Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1241_debiet_seessia.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
219.19 Кб
Скачать

1-билет – Ауыз әдебиеті

1.Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. [1]Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. [3]Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханаданбастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдықаңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан. Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 — 15 ғасырлардағыСыпыра жырау,Асан Қайғыданбастап кешегіЖамбыл,Нұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ.[4] Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б.), ертегілер,аңыздар, әпсаналар,мифтер,эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс,шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі — тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеум. талап-тілектері мен көркемдік Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдандан басталады.РесейденҚазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда жүзеге асты.[9] В.В. Радлов,Г.Н. Потанин,Ш.Уәлиханов,А.Е. Алекторов,А.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды.[10]Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл. тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваевбастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.сұраныстары.[11] Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклорүлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.[12] “Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты.[13]Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды.М.Әуезов,Е.Ысмайылов,Қ.Жұмалиев,М.Ғабдуллин,Ә.Қоңыратбаев,Ә.Марғұлан,Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл,Р.Бердібаев,М.Мағауин,С. Қасқабасовт.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман — Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл.-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Оларайтыс,беташар,жар-жаржәне т.б.[14]

2. Балалар әдебиетінің даму жолы,қалыптасу тарихы Дүниедегі барлық зат карама-қарсылықтың бірлігінен тұрады дейтін болсақ, балалар соның себебін айқын-дау, іздестіру арқылы ғана өмірді дұрыс тани білетін, сол өмірдің түрлі қайшылықтарына карсы тұра алатын төзімді күрескер, өмірге бейім азамат болып өсуі тиіс. Жас азамат өмір тартысының неше алуан қиындығын көріп, сол өмір тартысына өзі араласып өскенде ғана соның түрлі себептерін біледі. Өз халқының нағыз патриоты, жан сүйері жэне жас азамат деген данққа, ел кұрметіне бөленеді. Әдебиеттің халықтығы мен партиялығы деген принцип ұлт әдебиеттерінің социналистік реализм әдісін колдануына негіз болды. Казіргі кезде әдебиеттердің өзара байланыстары мен бір-біріне ететін әсерін сөз еткенде тек осы принциптер ғана ең сенімді бола алады. Қазақ совет балалар әдебиетінің даму процесі әдебиеттердің өз ара карым-катынасына, бір-біріне әсерлене байланысты өркен жайды. Жалпы әдебиетке қойылған талаптар сияқты, балалар әдебиетіне де әдебиеттің халықтығы, партиялығы және социалистік реализм деген талаптар қойылады. Баланың талғамы, ойы, ықыласы, есі, қабілеті, тілінің даму мәдениеті, олардың өсу, есею жылдарына карай әр түрлі ерекшеліктері болады. Жазушы балалардың осындай ерекше-ліктерімен санамыстай болмайды. Жазушы тіл шеберлігін игерумен қатар, алдыңғы қатардағы білімді, мәдениетті азамат болумен қатар, бала тәрбиесіндегі мақсаты мен міндетін ұмытпауы керек... «Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан жастағы оқушылардың барлық өзгешеліктерін ескеруге тиіс. Бұлай етпеген күнде онын кітабы балаға да, үлкенге де керексіз, иесі жоқ кітап болып шығады» . Балалар әдебиетіне қойылатын критерия да осындай. Мұны біз балалар әдебиетінің критериясы жайында басқа дәлелдеулерді керек етпейтін аксиома деп есептейміз. Ба-лалардың оқуына ұсынылатын әдебиеттерді іріктеп алуда да біз осы теорияға жүгінеміз. Баланын жасы кіші болған сайын балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері айқын көріне береді. Ал, бала жасы ұлғайған сайын балалар әдебиеті мен үлкендер әдебиетінің айырмашылығы білінбей, бірігіп кетеді. Тіпті «Ғылым адамды қалай алып етті» деген тақырыпқа да жазуға болады. Сол, «Алып адам жаратылысты өзіне қалай бағындырды» деген тақырыпта баланы керемет қызықтырған болар еді. Балалар әдебиетіне сондай зор мән бере келіп, М. Горький балалар әдебиеті ең алдымен тәрбие кұралы екенін айтқан еді. Балалар әдебиеті ғылыммен, тәрбиемен тығыз байланысты болуын талап етті. Мұндай такырыптарға жаза білу үшін жазушы алдымен білімді, талантты, тіл көркемдігін игерген шебер болуға тиіс. Тақырып жайын сөз ете келіп М. Горь-кий: «Телескоп, телевидение адамның көзбен көрушілігін ұзартты, микроскоп оны тереңдетті. Телефон, радио есітуді күшейтті. Жер бетінде сумен, ауамен сапар, шегудің қазіргі кездегі жаңа амалдары — аяқты ұзартты. Алыста тұрып басқару — колды ұзартты,— дейді. Мүндай тақырыптарға жазу баланың ой-өрісін дамытуға себепкер болар еді. Тақырып таба білу де балалар әдебиеті үшін үлкен жаңалық. Техника табыстарьш әңгіме ету қазақ балалар әдебиетінде әлі күнге дейін көтерілмеген кенже қалған мәселе. Бұл казақ балалар әдебиеті алдында тұрған шешілмеген үлкен проблема. Осының бәрін қорыта келгенде айтарымыз: 1) Соиалистік реализмнін міндеті — адамның ұлылығы мен творчестволық тапқырлық; талантын, еңбегін мадақтау. Сол арқылы коллективтік ортаның ролін, оның өміршендігін көрсету. 2) Оның сенімі — әдебиеттің халықтығы мен партиялығына сүйену. 3) Оның идеалы — социализм және коммунизм құрылысы. 4) Оның әдісі — өнегелі адамдар образын типтендіріп суреттеу. Сыншы арқылы ұлт пен ұлттын ынтымағының бірлігін, интернационалдық рухын көтеру, сөйтіп, жас өспірімдерді коммунистік рухта тәрбиелеу. 5) Оның бағыты— жоғары мақсатқа — коммунизмге жету. Әлем таныған әдебиеттің келешегі мол, алға қойған мақсаты, өміршеңдігі — осы. Біздің ата-бабаларымыз ерте заманная бері қарай өз өміршің жалғасына, жас ұрпақка, халыктың мол тәжірибелері мен даналық ойларынан туған өсиетті — достықты қастерлеуді, халықтар достығын нығайтуды мұра етіп қалдырған. Бұл жөнінде бұдан мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы ойшыл, данышпан Әбунасыр Мұхамет Әл-Фараби: «Егер халықтар бақытты өмірге жету жолында бір-біріне қол ұшын беріп, көмектесетін болса, бүкіл жер беті мейірім шапағатқа толып кетер еді»,— деп жазған еді. Данышпан ғалымның бұл айтқандары казіргі кезде іске аса бастады. Жаңа тарихи қауым арасындағы қоғамдық қатынасатар күшейіп келеді. Әдебиеттердің өз ара байланыстары мен өзара әсері нығайып келеді. Әсіресе ұлы орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы қоғамдық қатынастар тіпті ерте замандардан-ақ басталған еді. Ұлы орыс халқының таңдаулы ұлдары В. Бартольд, В. В. Радлов, А.Н. Веселовский, И. Березин, А. Алекторов, Н. Потинин, Ф. Достоевский, В.И.Даль, А.В.Васильев, П.М.Мелиоранский, В. Катаринский, Н.Пантусов, Мамин-Сибиряк тағы басқа жазушылар мен шығысты зерттеушілер орыс пен казақ халқы арасындағы өзара әдеби және мәдени байланыстар мен қатынастарды күшейтуге мейлінше мол еңбек сіңірді. Олар қазақ халқының әдетін, ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін өз халқына танытуға күш салды. А. В. Васильев қазақ халқының түңғыш грамматикасын жазды. Шоқан мен Достоевскийдің достығы, Н. Ильминский мен Ыбырай Алтынсариннің достығы бүгінгі жас ұрпаққа үлкен үлгі боп калды. Ал, Н. Веселовский ең алғаш Абай өлеңдерін аударуды ұйымдастырушылардың бірі болғанді. Сөйтіп, қазақ халқы ұлттық даму қажетіне қарай өзге әдебиеттермен байланыс қарым-қатынасында ұлы орыс халқының классикалык әдебиетіне сүйенді. Әдеби байланыстар ұлы прогреске бастап, халықтар достығының кайнар бұлағына айналуда. Ыбырай Алтынсарин, Абай Кұнанбаев, Спандияр Көбеев аударған Крылов мысалдарынан бастап, 1889 жылы А. Пушкиннің «Балықшы мен балық хақында», «Хан салтан туралы ертегісі» Орта Азия халықтары ішін-де ең бірінші болып қазақ тіліне аударылған еді. Сол кездің өзінде-ақ, бүл казақ балалар жазба әдебиетінің ірге тасын қаласқан текдесі жоқ мол мұра боп қала берді. Мұқтар Әуезовтің сөзімен айтқанда мұның өзі: «Ол (Пушкин) мәдениет қазынасынан жаңа бір заманды бастап келіп кірді... Оның ықпалымен жаңа бір орта қалыптасты және бұл ықпал әрдайым тарихи перспективалы болды, белгілі бір әдебиеттің бұдан былайғы бүкіл даму жолы үшін кұткарушы ықпал болды»,— дейді. Мұнымен қатар балалар әдебиетіне дүние жүзіндегі барлық халықтар ерекше көңіл бөледі. Даниель Дефонын «Робинзон Крузо», Чарлз Диккенс пен Марк Твеннің повестері мен Жюль Верннің романдары және Сетон — Томпсонның әңгімелері қазақ тіліне аударылып, балалар әдебиетінін қорын молайта бастады. Вена каласында балалар және жас өспірімдер әдебиетінің дүние жүзілік гылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Мювхен қаласында жастармен балалардың халықаралық кітапханасы бар. Міне осындай дәстүрлі әдеби байланыстар негізіңде Ленин партиясы басшылық етіп отырған біздің елімізде казақ совет балалар әдебиетінің аса мол рухани қазынасы жасалды. Совет Одагындағы барлық республикалар әдебиеті социалистік реализм әдісін колданғандықтан, олардың бір-бірімен ара қатынастық байланыстары да күшейе түсті. Өйткені бұлардың мақсаты, эстетикалық идеалы бәріне бірдей ортақ мүддені қолдайды, коммунизм құру идеясын жақтайды. Мұнымен қатар әдебиеттердің өз ара байланыстарын күшейтуге себепкер болып отырған тіл. Ұлы орыс халқының тілі Советтер Одағында өмір сүріп отырған халықтардың бір-бірімен ара катынастық байланыстар жасауларына мүмкіндіктер туғызды, жағдайлар жасап берді. Қазақстан Коммунистік партиясының X съезінде сөй-леген сөзінде академик жазушы, Социалистік Еқбек Ері Ғабит Мүсірепов «Әрқашан естен шыкпайтын бір каси-етті нәрсеміз бар. Ол — Бүкіл ұлттық әдебиеттердің дәстүрлі ортақ тілі болып отырған орыс тілінін баға жетпес ұлы қызметІ мен маңызы. Осы тіл арқылы біздің кітап-тарымыз көп ұлтты совет оқушысының кең көлемді жұртшылығына жетеді, осы тіл арқылы біздің кітаптарымыз дүние жүзілік аренаға көтерілді. Осы тіл біздер үшін, қазактар үшін Бүкіл дүние жүзінің озат әдебиеті мен мәдениетіне жол ашып отыр»,— дегені социалистік өмірі-мізде болып жатқан әдеби байланыстар жайындағы нағыз ақиқатты танытады. Шынында М. Горькийдің «Балалық шақ», Бонч-Бруевичтіқ «Біздін Ильич», А. Кононовтық «Ленин туралы әкгімелер» деген шығармаларынын қазақ тіліне аударылып, үлкен үлгі-өнеге көрсетуі осының айкын айғағы, дәлелі деп білеміз. Мұның үстіне М. Горькийдің «Жауапсыз адамдар туралы», «Балаларға әдебиет», «Тақырып туралы”, «Ертегілер жа-йында» т. б. балалар әдебиетінің теориясын дамытқан ғылыми мақалалары балалар әдебиетін қалай жазу керектігі жайында, әсіресе, қазақ балалар жазушылары үшін басшылыққа алынған, әрқашан үйреніп отырған зор еңбек. Орыс халқы әдебиетінен осындай шығармалардың аударылуы арқылы Қазақ совет балалар әдебиеті бұрынғысынан да толығып, кең өріс алды. Біздің жас өспірімдеріміз үшін әсіресе ұлы кесем В. И. Лениннің революциялық күрес жылдары тұсындағы өмірі мен қызметі туралы жазған көлемі шағын болса да мазмұны тартымды А. Кононовтың «Ленин туралы әңгімелер» деген шығармаларылық үлкен тәрбиелік маңызы болды. Бұл әңгімелерді оқыған қазақ балалары «Хан салтан туралы ертегісі» Орта Азия халықтары ішінде ең бірінші болып қазақ тіліне аударылған еді. Сол кездің өзінде-ақ бұл қазақ балалар жазба әдебиетінің ірге тасын қаласқан теңдесі жоқ мол мұра боп кала берді. Мұқтар Әуезовтің сөзімен айтқанда мұның өзі: «Ол (Пушкин) мәдениет қазынасынан жаңа бір заманды бастап келіп кірді... Оның ықпалымен жаңа бір орта қалыптасты және бұл ықпал әрдайым тарихи перспективалы болды, белгілі бір әдебиеттің бұдан былайғы Бүкіл даму жолы үшін кұткарушы ықпал болды»,— дейді. Мұнымен қатар балалар әдебиетіне дүние жүзіндегі барлық халықтар ерекше көңіл бөледі. Даниель Дефоның «Робинзон Крузо», Чарлз Диккенс пен Марк Твеннің повестері мен Жюль Верннің романдары және Сетон — Томпсоннын әкгімелері қазақ тіліне аударылып, балалар әдебиетінің қорын молайта бастады. Вена қаласында балалар және жас өспірімдер әдебиетінін, дүние жүзілік ғылыми зерттеу институты жұмыс істейді. Мюнхен қаласында жастар мен балалардың халықаралық кітапханасы бар. Міне осындай дәстурлі әдеби байланыстар негізінде Ленин партиясы басшылық етіп отырған біздің елімізде қазақ совет балалар әдебиетінің аса мол рухани қазынасы жасалды. Совет Одағындағы барлық республикалар әдебиеті социолистік реализм әдісін қолданғандықтан, олардың бір-бірімен ара қатынастық байланыстары да күшейе түсті. Өйткені бұлардың мақсаты, эстетикалық, идеалы бәріне бірдей ортақ мүддені қолдайды, коммунизм құру идеясын жақтайды. Мұнымен қатар әдебиеттердің өзара байланыстарын күшейтуге себепкер болып отырған тіл. Ұлы орыс халқының тілі Советтер Одағында өмір сүріп отырған халықтардың бір-бірімен ара қатынастық байланыстар жасауларына мүмкіндіктер туғызды, жағдайлар жасап берді. Казақстан Коммунистік партиясының X съезінде сөйлеген сөзінде академик жазушы, Социалистік Еңбек ері Ғабит Мүсірепов «Әрқашан естен шықпайтын бір қаси-етті нәрсеміз бар. Ол — Бүкіл ұлттық әдебиеттердің дәстүрлі ортақ тілі болып отырған орыс тілінің баға жетпес ұлы қызметі мен маңызы. Осы тіл арқылы біздің кітаптарымыз көп ұлтты совет оқушысының кең көлемді жұртшылығына жетеді, осы тіл арқылы біздің кітаптарымыз дүние жүзілік аренаға көтерілді. Осы тіл біздер үшін, қазақтар үшін Бүкіл дүние жүзілік озат әдебиеті мен мәдениетіне жол ашып отыр»,— дегені социалистік өмірі-мізде болып жатқан әдеби баланыстар жайындағы нағыз ақиқатты танытады. Шынында М. Горькийдің «Балалық шақ», Бонч-Бруевичтің «Біздіқ Ильич», А. Кононовтык «Ленин туралы әкгімелер» деген шығармаларының қазақ тіліне аударылып, үлкен үлгі-өнеге көрсетуі осының айқын айғағы, дәлелі деп білеміз. Мұның үстіне М. Горькийдің «Жауапсыз адамдар туралы», «Балаларға әдебиет», «Тақырып туралы», «Ертегілер жа-йында» т. б. балалар әдебиетінін теориясын дамытқан ғылыми мақалалары балалар әдебиетін қалай жазу керектігі жайында, әсіресе, қазақ балалар жазушылары үшін басшылыққа алынған, әркашан үйреніп отырған зор еңбек. Орыс халқы әдебиетінен осындай шығармалардың аударылуы арқылы Казақ совет балалар әдебиеті бұрынғысынан да толығып, кең өріс алды. Казақ совет балалар әдебиеті өзбек, қырғыз, татар, башқұрт, азербайжан, түрікпен, тәжік, карақалпақ, дағыстан және басқа туысқан халықтар әдебиетінін озык шығармаларынық қазақ тіліне аударылуымен де толыға түсті. Казақ балалары туысқан халықтар әдебиеттерін оқып, олардың өмірімен танысуға мүмкіндік алды. Тәжік халқының қарт жазушысы Садриддин Айнидің «Мектеп» атты өмірбаяндық повесі, М. Миршакардың «Алтын қыстақ» атты атақты поэмасы, өзбек халқының атақты ақыны, мектеп мұғалімі Куддус Мухаммадидік «Мектеп балалары және көктем», Эрназар Рузиматовтык «Дос-тык» және 1960 жылы «Жазушы» баспасы бір топ взбек жазушыларының «Сахара самалы» атты балаларга арналған әңгімелер жинағын бастырып шығарды. 1973 жылы түрікпен ақыны Каюм Тангрукулиевтің балаларға арналған өлендер жинағы басылды. Лениндік және Мем-лекеттік сыйлықтың лауреаты, қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Менің алғашқы мұғалімім», «Ақ кеме» повестері мен «Солдат ұлы» атты әңгімесі қазақ тіліне аударылып, үлкендермен қатар, балалардың да сүйіп оқитын шығармаларына айналып кетуі казақ совет балалар әдебиетінің де үлкен табысы деуге болады. Әсіресе «Менің алғашқы мұғалімім» атты повесіндегі бала тағдыры, мектеп өмірінің суреттелуі, жаңалыққа жаны қумар мұғалімпің жетім балаларға деген ерекше камкор-лық ролі бәр-бәрі балаға білім беру, балаларды тәрбиелеу мақсатына кұрылған. Айтматов суреттеп отырған мүғалімнен ұстамдылық та, іскерлік те көрінеді. Оның әр қимылы, әрекеті, күресі тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді барған сайын толқындана түседі. Біріп-бірі байытып, бірін-бірі толықтырып, өркен жайып келе жатқан совет балалар әдебиетінің байланыстары арқылы қазақ совет балалар әдебиетінің тәрбиелік ролі, көркемдік мәні артып, күннен-күнге шыңдалып келеді. Қазақ, балалары басқа туысқан халықтар әдебиетік оқуы арқылы олардың тарихынен, әдет-ғұрып салтымен, мәдениеті мен танысуға, білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды. Әдебиет байланыстары арқылы халықтар достығынын интернационалдық саяси бірлігі нығая беруіне зор мүмкіндіктер жасалды. 3. Оқу білім туралы бес мақал

Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Білмесең үндеме, Білгенді күндеме.

Білім гауһар, бағасы жоқ. Надандық кесел, дауасы жоқ.

Киіміне қарап қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады.

Ақыл - тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.

Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.

2- билет

1.Ертегі халықтық тәрбиенің құралы. Қай заманда болмасын азамат алдында тұратын ұлы мұрат–міндеттердің ең бастысы–өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Халық педагогикасында баланың қиялын, оны дамытуға әсер ететін құралдар көп. Соның бірі – ертегі.Ертегілер жарқын, бейнелі әрі қысқа болуы тиіс. Ертегілік бейнелер арқылы балалардың санасына сөз өзінің ең нәзік реңімен енеді, ол баланың рухани өмірінің сферасы, ойлар мен сезімдерін білдірудің құралына – ойлаудың жанды шындығына айналады. Қазақ ертегілерінің оқу-тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктерін қарастырған педагог ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері де баршылық. Мысалы, С.А.Ұзақбаеваның қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие, Р.К Төлеубекованың халықтық педагогиканың бала тәрбиелеудегі рөлі, Г.А.Мұратбаеваның қазақ халық ертегілері арқылы орыс тілді мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде теориялық тұрғыдан айқындаса, А.Ж.Едігенова қазақ халық ертегілері арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыруды жан-жақты қарастырған. Сонымен бірге, ертегілерді мәнерлеп нақышына келтіріп айту ертекшінің шеберлігіне жеке басының ерекшелігіне, тіл өнеріне, сөз өнеріне, тыңдаушысының сезіміне эмоционалдық тұрғыда әсер ете білуіне байланысты. Ы.Алтынсарин хрестоматиясындағы үнді ертегісіндегі үзіндіде байқағыш болудың адам өмірінде, оның дүниетануында қаншама маңыз алатынын, тіпті мұндай қасиет білім жоқ, бірақ өмір тәжірибесі мол адамдардың басында да біртіндеп қалыптасатынын сөз етеді де, шәкірттерді өмірді жан-жақты зерттеп-білуге, түймедейден түйедейді таба білетінін, ізденімпаз, зерделі болуға меңзейді. Ал, «Аяз би» ертегісінің оқиғасы қазақ халқының күнделікті тұрмыс-қарекетіндегі тартыстар төңірегінде өрбиді. Ертегі желісі жұмбақ түрінде құрылған десе артық емес. Өйткені, айтайын деген ой бірден айтылмай, «Соңы немен бітеді?» деген сұрақ туындатып, тыңдаушысын елітіп, қызықтыра түседі. Батырлық жайындағы ертегілер ел қорғау жолындағы ерлік істерді дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелейді. Ертегі халық ауыз әдебиетінің құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат, көркем туынды болып есептеледі.

2. Балаларға арналған аңыз әңгімелер

3Еңбек туралы бес мақал

. Еңбекте қорлық жоқ. Шындықта зорлық жоқ.   Еңбектен алғанның бүйірі шығады. Кісіден алғанның екі көзі шығады.   Еңбек түбі —қуаныш, Сауда түбі — реніш.   Еңбегіне қарай — құрмет. Жасына қарай — ізет.   Халық — қазы, Еңбек — таразы.  

3-билетт

1. Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады. Қазақ әдебиетінде көркем очерктер Ш.Уәлихановтың сапарнамалық очерктерінен басталады (мыс., “Жоңғария очерктері”, “Ыстықкөл сапарының жазбалары”, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқановтардың көркем очерктері). Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры кеңестік дәуірде дамыды (Ғ.Мүсіреповтің ана туралы новеллалары). Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ қаламгерлері жемісті еңбек етті. ӘуезовтіңҚорғансыздың күні” (1921), “Қыр әңгімелері” (1925), “Қаралы сұлу” (1925) әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бұл жанрды еур. биікке көтерді. Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, т.б. бұл жанрда өндіре жазды. Эпостық орта көлемдегі түрі – повесть қазақ әдебиетінде шынайы көркемділікпен игерілді. Қазақ повестерінің классик. үлгілері ретінде ӘуезовтіңҚилы заман” (1928) және “Қараш-қараш оқиғасы” (1928) повестерін атауға болады. С.СейфуллинніңЖер қазғандары” (1928) қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть. Эпостық шығармалардың поэзиялық жанрына эпикалық поэмалар жатады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары эпик.-филос. поэманың классик. үлгілері болса, Шәкерім ҚұдайбердіұлыныңЖолсыз жаза”, Мағауия АбайұлыныңМедғат – Қасым”, Әбдірахман АбайұлыныңДағыстаны” романтик. сипаттағы эпик. поэмалар қатарынан орын алады. С.ТорайғыровтыңКедей”, “Адасқан өмір” поэмалары реалистік поэмалардың озық үлгілері. Кеңестік дәуірде Сейфуллин, І.Жансүгіров поэмалары бұл жанрды сапалық жаңа биікке көтерді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін толық танытатын жанр – роман. Бұл жанрда жазылған С.КөбеевтіңҚалың малы” (1912) қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Кеңестік дәуірдегі алғашқы қазақ романдары қатарында 20-жылдары жазылған Ж.АймауытовтыңҚартқожа”, “Ақбілек”, “Күнікейдің күнәсі”, Сейфуллиннің тарихи-мемуарлық “Тар жол, тайғақ кешу” (1927), МұқановтыңАдасқандар” (1928), ЖансүгіровтіңЖолдастар” (1935) романдарын атауға болады. Қазақ әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан алуан қырынан дамыды. Соның нәтижесінде қазақ романының тарихи (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), тарихи биограф. (Мұқанов, “Аққан жұлдыз”, Шерхан Мұртаза, “Қызыл жебе”), тарихи (І.Есенберлин, “Көшпенділер”, М.Мағауин, “Аласапыран”; Ә.Кекілбаев, “Үркер”; С.СматаевЕлім-ай”; Ә.Әлімжанов, “Жазушы”), тарихи-филос. (Кекілбаев, “Аңыздың ақыры”), әлеум.-психол. (Әуезов, “Өскен өркен”), роман-хроника (Есерберлин, “Алтын Орда”), роман-новелла (Ә.Нұршайықов, “Ақиқат пен аңыз”), публицистик. (Әлімжанов, “Көгілдір таулар”), роман-эссе (І.Салғарин, “Алтын тамыр”) түрлері дүниеге келді. ӘуезовтіңАбай жолы” эпопеясы қазақ әдебиетіндегі Эпостық жанрдың жеткен биігін әлем әдебиетінде айқын танытты. 2) Ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генеол. тұрғыдан, эпик. сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейлінше мол ұшырасады. Оларды төмендегідей топтарға жіктеуге болады. Қисса-дастандар, лиро-эпостық жырлар, батырлар жыры, тарихи жырлар. Белгілі шығыс сюжеттеріне құрылған дастандар (“Сейфілмәлік”, “Бозжігіт”, т.б.) қазақ халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар (“Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, т.б.), батырлар жыры (“Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.) кейінгі дәуірде дүниеге келген тарихи жырлар (“Арқалық батыр”, “Бекет батыр”, т.б.). Егер шығыс сюжетінде жазылған қиссаларда лирик., эпик. сипат діни сипат сарынымен берік астасса, лиро-эпостық жанрларда ғашықтық тақырыбы басты рөл атқарады. Батырлар жырының төркіні түркі тектес халықтарға ортақ көне жырлардан (“Алпамыс”, “Көрұғлы”) басталса, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” жырлары тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана кездеседі, одан кейінгі ноғайлы дәуірінде келген жырларда (“Қырымның қырық батыры”) генеалог. сюжет қолдану, тұтастану арқылы батырлардың үлкен бір ұрпағының өмірін қамтиды. А. Мамашұлы [1]

2. Батырлар жырының тілдік көркемдік сипаты

Батырлар жыры. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. “Алпамыс батыр”,  “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады. Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында “әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық  бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық  мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.

Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті. Қазақ эпостарының халықтық үлкен мәдени мұра екені хақында айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, бертініректе Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор.

Қазақ эпосын жан-жақты зерттеу, оны жариялау ісі совет дәуірінде кеңінен өріс алды. Эпикалық жырлар жөнінде арнайы мақалалар, ғылыми еңбектер жазылады, батырлар жырының таңдауылы үлгілері жеке кітап болып басылды. “Алпамыс батыр”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр”,   сияқты эпостық  жырлар-дың белгілі бір жүйеге түсірілген ғылыми басылымдылары жарық көрді. Орта мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, жекелеген ғылыми еңбектерде, “Қазақ әдебиеті тарихының” 6 кітаптық басылымын да батырлық жырлар жеке талдауға алынып зерттелді. 1953 жылы Алматыда болған дискуссияда, 1956 жылы Ташкентте өткен республика аралық конференцияда эпос мәселесі кеңінен сөз болды. Қазақ ғалымдары С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин тағы басқалары зерттеулерінде, сондай-ақ А.С.Орлов, В.М.Жирмунский, Н.С.Смирнова, Х.Т.Зарифов сияқты оқымыстылар еңбектерінде де қазақ эпосы жайында айтылған бағалы пайымдаулар аз емес.

Сөйтіп, қазақ халқының батырлар жырын зерттеу саласында елеулі  жұмыстар жүргізілді. М.Ғабдуллин қазақ эпосының шығу төркіні XIII ғасырмен шектеліп қоймайтын, одан арырақ кезеңнен басталатынын негіздеді. Бұл жөнінде М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев айтқан пікірлердің мәні ерекше. Мәселен, Ә.Марғұлан қазақтың эпосы өзінің қалыптасып даму тарихында XIII ғасырға дейін екі кезеңді (көне заман және VI‑VIII ғасырлар арасы) бастан кешіргенін және сол кездерде зпостық шығармалардығ алғашқы үлгілері өте ерте заманда туғанын, Қ.Жұмалиев батырлар жырының әдепкі нұсқалары қазақ батырларының ертедегі ру бірлігін қорғау жолында жасаған ерліктерін жырлау кезінде пайда болға-нын айтты.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында батырлар жыры баспа арқылы және ауызша айтылуы арқылы қалың жұрқыншылыққа кеңінен белгілі бола бастады. Бұл кезеңдегі ақын, жыршылар елге ертеден белгілі жырларды айтып таратумен бірге жаңадан эпостық жырлар (“Төрехан”, “Құбығұл” т.б.) шығарады. Сонымен бірге сол кездегі батырлар жырына кітаби тілдің, шығыстық қиссалардың белгілі дәрежеде әсері тимей қалған жоқ.

Қазақ батырлар жыры нұсқаларының көпшілігінде идеялық мазмұны, сюжет желісі, образдық бейнелеуі және көркемдік құралдары саласында ортақ  элементтер болғанмен, бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысының өзіндік ерешеліктері бар. Әйткенмені батырлар жырының барлығына тән нәрсе — халық тағдырын жырлау негізгі түйін болып табылады. Қайсыбір жырда болмасын, халық эпосы нұсқаларының көпшілігі кейінгі заманда шыққан. Бұл нұсқаларда қалың қауымның бертінгі ғасырлардағы өмірге көзқарасы, дүние танымы бейнелеген. Сонымен бірге батырлар жырында көне дәуірден елес беретін эпизодтар, мотивтер, сюжеттік өрістері және кейіпкерлердің іс әрекетіндегі әр түрлі жайлар сақталған.

Ақын, жыршылардың еңбегі, орындау ерекшеліктері мен қабілеті жырдың идеялық  мазмұнынан, сюжет желісінен, образдарынан, формасынан айқын көрінеді. Эпостық негізін, дәстүрлік элемент-терін сақтай отырып, жаңа ой, идеяларын қосып жырлайды.

Қазақтың батырлық жырын бұрынғы айтушылар мен кейіннен жалғастырушы ақын, жыршылардың нұсқаларын ислам дінінің әсері байқалады. Ғасырлар бойы халық ұғымында сақталып келе жатқан ғайып-ерен, қырық шілтен тәрізді образдар XIX–XX ғасырларда жырланған эпос жырларында да кездеседі. Ислам дінінің халық санасына ықпал етуі нәтижесінде батырлар жырында діншілік идеялар туа бастады. Сан ғасыр бойына айтылып, ауыздан ауызға таралып келе жатқан қазақ эпосына үстем таптың да әсері болды.

Сонымен қатар халық мұңын жырлаған ақындар XIX–XX ғасырларда жаңа эпостық шығармалар тудырды, онда қалмақ және жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының азаттық, еркіндік жолындағы күресін жырға қосты. Бұған Жамбылдың “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр”, Нұрпейіс Байғаниннің “Нарқыз” т.б. дастандарын мычалға келтіруге болады.

Совет дәуіріндегі батырлық жырды айтушы ақындарың творчествасындағы негізгі нәрсе — жаңа заман тақырыбын жырлау, жаңа адамдар бейнесін кескіндеу. Яғни олардың творчествасындағы эпикалық  дәстүр қазіргі заман (“Ер Төлеген”, “Лавадағы өмір” т.б.) жалғасты. Бұдан халық поэзиясының іргелі жанырының бірі — қазақтың ежелгі батырлық эпосы жаңа сипат алып, дамып отырғанын көруге болады.

Қазақтың батырлар жырының қайсы-сын алсақ та бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы, ел мұны халық тағдырымен ұштасып жатыр. (М. Ғабдуллин.) 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]