Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1241_debiet_seessia.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
219.19 Кб
Скачать
  • 29 Билет

  • 1.Пейзаж (фр.paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет,баталия жанры, т.б.) қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады.ҚазақстандаПейзаж жанрыныңтууы мен дамуы — көптеген этнография мәндегі, деректі-құжаттыдәлдіккенегізделген камер. пейзаждардың (“Алматы шыңы”,Н.Г. Хлудов, 1886, т.б.) тарихыменбайланысты.Ә.ҚастеевтіңертекездесалғанӘбілханҚастеевдарынакеңістіктімолынанқамту, композиц. дұрысшешім табу (“Шалкөдежайлауы”, 1956; “Гүлжарғаналмаағашы”, 1958) тән.

  • 2.Ахмет Байтұрсынов сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі, олар: 1. Ақылға. 2. Қиялға, 3. Көңілге. З.Қабдолов біріншіден, сезімге; екіншіден, бақылауға; үшіншіден,қиялға; төртіншіден, интуицияға; бесіншіден, өмірбаянға; алтыншыдан, парасатқа; жетіншіден, шеберлікке; сегізіншіден, шабытқа негізделеді деп қарастырған. Сондай-ақ, Ахмет сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Тіл көрнекі болу үшін дерексөз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жетуі үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді: Көріктеу, Меңзеу, Әсерлеу.

  • 3.Тілек батам

  • Я, Құдайым аққа жақ,

  • Өзіңе аян: мен нақақ.

  • Аққа деген жолымның

  • Абыройын ашпай, жап.

  • Аят пенен хадисте

  • Адал ниет, ақ іске,

  • Жаңылмасам, жоқ еді

  • Жаза тартсын деген бап.

  • Мені ұстатып, айдатып,

  • Зағырданды қайнатып,

  • Масайрасып, мәз болып,

  • Қуанғанды өзің тап!

  • Аз күндікке алданып,

  • Аз нәрсеге жалданып,

  • Адасқанын Алаштың

  • Түзу жолға түсір, хақ!

  • Жақын жерден жау шығып,

  • Мақұл сөзден дау шығып,

  • Дұшпан ұстап қолымнан,

  • Иттер тістеп тонымнан,

  • Маған тосу болған шақ.

  • Тұтқын болып тарығып,

  • Жалғыз жатып зарығып,

  • Ашу қысып, ойды алып,

  • Өт жайылып, бойды алып,

  • Дерт жүрекке толған шақ.

  • Қатты айтты деп кектемей,

  • Сыйынғанды тек демей,

  • Он екі имам әулие,

  • Жиырма сегіз әнбие,

  • Қолда, өңшең аруақ!

  • Қара балуан Жәнібек!

  • Қаз дауысты Қазыбек!

  • Жетім қалған халқыңа,

  • Тұлға болып артыңа,

  • Кім тиянақ қазық ед?

  • Құнсыз болып еріміз,

  • Жесір болып жеріміз,

  • «Жан менікі» дей алмай,

  • «Мал менікі» дей алмай,

  • Ит пен құсқа азық ек.

  • Барын салып таласқа,

  • Арын сатып қалашқа,

  • «Жұрт болалық» деген жоқ,

  • Жұрт қайғысын жеген жоқ,

  • Іріп-шіріп, азып ек.

  • Мұны көріп көзіміз,

  • Бірігер деп сөзіміз,

  • Кен болар деп балшықты,

  • Көл болар деп шалшықты,

  • Біз үмітпен қазып ек.

  • Дәреті жоқ аяқтар, Қорсылдаған саяқтар

  • Былғамасын қасыңды, Қасиетті басыңды!

  • - Дегеніміз болмаса, Қазаққа не жазып ек?!

  • Байлаттырған қолымды, Бөгеттірген жолымды,

  • Жақыным бар, жатым бар, Хабарлана жатыңдар!

  • Мен сендерге жүгіндім, Төресі әділ - қазы деп!

  • 30 Билет

  • 1.Жұмбақ– адамныңой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.Мыс:Ойласам дүние жүзі дөп-дөңгелек ,

  • Бір нәрсе басбармақтай болса керек.

  • Жалғыз-ақбасқан жерде ізі қалар,

  • Оны да ойламай шеш, ақылы зерек./Мөр/

  • Есікте жасауыл бар екі қатар,

  • Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар,

  • Ол адам жәбірленіп тұрғанында,

  • Біреу кеп ар жағынан әрі тартар .

  • Алып барып онан соңқинап жанын,

  • Кездіріп талай өзен сайдыңбәрін.

  • Ләззәтін сол сайлары алып қалып,

  • Шығарып тастайды екен ғазиз тән./Тамақ ,асқазан/

  • 2.А.Құнанбайұлы 43-қара сөзі

  • Адам ұғылы екі нәрседен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек. Ол - жанның жибили қуаты дүр. Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер хасил болып, жаман нәрседен көңілге жаман әсер хасил болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелде кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-мәз нәрсе болмаса, үлкен ешнәрсеге жарамайтын болады.

  • 3.иесі мен сиыр айтысы Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.

  • Иесі:

  • Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?

  • Биылғы жыл соғымға сояйын ба?

  • Биылғы жыл соғымға сойып алып,

  • Танабайға жаяңды қояйын ба?

  • Сиыры:

  • Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,

  • Қу шолақты соялық дескеніңде,

  • Қу шолақты соғымға сойып алып,

  • Бүржекейден көрермін көшкеніңді.

  • Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.

  • .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]