Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_аза_+т+л+.+Экономика+факультет+не+арнал_ан+25....doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:

(ознакомьтесь с новыми словами и словосочетаниями)

айырмашылық – отличие, различие

айырымы – остаток, разность

анықтама – справка, дознание, определение

біртұтас – единое целое, целостный

жоғалтпау – не потерять

едәуір – довольно много, достаточно

иемденуші – владелец

көпшілік – большая часть, большинство

қазыналық – казенный, ценный, государственный

қаржыландыру – финансирование

қол ұшын беру – помочь, подать руку помощи

қорғаусыз – беззащитный

парыз – долг, обязанность

тамыр – жила, корень, приятель

терең – глубокий, вглубь

үлес – доля, часть

шамалы – приблизительно, ориентировочно

шешуші – решающий, узловой.

ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАР

1. Ақшаны қандай құнды қағазға салған тиімді?

2. Нарықтық экономикада сатушы мен сатып алушының қайсысы басты тұлға болып табылады?

3. Неге ақылды кәсіпкер пайдасының үлкен бөлігін өндірісті дамытуға салады?

4. Неге бірде-бір мемлекет салықсыз тұра алмайды?

5. Нарықтық экономикада өндірісті, экономиканы тіпті адамның өзінің де ілгері дамуына қозғаушы күш болатын не?

6. Қай ертегілер бәсеке эпизодын береді?

7. Үнемшіл адам мен сараң адамның ұқсас және айырмашылық жағы?

8. Даму үшін ақша құрал ма, мақсат па?

9. Осы сұрақты иллюстрациялайтын эпизод қай ертегіде беріледі?

10. Неге шетелдіктер біздерді алтынды кешіп те, шашып та өмір сүреді дейді?

11. Неге салық қысымының артуы көлеңкелі экономиканың ұлғаюына әкеліп соқтырады?

12. Нарықтық экономикада жұмысты, істі маркетингтік ақпаратсыз ұйымдастыруға бола ма? Болмайтын болса неліктен?

13. Қай банкте жеке адам клиент бола алмайды?

14. Инфляция деген термин нені білдіреді?

- бағаның өсуі

- ақша массасының өсуі

-валюта курсының төмендеуі

- ақшаның құнсыздануы

- азаматтардың сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі

(дұрыс жауапты таңдаңыз)

15. Валюта бағамы қайда анықталады?

- банкте

- валюталық биржа саудасында

- қор биржасының саудасында

- тауар-шикізат биржасының саудасында

- дүкенде

(дұрыс жауап таңдаңыз)

16. Ұсыныстан сұраныс аз болып тұрса валюта бағамы төмендей ме, жоғарылай ма?

17. «Конверсияланбайтын валюта» нені білдіреді?

Что означает выражение «неконвертируемая валюта»?

- Бұл валютаның долларға қатынасы бойынша бағамы төмен.

- Бұл валюта инфляцияға ұшыраған.

- Бұл валюта басқа елдерде жүрмейді.

- Бұл валюта басқа валютамен еркін айналысқа түспейді.

- Бұл валютаның долларға қатынасы бойынша бағамы жоғары.

(дұрыс жауап таңдаңыз)

18. Синонимдерін табыңыздар:

Акция, акция табысы, менеджмент, құнды қағаз, басқару, рынокты зерттеу, маркетинг.

19. Джек Лондонның қай еңбегінде кейіпкерлер акционерлік қоғам құрды?

20. Қай анықтама дұрыс? Пайда дегеніміз:

- баға мен құнның арасындағы айырмашылық

- баға мен өзіндік құнның арасындағы айырмашылық

- шығын мен табыс сомасы

- өзіндік құн мен табыс сомасы

- баға мен табыс арасындағы айырмашылық

21. Екі дос почтада кеш сайын телеграмма тасып жұмыс істеді. Осы еңбектері үшін алғаш ақшаларына Асқар теннис ракеткасын сатып алды, Арман телеграммаларды тасу үшін велосипед сатып алды. Қай баланың ақшасы өндірістік қорлануға жұмсалды?

22. Келтірілген тізімдерден рыноктың үш белгісін табыңыз.

- бәсеке

- мемлекеттік меншік монополиясы

- құн заңының қызметі

- өндіріс сұраныс пен ұсынысқа байланысты дамиды

- анархия

- тауар өндірушілердің көбеюі

- министрліктердің көбеюі

- сұраныстың көбеюі

23. «Алтын кілт» ертегісіндегі Қарабас-Барабас театрдың иесі болғанын білесіздер. Ал экономика бойынша театрды қалай айтуға болады?

24. Дж.Лондонның қай шығармасында жарнама жақсы сипатталады?

25. Экономикалық ұғымдардың ұғымдардың қарама-қарсы сыңарын табыңыздар: еңбек, гүлдену, бәсеке, зиян, банкрот, күйреу, пайда, капитал, өрлеу, монополия, шығын, кіріс.

26. Мақалдарды оқыңыздар да, олардың мағынасын экономикалық терминдер арқылы беруге тырысыңыздар.

Ақшаны ақша жасайды.

Шығасыға иесі басшы.

(шығын иесіне қарай)

Береген қолым алаған.

Кіріс шығыссыз болмайды.

Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.

Қымбат сатып байымас,

Арзан сатып айымас.

Саудада әділ бол,

Әділ байлық – бағың ол.

Ұрлық-қарлықтан жирен, онан да

Сауда-саттықты үйрен.

Алмасаң да саудалас.

27. Біліктілік дәрежесі мен жұмысының сапасына қарамастан бірдей жұмыстың түріне теңдей еңбекақы төлеген дұрыс па?

28. Тұтыну заттары мен көрсетілген қызметтерге ақша жұмсау және оларды үйге жинай беру, оларды пайдалану өнімсіз (табыс әкелмейтін) болып табылатыны неліктен?