Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1241_debiet_seessia.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
219.19 Кб
Скачать

Шығармашылығы

Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың,Крыловтың,Тоқайдыңөлеңдері, мысалдары әсер еттi.

1913жылы «Айқап»журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезіндеСұлтанмахмұт Торайғыровжәне тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.

1915жылыYфi(Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.

Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтыңшығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы.

3. Бозторғай

Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан, Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан. Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ, Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан. Ағып жүр оқтай зырлап, көрмей дамыл, Шыбындан жанын сұрап бір құдайдан. Тілегі, көздің жасы қабыл болып, Ақыры-ақ тапты іздеп бір тоғайдан, Томарда, келсе, қырғи бұғып отыр, Жемсауы ыңқ-ыңқ етіп шығып отыр. Түрі бар бір нәрсені аңдығандай, Орнында қозғалмастан нығып отыр. Келді де, сәлем берді төресіне, Аз-ақ тұр шықпай жаны денесінде. Шақты кеп тұрымтайдың мінездерін: «Ей, тақсыр, бейбағыңды көресің бе?» Қырғи сәл торғай сөзі бітер-бітпес, «Сабыр қыл! – деді, – тоқта еш нәрсе етпес», Қазірде қол бос емес, жұмыс қатты, Аз күтсең жаның шықпас, күнің өтпес». Деген соң, торғай кетті, амал бар ма? Тұруға сөз қайтарып заман бар ма? Қалжырап, қажып, жүдеп қайтты сорлы, Бірде ұшып, бірде қонып томарларға. Бір жерге демалуға бөгеледі, Тағы ұшып ол орнынан жөнеледі, «Жаным-ау, мынау біздің төреміз бе?! Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе? Кемтарға бұлар қайтып кек әпермек? Құдірет көн деген соң, көнеміз де». Дағдарды осыны айтып торғай сорлы, Жеріне барам деген барып болды. Бүркітке – құс патшасы жолығуға, Кезіпті жер-жиһанды оңды-солды. Тапқанын бүркітті іздеп, таппағанын, Шаққанын, ішкі мұңын, шақпағанын. Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ, Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын.

10-билет

1. Ертегі – фольклордыңнегізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры –халықпрозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлықкөркемпроза.

Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззатберу.Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрікөркем-эстетик.әдебиқазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]