Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Бесінші сабақ

ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петит есептен шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле бастады. Біздің Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалынатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдалынатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуды тиіс деп санайды.

Сонымен ұлттық байлыққа не жатады?

Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.

Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Барлық мемлекетте ғасырдан бойы жинақталған ұлттық байлықтары бар. Оны ғалымдар ең құндысын рет-ретімен ғылыми жұмыстарымен дәлелдеп қана қоймай, ол заттың құны валютамен есептеліп шығарылған.

(Газет материалдарынан) «Қазақ әдебиеті».

1-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркесімен, мәтінге қажетті сөздермен, терминдермен сөйлем құраңыздар, талдау жасаңыздар.

ұлттық байлық ұлттық мұра

экономиканың күш-қуаты ұлттық байлық құны

маңызды көрсеткіш кеден

бағалау интерпол

ата-бабалар мұрасы жеке коллекционер

табиғат байлығы Венеция хартиясы бойынша

жер асты байлығы сәулет құрылысы

әдеби, мәдени мұра мекеме

күре тамыр мәдени, ресми, жеке үй

2-тапсырма.

1. Мәтінге өзіңіз ше ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

3. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыздар.

4. Сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыздар.

5. Жоспар бойынша тексті әңгімелеңіздер.

3-тапсырма. Мәтіндегі 3-абзацтың мазмұны не туралы? 4-абзацтың идеясы не?

4-тапсырма.

а) Мәтінге сұрақтар қойып шығыңыз.

ә) «Ұлттық».деген сөзбен тіркесетін барлық сөзді атаңыздар.

б) Асты сызылған сөздер қай сөз табы, қандай сөз – сөздерге анықтауыш болып тұр, аударыңыз.

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Антик варианттар ұлттық байлыққа жата ма?

2) Архив материалдары ұлттық байлық па?

3) Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлық жата ма?

4) Біздің Қазақстанда археологиялық қазбалардан табылған дүниежүзілік шедеврге жататын байлықтар бар ма?

5) Кітапхана ұлттық байлыққа жата ма?

6) Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?

7) Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма?

8) Жеке қолдағы антиквариаттарды ұлттық байлыққа жатқызуға бола ма?

9) Ұлттық байлық туралы өз көзқарасыңыз қандай?

10) Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма?

6-тапсырма. Қазақша баламасын атаңыз.

Национальный университет, национальная библиотека, национальная академия, национальное богатство, национальные игры, националная гвардия, национальный доход, национальный банк.

7-тапсырма.

Біздің елдің ұлттық байлығын өзге елдермен салыстырып айтыңыз (сақталуы, есептелуі, тіркелуі, бағалануы, қорғалуы, заңы).

ЖАҚСЫ ЖЫРДЫ ЖАТТАЙЫҚ

Жапырақ жүрек жас қайық)

Жанымды айырбастаймын.

Сен адам бола бастасаң

Мен қайың бола бастайын

келісесің бе жас қайың?

(Көрінер, мүмкін кімге ерсі)

Өміріңді маған бір берші!

Дүрбелең мына дүниені

Адам көзімен бір көрші

Қайың боп мен де бағайын,

Орманнан орнын табайын.

Беймәлім маған өмірге

Қайың көзімен қарайын,

Сен - дағы жерден нәр алдың,

Мен - дағы жерден нәр алдым

Біреуден сен де жаралдың,

Біреуден мен де жаралдым.

Тілің жоқ, жанды қайың сен,

Айырмашылығы – Адаммын.

Мендегі бары бір жүрек

Беріпті жүрек саған мың

Сондықтан ұзақ жасайың –

Құрдасы келер заманның

Бар жоғы менде бір жүрек,

Ол өлсе мәңгі кеткенім

Сендегі семсе мың жүрек,

Келгенде жасыл көктемің

Тірілер қайта дүркіреп

Жапырақ - жүрек, жас қайың!

Жанымызды айырбастайық?

Адам боп жүрсең қасқайып,

Тәуекел, айырбастайық!

М.Мақатаев

ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗДАР:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

байлық – богатство көзқарас – точка зрения

дәлелдеу – доказать көне – древний, античный

дәреже – степень кепілі – гарант, гарантия

есептеу – рассчитать күретамыр – вена

игілік – благо, благородство көрсеткіш – показатель

күш-қуат – сила мәдени – культурный

қазбалар – полезные ископаемые мұра – наследие

қасиетті – святое ұғым – понятие

қор – фона ұлттық мұра – национальное

құн - стоимость наследие