұрақты талқылаймыз.

8-жаттығу. а) Бірдейлікті, айырмашылықты, ұқсастықты ( сондай, сол сияқты, сол тәрізді, ұқсайды, айнымайды, өзгеше) білдіретін конструкцияларды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі үлкен қалалардағы жаңа аудандар бірдей, бір-бірінен айнымайды десе де болады. «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» лирикалық композицияның сюжеті осыны бейнелейді. Фильм кейіпкері ескі жылды Мәскеуде шығарып салып, жағдайдың ретімен жаңа жылды Санкт-Петербургте Мәскеудегі сияқты дәл сондай үйде, дәл сондай пәтерде қарсы алады. Көше атауы да дәл сондай. Бірақ бұл сол үй емес, сол пәтер емес, сол көше емес. б) Осыған ұқсас жағдаятқа мысал келтіріңіз.

9-жаттығу. а) Әлем картасын пайдалана отырып, өз еліңізді өзіңіз жақсы білетін елмен салыстырыңыз. Әр түрлі салыстыру құралдарын пайдаланыңыз. ә) Әлем картасын пайдалана отырып, Қазақстанды шекаралас елдермен салыстырыңыз. Тапсырманы орындай отырып, салыстырудың әр түрлі құралдарын пайдаланыңыз: 1) елдің территориясын, олардың географиялық жағдайын; 2) қазба байлықтарын және табиғи байлықтарын; 3) өндіріс және ауыл шаруашылығы.

10-жаттығу. Өзіңіздің көзқарасыңыз бойынша:

1) Қазақстандағы ең жақсы мұражай, театрды;

2) Ең көп танымал жазушыны, ғалымды, қоғамдық және саяси қайраткерді;

3) Танымалдау сәулет ескерткіштерін атаңыз. Аталған объектілерді сізге белгілі басқа объектілермен салыстырыңыз.

11-жаттығу. Берілген ақпараттарға сүйене отырып, құбылыстардың арасындағы айырмашылықты айтыңыз.

Үлгі: Химиялық элементтердің құрамы тұрақты; Ерітінділер өзінің құрамын өзгертуі мүмкін. – Ерітінділердің химиялық қосындылардан айырмашылығы олардың өзінің құрамын өзгерту мүмкіндігінде.

Орманды қалпына келтіруге болады; Басқа табиғи ресурстарды қалпына келтіру мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы ауа райына тәуелді; Азық-түліктің микробиологиялық өндірісі табиғатқа тәуелді емес.

Назар аударыңыз!

Салыстыру мәнді құрылымдардың көптеген мағыналық реңктері бар:

1. Салыстыру немесе ұқсату – Бүгін де кешегі сияқты суық. Біз ағайындылардай құшақтастық. Түлкідей қу, сауысқандай сақ. Ол сығанша биледі.

2. Болжалды салыстыру – Менің досым менің қасымнан байқамағандай өте шықты.

3. Айырмашылығын білдіре отырып салыстыру – Менің сіңілімнің менен айырмашылығы күн сайын жаттығу жасайды.

4. Қимыл сынын, мөлшерін, салыстыру шырайын салғастыру – Фильм қызық болса, оны соғұрлым көп адам көреді, жаурағанымның сонша, сөз айтуға шамамыз келмеді.

12-жаттығу. Сөйлемдердегі болжалды салыстырулар мағынасына назар аударыңыз.

Әлдебір жіп үзілгендей, достардың әңгімесі жараспады. Мен бір басқа тілде сөйлегендей, мені ешкім түсінбеді. Мені бірінші рет көргендей, бәрі маған қарап қалыпты. Бәрі ештеңе болмағандай, тып-тыныш отыр. Иығымнан жүк түскендей, қуанып қалдым. Жақсының сөзі шамдай жарық, айдай ашық. Ол ұшуға жиналғандай, қолын сермеді.

Жақсы ай мен күндей.

Түйедей бойың болғанша,

Түймедей ойың болсын.

13-жаттығу. Мақсат реңкі бар салыстыруларға назар аударыңыз.

Біз бәрін балалар жақсы демалатындай ұйымдастырдық. Сені сыйлайтындай істерді істе. Достарың риза болатындай ұйымдастыр. Үйді тездетіп бітір, әкем қуанатындай болсын. Дипломыңды жақсы қорға, шешең уайымдамайтындай болсын.

Назар аударыңыз!

Салыстыру-салғастыру мәнді сөйлемдер негізгі топты құрайды:

Тілмен көбірек айналысқан сайын, оны оқу соғұрлым қызық бола түсті.

Мәтінді топта оқығаннан гөрі өз бетінше оқып, оны жақсырақ түсіндім. Ал жүзуден гөрі гимнастикамен айналысқанды жақсы көрді. Күні бойы үйде отырғаннан гөрі кино немесе театрға барған артығырақ. Көбірек дайындалсаң, соғұрлым нәтижеге тез жетесің. Көбірек оқыған сайын, мен олардың мәдениетін, адамдарын көбірек түсіне бастадым. Сенің ұсынысыңнан гөрі басқарақ ойластырайық. Біз ойлағанымыздан әңгіме мүлде басқаша болды.

14-жаттығу. Айырмашылықты салыстыруға назар аударыңыз!

Неғұрлым тауға көтерілген сайын, ауа суығырақ бола бастады. Балам неғұрлым үлкейген сайын мен оның болашағына соғұрлым алаңдай түстім. Ештен кеш жақсы. Құлдықта өмір сүргеннен өлген артығырақ.

15-жаттығу. Мына сөйлемдердің құрылымдарына назар аударыңыз. (Сонша көмекші сөзін сондай көмекші сөзіне алмастырып көріңіз).

Әкемнің тым кеш келгені сонша, біз ұйықтап қалдық. Аурудың әлсіздігі сонша, төсегінен тұра алмады. Аудармашы болып жұмыс істейтіндей, мен әлі қазақ тілін сонша жақсы білмеймін. Мәтіннің қиындығы сонша, мен оны аудара алмадым. Әкемнің жұмысының көптігі сонша, ол менімен әңгімелесе алмады.

16-жаттығу. Сөйлемдердегі салыстырылу құрылымы қандай сөздермен берілгенін анықтаңыз.

Қанша талап етілсе, сонша жұмыс істейміз. Балалар қанша алып кете алса, сонша кітап алды. Қанша керек, сонша зат алыңыз. Қанша еңбектенсең, сонша нәтижесін көресің. Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер. Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақымақтың інісі бол.

17-жаттығу. Берілген сөйлемдерде салыстыру бар ма? Басқаша айтып көріңіз.

Балалы үй – базар.

Қыз – қонақ.

Ананың сүті бал, баланың тілі – бал.

Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Өмір – үлкен мектеп.

18 – жаттығу. «Бай ма әлде кедей ме?» мәтінінен салыстыру мәнді сөйлемдерді табыңыз.