Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

9.2. Отбасындағы баланың орны

Тұлғаның адамгершіл сапасының дамыту ісінде белгілі рөлді отбасыдағы баланың мәртебесі ойнайды. Баланың отбасыдағы мәртебесінің төмендегі рөлдерден қарауға болады (Е.С.Рапацаевич)

1. Отбасы мақтанышы. Баланың жетістіктеріне қуана каруы, отбасының өмірі толықтай оған арнаулы. Ақиқаттық немесе бояма, бірақ жалпыға бірдей аса масаттанушылығы балада эгоцентризмді тудырады. Ол нәзік болып өседі, жасқаншақ, бірақ басқаларға деген адамгершілік сезім мен адамгершілік қарым-қатынас таныта алады.

2. Анасының алтыны. Айтылмыш бала отбасындағы бір ғана адамның мақтанышы болады. Бала қарым-қатынастан ыстық көңілден салқын қабылдамаушылыққа дейін сынайды. Бұл оған қоғамда деген орнын таба алмайды, бұл оған теріс қатынасты көрсетеді. Мысалы, «анасының баласы» өзімен жасты балалар арасында мазаққа айналады. Мұндай балаға дәстүрлі жыныстық рөлді игеруге киын болады, бұл сырттың адамдарымен оның қарым-қатынастарында байқалады.

3. Тіл алғыш. Бұл – сырттай жақсы тіл алғаш бала, үлкендердің айтқан ісін бұлжытпай орындайды. Оның сыртқы танымал тәртібімен ол ешқандай уайымдылықты байқатпайды, іскі жан дүниесі жабықкүйінде қалады. Мұндай балада екіжүзді болып кетуіне қауіпі бар, ол үрейлі болуы мүмкін, өзіне сенімсіздік. Сондықтан одан адамгершілік қасиеттерді күту қиындаққа соғады.

4. Аурушаң. Бұл бала ауру жазылғаннан кейін де өзін-өзі әлі де ауру және әлсіз деп санайды. Біртіндеп ол оның және отбасы мүшелерінің санасына орнығып калады. Бала әрдайым өзіне деген түпкілікті көңілді сұрайды, шүбәланғыш және бейтарап болып өседі. Ол басқаларға деген адамгершілік қасиетін көрсете аламайды.

5. Жаман бала отбасыда тек ғана кернеудің және жағымсыз эмоциянің бастауы болып табылады. Оның отбасындағы орны «азаптаушы» болады. Мұндай бала ашулы, өзінің істерінде ешқандай шекаралардың болмауы, қыпық, талапсыз адам болып өседі. Ол қағамда өз орнын таба алмайды, көбіне бұл – адамгершілігі жок адам.

6. Золушка. Ол – айтқанды мүлтіксіз орындайтын, отбасындағы барлық істерді, Мұндай бала төмендетілген болып өседі, өзіне семінді емес, қызғаншақ, жалтақтағыш болады. Мынадай бала тарапынан адамгершіл істің күдікті айқындалады.

Айқан байқалғандай, осындай топтастыру шартты түрде болады, сонымен қатар бұл жерде адам даму жолдағы кедергі болатын, жағымсыз рөлдер көрсетілген. Бала бірнеше рөл белгілері айқындалуы мүмкін.

9.3. Отбасындағы адамдық тәрбиенің негізгі ережелесі

Нәтижесінде отбасындағы тәрбие, ең алдымен, ата-ананың педагогикалық мәдениетінен, отбасындағы адамгершілікті – психологиялық жағдай және отбасы мүшелерінің арасында қалыптасқын қарым-қатынасымен байланысты. Әр отбасы ішіндегі туындаған мәселені, сонымен бірге тәрбиелеудегі мәселені өздерінше шешеді. Барлық түрлілікті мәселелердің шешу жолдарына қарамастан, отбасындағы дәстүрлі бала тәрбиесіндегі, оларға адамгершілік қасиеттерді үйрету, әлдебір мәселелерді ортақ тұжырымдауға болады. Арада құрамда тұлғаның адам тәрбиесіндегі адамгершіл қасиеттерді төмендегідей көрсетілген.

1. Тапсырмалар, талап және тапсырмалар отбасының кіші мүшесімен орындалуы. Мұндай талап ету баланы өз алдында көтепмелейді. Отбасындағы үлкеннің өтінішін орындай отырып, бала басқа адамдардың өтінішіне жағымды түрде қарайды, ол адамгершілікті көрсетеді.

2. Көбіне үлкен кісі мен әлсіз адамдарға деген күтімін іс жүзінде және іс әрекетпен көрсету керек. Бала ата-ананың, отбасындағы үлкен мүшелердің күнделікті өмірде адамгершілік іс-әрекеттермен айналысқанын көріп, түсініп , іс жүзінде атқару қажет.

3. Отбасыда жеке адамгершілік жанасушылықты орнату керек және әрбір отбасы мүшесі басқалардың жылулығын сезіне отырып, соларға деген жылу сезімін көрсете білуі.

4. Адамгершіл тәртіпті баланың есіне жанама сақтай енгізуіді қолдану. Адамгершілік қасиетті сөзбен жеткізгеннен гөрі, бала адамгершілік іс-әрекет қасиетті ата-анасына немесе мәнді тұлғалардың орындалуын көргенде тез жаттап алады.

5. Баланың сәтсіздіктері мен қателігін мойындау. Түпкілікті наразылықтар немесе кетік-тетіктерімен түсіру баланы бейтарап тұлға, өзіне сенімсіз, адамгершілік іс-әрекеттерге зейінсіз етіп қалыптаутыруы мүмкін.

6. Баланың әрбір адамгершілік іс-әрекеттері сай отбасы тарапынан баға беріліп отыру тиіс. Балаға мұндай істерді отбасында марапатталуын түсіндіру керек, бұл дегеніміз адам тәрбиесіндегі әдеттегі айқынды іс-әрекет.

7. баланың әрбір адамгершілік емес іс-әрекетіне сай уақтылы және негізді баға алу қажет. Бұл баға отбасының үлкен мүшелеріне деген балада кек емес, адамгершілік емес қасиеттерін түзеуге бағытталуы керек.

8. Отбасындағы адамдық қасиетті орнату үшін, отбасы тәрбиесі еркін түрде негізделуі, адамдық және демократиялық, улкендер мен балалар арасындағы тең құқылы болуын орнату. Ата-ана баланың ішкі жан-дүниесін түсінген кезде ғана, баланы адамгершілік қасиетке үйрету керек.

«Баланы тәрбиелей отырып, ата-ана мемлекетіміздің және әлемнің болашағын тәрбиелейды» дегенді еске түсіруіміз керек (А.С.Макаренко).

Өзін-өзі бағалау сұрақтары

1. «Адамжық» және «Адамгершілік тәрбие» деген сөздерге ұйғарым беріңіздер.

2. Адамгершілік тәрбиенің мақсаттарын атаңыз.

3. «Баланың негізгі құқықтарының» негізгі пункттарын атаңыз.

4. Адамгершілік қасиеттерді атап айтыңыз.

5. Адамгершілік қоғамға сипаттама беріңіз.

6. Педагогиканың негізгі адамгершілік-тұлғаға сипаттама беріңіз.

7. Отбасы тәрбиесіндегі негізгі факторларды атап айтыңыз.

Рефераттар тақырыбы

1. Адамгершілік тәрбие

2. Адамдық-тұлға педагогикасы.

3. Адамгершілігі мол тұлға.

4. Отбасындағы адамдық тәрбие.

Әбедиеттер

1. Амонашвили Ш.А. Размышление о гуманной педагогике. – Москва, 1996.

2. Бейсенбаев А.А. Теория и практика гуманизции школьного образования. – Алматы, 1998.

3. Макаренко А.С. Собрание сочинеий в пяти томах. – Москва. 1971.

4. В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов. Педагогика. – Москва, 2008.

5. Петровский А.В. Личность, деятельность, коллектив. – Москва. 1992.

6. Подласый И.П. Педагогика. Книга 2. – Москва. 2002.

7. Рапацевич Е.С. Педагогика. Современная энциклопедия. – Минск, 2001.