
- •Бірінші сабақ
- •Фонетикалық жаттығулар
- •Актив сөздермен жұмыс істеуге жаттығамыз
- •5. Баға. Бағаға қатысты сөздер тобы.
- •Екінші сабақ экономиканы білу – пайда
- •Даналар сөзін тыңдайық
- •Екінші сабақтың жалғасы
- •Үшінші сабақ Уақыт алтыннан қымбат. Уақытты бағалай біл
- •Уақыт туралы
- •Төртінші сабақ
- •Бесінші сабақ
- •Алтыншы сабақ жоспар қажет пе?
- •Бәрі де өз орнында
- •Баға туралы әңгімелесейік.
- •Ресми емес кезде тауардың бағасын қалай сұрауға болады? (Как
- •4. Мына сөз тіркестерін қалай түсінесіз:
- •6. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Орыс тіліндегі оценить, уценить, переоценить сөздерінің қазақша баламасын табыңыздар.
- •8. Сұхбат
- •Сегізінші сабақ
- •Күлейік, демалайық_______________
- •Сегізінші сабақтың жалғасы Табыс тарихы
- •Мәтінді түсінгенін тексеруге арналған тест тапсырмалары.
- •Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындаңыз:
- •3. Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.
- •4.Сұрақтарға мәтінді пайдаланып, жауап беріңіз.
- •9. Мәтінге қатысты өздік жұмысты орындаңыз:
- •Тоғызыншы сабақ
- •Мәтіндерді оқыңыз. Пайда
- •6. Жаттығуларды орындаңыз, дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •7. Сұрақтарға жауап іздеп көріңіз:
- •Шағын мәтінде экономикадағы қандай термин көп айтылады?
- •Сабақты қорытындылау үшін жоспар жасаңыз, жазған жоспарыңыз бойынша сөйлеңіз.
- •Мәтін тақырыбы бойынша семантикалық картаны а)толықтырыңыз:
- •Грамматика: шарт мәнді құрылымдар
- •Сөйлемдерді оқыңыз. Шарт мәнді конструкцияға назар аударыңыз.
- •Сөйлемдерді мәтін мазмұнына сәйкес аяқтаңыз.
- •Есімшенің анықтауыш қызметінде жұмсалуы
- •Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.
- •Қандай қайырымдылық қорлары туралы білесіз?
- •Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындаңыз:
- •Оныншы сабақ меншік және жекешелендіру
- •Он біріншіі сабақ ақша деген не?
- •Даналар сөзін тыңдайық
- •Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:
- •Он бірінші сабақтың жалғасы
- •Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.
- •Сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.
- •Шағын мәтіннің қорытындысы не деп ойлайсыз? Қандай экономикалық ұғымдар бар?
- •Сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.
- •10. Мәтінде қандай экономикалық терминдер берілген, мазмұны не туралы?
- •Тесті орындап көріңіз.
- •Он екінші сабақ банк қызметі
- •Банк тарихынан
- •Банктер
- •Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:
- •Он үшінші сабақ бәсеке керек пе?
- •Экономика маманы мен газет тілшісінің сұхбаты
- •Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Қызметтегі кеңес
- •Саудаласайық, саудаласып көрелік
- •Базаршы жігіт пен ақылды қыз
- •Даналар сөзін тыңдайық
- •Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:
- •Он бесінші сабақ меншік деген не?
- •Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:
- •Он бесінші сабақтың жалғасы
- •Жеке меншік
- •Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.
- •3. Сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.
- •5. Егер өнертапқыш болсаңыз, сіздің қызықты идеяларыңыз....
- •6. Жеке меншік жақсы ма, жаман ба?
- •Грамматика: заттың сапалық сипаты н білдіретін құрылымның берілуі
- •Он алтыншы сабақ маркетинг қызметі деген не?
- •3) Жарнама қызықтары:
- •Жақсы жырды жаттайық
- •Он жетінші сабақ ұқыптылық пен үнемшілдік – экономика жаны
- •Сен ұқыптысың ба, үнемшілсің бе?
- •Ақшадан да қажет не?
- •Үнемшілдік дегеніміз – сараңдық емес
- •Тәуекелшілдік
- •Күлейік, демалайық
- •Даналар сөзін тыңдайық
- •Он сегізінші сабақ
- •Он тоғызыншы сабақ ертегілердегі экономика
- •Қожанасыр мен молда
- •Он тоғызыншы сабақтың жалғасы
- •Бай ма әлде кедей ме?
- •Мәтінді түсінгенін тексеруге арналған тест тапсырмалары.
- •Грамматика: салыстырылудың берілуі. Сапасы бойынша салыстырылу
- •Бірдейлікті білдіретін құрылымдар
- •Жиырмасыншы сабақ
- •«Судың да сұрауы бар»
- •Даналар сөзін тыңдайық
- •Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:
- •Жиырма бірінші сабақ
- •Сөздермен жұмыс.
- •3. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Талқылаймыз
- •4. Мәтінге байланысты түсінікті тексеруге арналған тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындаңыз:
- •Газет беттерінен су мәселесі, трансшегаралық , мемлекет аралық өзендер туралы мақалаларды оқыңыз. (« Айқын» , 24. 09. 2009. 25 – бет.) жиырма екінші сабақ құнды қағаздар туралы не білесіз?
- •Отандық өндірісті көтеру – бәріміздің парызымыз
- •Жиырма үшінші сабақ келіссөздер жүргізейік
- •1. Фирмаңызды қалай таныстырасыз?
- •2. Өзіңіздің сапарыңыздың мақсаты туралы қалай айтасыз?
- •3. Коммерциялық ұсыныстарды қалай айтуға болады?
- •4. Контрактінің (мәміленің) мазмұнын қалай сұрауға болады?
- •5. Мәміленің, контрактінің түрлеру туралы қалай айтуға болады?
- •Контракт, шарт, мәміле терминдерімен тіркесетін сөздер
- •1. Әңгімені қалай бастау керек.
- •2. Келісім, құптау, сенімділікті қалай білдіреді:
- •3. Келіспеуді, құптамауды, қарсылықты қалай білдіреді:
- •Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:
- •Оқулықта берілген тақырыптарға қатысты экономикалық сөздік-минимум
- •Мазмұны
Грамматика: заттың сапалық сипаты н білдіретін құрылымның берілуі
(Выражение качественной и количественной характеристики предмета)
1. Сын есім анықтауыш қызметінде және предикаттың есім бөлігінде.
1 – жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Мұндағы асты сызылған сын есімдер қандай қызмет атқарып тұр, анықтаңыз.
1. Көлдің суы таза және мөлдір, суы ғажайып табиғат туристерді өзіне шақырады.
2. Көлдің суы таза және мөлдір болды.
2 – жаттығу. Берілген сын есімдермен сөз тіркесін құрастырыңыздар.
Үлгі: Өзекті: өзекті мәселе, өзекті тақырып, өзекті сұрақ.
маңызды: ...; мәселе, мұның бәрі; бұл ескертулер.
күрделі: ...; есеп; шешім; қатынас.
түсінікті: ...; сөз; сіздің тілегіңіз...,
қазіргі: ...; көзқарас; пікір....
жұқа: ...; мұз; тақтай.
кішкентай: ...; бала; мүмкіндік..., аяқ киім.
- жаттығу Сөйлемдерді сын есімдерді пайдалана отырып, аяқтаңыз.
Үлгі: Астана ... . Астана қаласы әдемі. Әкем ... . Сәуленің мінезі... . Осы ауылдың адамдары ... . Ертістің төменгі ағысы ... .
(еңбекқор, тік, қайырымды, терең).
– жаттығу. Сөйлемдерді салыстырыңыз.
1. Бұл өлке – бай. |
Бұл өлке минералды ресурстарға бай. |
2. Табиғат мұнда әдемі. |
Мұнда бәрі әдемі. |
3. Мына жол қауіпті. |
Мұхиттың ластануы қауіпті. |
4. Ол баласының дені сау, бақытты болып өсуін қалайды. |
Деніңіздің сау, аман болғаныңызды қалаймын. |
5. Өзеннің кеңдігі сондай, арғы жаға көрінбейді. |
Өзен сондай кең, арғы жаға көрінбейді. |
5-жаттығу. Сөйлемді аяқтаңыз.
Мына жеміс-жидектер ... . Витаминдер денсаулық үшін ... . Тундра өсімдіктерге ... . Көлге теңіз жануарларының қайдан келгені ... . Оған түсіндіріп әуре болмаңыз. Бәрібір ... . Жағдай ..., бір нәрсе істеу керек.
(пайдалы, түсініксіз, кедей, қиын)
6-жаттығу. Мына сұрақтар бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.
Атом станциясында жұмыс істеу денсаулыққа қауіпті ме? Сіздің елдің климаты ауыл шаруашылығына қолайлы ма? Тау ауасы денсаулық үшін пайдалы ма? Сіздің ел табиғат ресурстарына бай ма? Қандай ресурстарға бай?
7 – жаттығу. Сабаққа берілген мәтіннен қандай деген сұраққа жауап беретін сөз тіркестерін табыңыз. Мысалы: Қандай меншік? Жеке меншік.
Он алтыншы сабақ маркетинг қызметі деген не?
Жалпы нарық немесе қазіргі экономика үш тағанға сүйенеді.
Оның бірі – менеджмент, екіншісі – маркетинг (ақпарат жинау, шаруашылықты жүргізуді жоспарлау, ненің қажет екенін болжау), үшіншісі – қаржы.
Маркетинг – істелетін іс пайдамен шығу үшін оны алдын-ала жоспарлайды, сол сала бойынша басқалар не істеп жатқаны жөнінде мәлімет – ақпарат жинайды. Бәсекелестік жағдайында ұтып шығудың жолын қарастырады. Ол алдын-ала жиналған ақпараттарды талдау, өңдеу барысында зиянға қалатынын немесе пайдаға шығатынын біледі. Соған орай шаруа немесе өндіріс орындарына кеңес береді.
Дамыған елдерде маркетинг қызметінсіз бір қадам да жасалмайды. Маркетинг шығарылған өнімді қозғалысқа түсіреді. Яғни маркетингтік ақпарат бағыт-бағдар беретін барометр сияқты. Сонымен, маркетинг дегеніміз – рынокты зерттеу.
Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі.
Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі» деп бекер айтпайды.
Мәтінге тапсырма.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Экономика қандай тағандарға сүйенеді?
2. Маркетинг қызметі деген не?
3. Ақпаратты жинау, шаруашылықты жүргізу ненің қызметі?
4. Шығарылған өнімді қозғалысқа түсіретін не?
5. Жарнамалық шараларды жүргізу маркетингтік қызметке жата ма?
6. Қазір баспасөзде неге жарнама көп?
Төменде берілген жарнама туралы анықтаманы толықтырыңыз.
1) Жарнама дегеніміз – тұтынушыны хабардар ету және осы тауарлар мен қызметтерге сұраныс тудыру мақсатында тауарлар, әр түрлі қызмет түрлері және т.б. туралы берілетін ақпарат.
(Маркетинг. Терминологиялық түсіндірме сөздік-анықтамалық. М., 1991)
2) Жарнама дегеніміз – белгілі бір демеушінің атынан идеялардың, тауарлардың және қызметтердің жеке өзін көрсету үшін емес, оларды жарнамалаудың кез-келген ақылы нысаны (формасы). (Т.Т.Абрамова. Маркетинг: Сауалдар мен жауаптар. М., 1991).