Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

1.Тұлға, индивд, даралық ұғымдарына түсініктеме беріңдер

2.Дамулың күші не?

3.Тұлғаның даму белгілері қандай

4.Әрекетшілдік дегеніміз не

5.Тәрбиелеу мақсатына түсініктеме беріңдер

6.Тәрбиелеудің заңдылықтарымен принциптерін келтіріңдер

7. Өзін өзі тәрбиеледің негізгі әдістері атаңдар

Рефераттар тақырыптары

1.Тұлға және оның даму мәселелері

2.Тұлға даму процессінде әрекетшілікпен қарама қатынастың рөлі

3.Тәрбие берудің заңдылықтарымен принциптері

4.Адам өміріндегі өзін өзі тәрбиелеу

Әдебиет

1.Государственный общеобязательный стандарт образования РК. - Астана, 2009.

2.Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя.- М., 1989.

3.Коркина В.И., Тишмаганбетова Г.С.Общие основы педагогики.- Караганда, 2006

4. Коротов В.М. Введение в педагогику. - М., 1999

5.Педагогика /Под ред. В.А.Сластенина. - М., 2008

6.Подласый И.П. Педагогика. В 2кн.-М., 2002.

7.Рапацевич Е.С. Педагогика. Современная энциклопедия. – Минск, 2010

8.Франкл В. Человек для себя. - Минск, 1992.

9.Харламов И.Ф. Педагогика. - М.,1990

Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу

6.Адамгершіл тұлғаны сипаттау

6.1.Адамгершілік және адамагершіл тұлға

6.2.Адамгершілік құндылықтары

6.3.Адамгершілік қасиеттер калыптасуының белгілері

II Бөлім. Гуманистік тәрбие

6. Гумандық тұлғаның мінездемесі

6.1. Гуманизм және гумандық тұлға

6.2. Гумандық құндылықтар

6.3.Признаки сформированности гуманных качеств.

Негізгі ұғымдар: гуманизм, ізгілік, гуманисті жеке тұлға, гуманисті жеке тұлға критерийлері, өзін—өзі бағалау, келісімшарт(конвенция).

6.1. Гуманизм және гуманисті тұлға

Адамзат тарихына адамдар бір-бірін аяусыз жойған, жаппай қан төгілген соғыстармен толы көп кезеңдермен таныс. Көп жылға созылған және қысқа мерзімді қақтығыстардан миллиондаған халық қаза тапты. Тарихқа сонымен қатар адамды хайуан жағдайына дейін төмендеткен құқықсыз құлдық кезеңі, халықтың соншама және басқа да негіздері бойынша жеке топтарды кемсітушілік кезеңдері де таныс. Адамзатқа өз дамуында адамзат өмірінің өзін-өзі бағалауды түсінуіне әкелетіндей халықтың бірлесіп тіршілік ету дәуірі қажет болды. Адамзат тегін жалғастырушы өкілдері адамзаттың құндылығын оның қоғамдық және дүние-мүліктік жағдайынан тәуелсіз мойындайтын көзқарастар жиынтығын көрсететін гуманизм идеясын көтермеледі.

«Гуманизм» (лат. Humanus – адамдық, адамгершіліктік) термині астарында адамзат құндылығын тұлға ретінде, оның еркін жетілуіне құқығы және өз пікірінің пайда болуын мойындау деп, қоғамдық қарым-қатынас деңгейінің бағалау критерийі ретіндегі адам игілігін нығайту деп түсіндіріледі. Гуманизм адамның барлық тіршілік иесіне гуманисті қарым-қатынаста болуы, яғни өнегеліліктің маңызды жалпы қоғамдық нормасы болып табылатын ізгілікте екендігін көрсетеді. Ізгілік – бұл адамға, адамдар тобына, тіршілік иелеріне тұлғалықты орнату жүйесі. Орнатудың бұл жүйесі өнегелі нормалар мен құндылықтармен келісілген, қиналу мен қуану күйзелісін ұғынумен көрсетілген, ол тілдесу және де жәрдемдесу, ортақтасу, көмектесу әрекеті мен қызметінде жүзеге асырылады.

Ізгілік – бұл адамдарға деген қамқорлық, рақымшылық, ақ ниеттілік, кішіпейілділік. Ол «қайғыға душар болған адамға бірге уайымдасу, көмекке келуіне даяр екендігі, барлық өмірлік жағдайларда жақсылық жасау және жамандыққа қарсы тұру кезінде көрсетіледі. Гуманисті адам тек қайғыны бөлісу емес, сонымен қатар басқа да адамдардың табысымен қуану, жетістіктерін мойындау да оның қолынан келеді» (Е. С. Рапацевич). Гуманисті адам басқа адамдарды ұлтынан, әлеуметтіу жағдайынан және басқа да көрсеткіштіктерінен тәуелсіз сыйлайды. Оған қызғаныш пен табалаушылық, сонымен қатар қатыгездік пен адамның абыройын таптау сезімдері жат.

Қазіргі адамзаттық қауымдастығының ізгілік мәселесіне қатынасы 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған «Бала құқықтары туралы келісімшарттарда» өз көрінісін тапты. Келісімшарт бала білімінің төмендегілерге бағытталу керектігін тапсырады:

Бала тұлғаның, талантының, саналы және физикалық қабілеттерін барынша толық жетілдіру;

  • Адам құқығына және негізгі еркіндігіне сыйластықты тәрбиелеу;

  • Баланың ата-анасына, оның мәдениет ерекшелігіне, тілі мен құндылығына, елдің ұлттық құндылықтарына, оның меншігінен өзгеше өркениетке деген сыйластықты тәрбиелеу;

  • Баланы барлық халықтардың, этникалық, ұлттық және діндік топтар арасындағы достастықты түсінуге лайық еркін қоғамдағы зерделі өмірге дайындау;

  • Қоршаған ортаға деген сыйластықты тәрбиелеу.

Әлемге гуманистік қатынасты орнатуға бағыттауды бекітетін алдағы елдердің басқа да құжаттары мен уағдаластығы пайда болды.