Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

4. Тәрбиенің заңдылығы мен қағидалары

4.1 Тәрбиенің заңдылығы

4.2 Тәрбиенің мета қағидалары

4.3 Тәрбиенің жекелеген қағидалары

Негізгі ұғымдар: заңдылық, қағида, метақағида, табиғи үйлесімділік, мәдени үйлесімділік

4.1 Тәрбиенің заңдылығы

Жоғарыда атап өткеніміздей, білім беру мен тәрбие оқыту процесінің өзара байланысты әрі бағынышты тұстарын қамтиды. Білім беру тек оқумен ғана шектелмейді, сонымен қатар тәрбиелеу қызметін де атқарады. Өз кезегінде тәрбиелеу қызметі де білім берумен ұштасып жатыр десек те қате емес. Сондықтан да білім берудегі заңдар мен заңдылықтар тәрбиелеу қызметіне де қолданылады. Соның ішінде тәрбиеге теория мен тәжірибенің өзара байланысы, тәрбие нәтижелерінің тәрбиеленушілердің қарым-қатынасы мен қызметіне, қызмет түрінің сипатына тәуелділігі туралы т.б заңдарды жатқызуымызға болады.

Әрине тәрбиеге тікелей қатысты өзге де заңдылықтарды жоққа шығармаймыз. Олардың қатарына төменде көрсетілген тәрбие заңдылықтарын атап көрсетуге болады:

  • Тұлғаның дамуындағы жалпы мәдени, әлеуметтік адамгершілік және кәсіби дағдылар қаншалықты үйлесімді болса, соғұрлым адам өзін еркін сезініп, шығармашыл болуға дағдыланады. Түптеп келгенде, тұлға дамуындағы аталған сипаттамалар оның еркіндігін қамтамасыз етіп, шығармашылыққа бет бұруына негіз болады. Қазіргі таңда кез келген адам үшін терең кәсіби білім алып, жалпыадамзаттық мәдениетті игеруге зор мүмкіндік туып отыр, ал бұл дегеніңіз тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған игі бастама.

  • Тұлғаның жалпыадамзаттық мәдениетпен қат қабат дамуы тәрбиенің құнды негіздерінен де көрініс табады. Егер тәрбиенің құнды негіздері біздің жағдайымызда жалпыадамзаттық мәдениеттің басты тетіктерімен ұшатсатын болса, онда тұлғаның дамуы осы мәдениеттің шеңберінде жүзеге асады.

  • Тұлға үшін өзі айналысатын қызметі қаншалықты әралуан әрі өнімді болса, соғұрлым оның жалпыадамзаттық және кәсіби мәдениетке дағылануы тиімді жүзеге асады. Қысқаша айтқанда, мәдениет жетістіктерін игеру тұлғаның өз қызметінің өнімділігімен тығыз байланысты.

  • Тұлғаның жалпы, адамгершілік және кәсіби даму процесі, егер оқушы тәрбиенің субъектісі ретінде қатысса үйлесімділік табады. Басқаша айтқанда, тәрбие міндеттеріне аз күш пен қуат жұмсалғанда қол жеткізіледі, яғни бұл ретте оқушы тек тәрбие процесінің объектісі болып қана қоймай, оның тең құқылы субъектісі болуы шарт.

  • Тәрбие процесіне қатысушылардың адам тағдырына, қоғамға қамқорлық етуге дайындығы олардың гуманистік өмір салтын ұстануын болжайды. Негізінен аталған дайындық өзінен өзі қарастырып отырған адамның гуманизімін, оның гуманистік идеяларын басшылыққа алу дайындығын айғақтайды.

4.2 Тәрбиенің метақағидалары

Күрделі сөздің бөлігі «мета» (грек тілінен аударғанда арасында, кейін, арқылы) көбіне көп аралықты анықтауда, бір нәрсенің артынан ілесуді, басқа қалыпқа өтуді атап көрсетеді. Тәрбиенің метақағидасы белгілі бір тәрбие заңдылықтарына өтуге мүмкіндік береді. Бұл қағидалардың қатарына бірінші кезекте табиғи үйлесімділік пен мәдени үйлесімділік қағидасын жатқызуымыз тиіс.

Тәрбиенің табиғи үйлесімділік қағидасы бойынша, тәрбие жаратылыстану және әлеуметтік процестер байланысын ғылыми түсіну, табиғат пен адам дамуының жалпы заңдылықтарымен сәйкестендіріле отырып қалыптасуы тиіс. Аталмыш қағида оқушының тәрбие процесін оның жасы мен жынысына лайықтап ұйымдастыру жолдарын ұсынады, өз дамуына жауапкершілікті өзі қалыптастыруын болжайды. Сондықтан да қоршаған орта қатынастарына қажетті этикалық нормалар енгізілуі керек, тәрбиеленушіде табиғатты қорғау және жарықты үнемдеуге бағытталған сана қалыптасуы тиіс.

Тәрбиелеудің табиғат(тану) сәйкестілік принципі тәрбиелеу табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне негізделуі, табиғат пен адамзат дамуындағы жалпы заңдармен келісуі керек деп ұйғарады. Бұл принцип оқушыны тәрбиелеу процесінің оның жасы және жынысына сәйкестендіріп ұйымдастырылуын қарастырады, оның жауапкершілігі өз-өзінің жетілуі үшін қалыптасатынын ұйғарады. Сондықтан қажетті этикалық нормалар қоршаған ортаға қатынасы бойынша енгізілуі тиіс, тәрбиеленушіде табиғат қорғау және қуат үнемдеу ойы қалыптасуы керек.

Сонымен тәрбиелеу шегіне жету үшін адам планеталық және жаһандық мәселелерді айқын түсіне отырып, өзін әлемнің азаматындай сезіну жағдайында болуы керек. Оның табиғатқа және социумға, сондай-ақ оның бөліктеріне деген қатысушылық даму сезімі болатындай, өзіне адамзаттың тіршілік ортасына сияқты, табиғат үшін және барлық планета үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыруы өте қажетті.

Тәрбиелеудің мәдени сәйкестілік принципі тәрбиенің мәдениеттің жалпы адамзаттық құндылығына негізделуін және де осы немесе басқа да ұлттық мәдениеттердің құндылықтары мен нормаларына, жалпы адамзаттық құндылықтарға қарсы шықпайтын халық салттарының өзіне тән ерекшеліктері есебімен сәйкес құрылуын қарастырады. Сондықтан оқушылармен тілдесу барысында этностың, қоғамның және т.б мәдениеттердің түрлі қабаттарына мақсат қойылады. Тәрбие оқушыға әлемде және өзінде болып жатқан өзгерістерден хабардар болуына көмектесуі қажет. Тәрбие оқушыға барынша жағымсыз әсерлердің аз болатын тәсілдерін табуы тиіс.

Мәдени сәйкестендіру принципінің жүзеге асуы түрлі социумдардың мәдени құндылықтарындағы айырмашылықтары кесірінен қиындауы мүмкін. Бұл қиындықтарды жеңу үшін көптеген социумдар үшін маңызды жалпы рухани және материалды құндылықтарды әрдайым ескеріп отыру қажет.

Басқа метапринциптерден ерекше мағынаға ие:

- жеке тұлғаның тоқтаусыз жалпы және проффесионалды жетілу принципі.

- тәрбиеде әрекетке жақындық принципі.

- оқушыға оның индивидуалды ерекшеліктерінен тәуелсіз бірегей көрінісі туралы сияқты көз алдына елестетуді қамтамасыз ететіндей қатынастың жандану принципі.

- профессионалды-этикалық өзара жауапкершілікті қамтамасыз ету принципі.