Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1241_debiet_seessia.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
219.19 Кб
Скачать
  • 2) Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген.Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жаситары ашқан «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» революциялық ұйымын құрды 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. 1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жарық көреді «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді. 1938 жылы жолсыз жазага ұшырады.

  • 3 сұрақ

  • 23-билет

  • 1)Теңеуэпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Халық тілінде тұрақты теңеу (алтын көпір, бұйра толқын, сын сағат, берік байлам, ыстықықыласт. б.) мол ұшырасады. Абай поэзиясында теңеудің көптеген түрлері бар болмысымен, қиысымен қолданылған. Әсіресе, «Шокпардай кекілі бар, камық кұлақ» өлеңінде аттың сынына байланысты қолданылған теңеу осының жарқын мысалы болып табылады; «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бакен қабақ»; «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті»; «Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс»,[1] сол сияқты, терең ой, терең сөз, терең ғылым сияқты теңеулер де Абайдан бастау алған троптар. Мысалы : «Түбі терең сез артық, бір байқарсың», «Терең ой, терең ғылым іздемейді». Ақын шығармаларында көңіл күйіне байланысты, адамдардың өмірі мен қылықтарындағы жағымсыз жайларға өкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа түрлері де кездеседі: «Жалаңқая жат мінез жау алады», «Ит қорлық немене екен сүйткен күні?», «Ыржаң- қылжың ит Мінез».[

  • 2) Мәрия Хакимжанова7 ақпанда жасы 89-ға қараған шағында үзаққа созылған науқастан көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова дүние салды.

  • М. Хакімжанова 1906 жылғы 16 қарашада Қостанай облы-сының қазіргі Алтынсарин ауданындағы «Қызыл шоқ» ауылын-да туған. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика инсти-тутының жанындагы рабфакта оқыды, «Әйел тендігі» (қазіргі «Қазақстан эйелдері») журналында қызметкер, жауапты хат-шы болды. 1934 жылы отбасының жагдайымен Орынбор об-лысына кешіп барып, біраз жыл сондағы аудандық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі болып жүмыс істеген.

  • М. Хакімжанова 1938-44 жылдар -аралығында Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындары секциясын басқарды. Кейінгі жылдарда Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, Республикалық кітап палатасында аға редактор, «Жаңа өмір» журналында әдеби қызметкер, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор міндеттерін атқарды.

  • М. Хакімжанова 1934 жылы өткен КСРО Жазушылар одағының бірінші съезіне қатысқан. Келесі жылы оның «Жеңешемнің елеңдері» атты түңғыш жыр жинағы жарық көрді, ақын өлевдері сыршылдығымен, шынайылығымен оқырман қауым назарын аударды.

  • Соғыс жылдары жазылып, Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың өшпес ерлігін шабытты жырға қосқан «Мэншүк» поэмасы ақын шығармашылығында үлкен бір бе лес болды. Ақын ғүмыр бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы — анапық сезімді жырлап етті. «Ана махаббаты» (1953), «Ана жүрегі» (1958), «Бөбегім менің — өлеңім менің» (1959), «Ана мейірімі» (1961), «Ана көктемі» (1963) және басқа жинақтарында лирикалық кейіпкердің естен кетпес әсерлі бейнесі жасалған.

  • М. Хакімжанова фольклор туындыларын жинау, ақын, жыр-шы, жыраулар шығармашылығын көпке таныту ісіне үлкең үлес қосты. Қайталанбас дарын иесі Мүрын жырауды ел ішінен тауып, танып, соғыс кезінде Алматыға алдырғандардың бірі — Мәриям Хакімжанова. Ақын жыраудың аузынан «Қырымның қырық батыры» цйклының негізгі дастандарын жазып алып, халықтың игілігіне айналдырды.

  • М. Хакімжанованы барша жүртшылық айрықша қүрмет түтатын, ел анасындай ардақтайтын. Ақын әдебиетші қыз-келіншектердің бірнеше буынына ақылшы, үстаз болды, та-лайлар оның жан жылуын сезінді, риясыз көмегін көрді.

  • Ақынға «Қазақстанның халық жазушысы» қүрметті атағы берілген, орден, медальдарға ие болған.

  • Тамаша ақын, дарқан жүректі ана, аса аяулы жан Мәриям апамыздың үмытылмас бейнесі халық жадында әрқашанда сақталады.

  • 3)М.Хакимжанова өлеңі Ана мейірімі

  • Күніне жүз жырласам мен тоям ба, Жас өрендер, сенің балғын шағыңды. Өссе өнер, білім, талап талғамың. Жер менен көк тілегіңе табынды. Барлап көрсең бар керегің алдағы, Жеті жылдың кестесінен табылды. Сол міндетті шықсақ егер орындап, Қандай дұшпан сындырмақшы сағымды. Коммунизм жаңа жолын меңзеген, Кремльден ұлы дабыл қағылды.

  • 24-билет

  • 1)Эпитет – заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Мысалы, кеш деген сөз жалпы ұғымды, тәуліктің бір кезін, уақыт мезгілін білдіреді. Ал, қысқы кеш, не қоңыр кеш десек, ол көзге елестерліктей нақтылы бейне. Көптеген эпитеттерде ұлттық бояу-бедер болады. Мысалы, алма мойын, бота көз, қолаң шаш, қоңыр дауыс, ақша бет деген сияқты бейнелі сөздерді алсақ, мұндағы сипаттамаларда қазақ поэзиясындағы, сөз өнеріндегі көркем ойлау жүйесіне тән өзгешелік бар. Бұлар қалыптасқан эпитеттер десек, поэзияда әр ақынның өз қолтаңбасын танытатын әсерлі, күрделі эпитеттер мол кездеседі.     Қазақ тіліндегі эпитеттер  анықтауыш сөздерде ғана емес, етістіктерден де жасала береді және өте келісті болады.[1, 56]

  • Мысалы:            Шедірейіп, шекейіп,  Басын керіп, кекейіп.Қолдан пішін жасаған,  Біреу келер секейіп. [2, 100]

  • Осындағы  шекеиіп, кекейіп, сеекиіп деген бірнеше эпитеттің өзі-ақ сәнқой адамның кейпін анық елестетуге жетерлік.  Эпитеттер еркін (поэтикалық) және тұрақты (тілдік) болып екіге бөлінеді. Еркін эпитеттің де тұрақты эпитеттің де негізгі мағынасы – эпитеттік мағына. Бұл екеуінің арасында ешқандай семантикалық айырмашылық болмайды. Олардың атқаратын стильдік қызметі де ұқсас. Эпитет категориясының бұл екі түрі затты болмаса құбылысты эмоционалдық жағынан тиімді, экспрессивтік жағынан әсерлі етіп суреттеуді мақсат етеді.Тұрақты (тілдік) эпитеттер мен еркін (поэтикалық) эпитеттердің осындай мызғымас байланыстары болумен қатар, олардың бір-бірінен өзгешелігі де жоқ емес. Тұрақты эпитет – тілдің фразеологиялық жүйесіне енетін тілдік штамптар, ал еркін эпитеттер – жеке ақын-жазушылардың творчестволық лабароториясында дүниеге келген жеке авторлық сөз кестелері. Тұрақты эпитет фразеологиялық бірлік екені белгілі болды. Себебі ол міндетті түрде тұрақты сөз тіркесі ретінде өмір сүреді, сыңарларының құрамы тұрақты болып, бүтін бір мағына береді, көбінесе ауыспалы мағынада жұмсалады. Сондықтан эпитетті узуалды (тұрақты) және оккозионалды (еркін) деп екіге бөлдік.         Тұрақты эпитеттер – ежелден қалыптасып, тілде әбден сіңісіп кеткен образдылық конструкциялар. Мәселен, алты алаш деген тұрақты тіркестің анықтауыш компоненті он, қырық сандарымен ауыспайды. Сол сияқты қырық сан Қырым елі деген тұрақты тіркес, отыз сан Қырым ел деп айтылмайды. О баста, бұл эпиеттердің нақты бір мағынаға қырық ру – тайпадан немесе алты тайпадан құрылған этникалық топтың атауы ретінде қатысы болған болуы керек, бірақ, келе-келе бұл анықтауыштар тұрақты тіркес компонентін құрап, поэтикалық фразеологизм элементіне айналған. [3, 67]         Сайып келгенде, тұрақты эпитет дегеніміз – бір затқа тұрақталып бекіген, мағыналық дербестігін сақтаған көркем, бейнелі тұрақты сөз тіркестер

  • Шығарманың көрнекі тілі жөнінде терең түсінік қалыптастырып, оның түрлі әдістерін нақтылай көрсеткен алғаш еңбектің негізі А. Байтұрсыновтан басталады дегенге тоқталдық. А. Байтұрсынов айтқан тұжырымды «Әдебиет теориясы» атты еңбегінде белгілі ғалым Қ. Жұмалиев те анықтай түскен: «Тұрақты эпитет деп көпшілігіне сол нәрсеге тұрақталып, бекіген эпитеттерді айтады. Мысалы: «Қызыл ту», «қызыл әскер», «шұбар түс» т.б.» [4, 12].   Сонымен қатар, әдебиет теориясына арналған еңбекте, эпитет болатын сөз көбіне сын есім, кейде зат есімдер мен есімше, көсемше, етістіктер арқылы затты анықтайтын сөздер болатындығы түсіндіріледі.         Ғылымдағы тың тұжырымдардың байыпты бағалануы және дәйекті дәлелденуінің бір негізі эпитеттерге байланысты болып келетіні, көркем дүниелерімізден соны танудың жолдарын түсіндіретін ізденістер барлығына көз жеткізе түстік. Соның енді бірі – академик З. Ахметовтің еңбегі. Ғалымның жалпы рухани мұрамыздың сөз кестесі мен тіл өрнегіне қатысты байыпты пікірлері ғылымда қуатталып, көркем шығармалардың поэтикалық тілдік ерекшеліктеріне қатысты тексерулерде орынды аталып жүр. Қазақтың өлең құрылысының сан – салалы екендігін айтқан З. Ахметовтің еңбегінде эпитетке қатысты мынадай пікір айтылады: «Халықтық поэзияда белгілі бір ұғымға үнемі қатарласып айтылатын тұрақты эпитеттер көп кездесетіні белгілі. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес.Халық поэзиясында бейнелі сөз түрлері, сөз нақыштары сан жағынан жазба әдебиеттегідей мол болмағанымен, оның есесіне жиірек қолданылады. Халықтық өлең – жырларда бейнелі сөздердің берік орнығып, тұрақталғанын әбден екшеліп, сұпталғанын, поэзияның тіл кестесіне хас үлгі – нақыштар болып қалыптасқанын байқаймыз».[5, 68].

  • Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

  • Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ [6, 17]

  • Сөз өнеріндегі көркемдік-бейнелілік оның ең қуатты эстетикалық құралы, талғам биігінің өлшемі. Шеберлік тұтас көркем шығармаға жан беретін негізгі фактор, суреткердің даралық стилінің көрінісі. Мысалы, түрлі бейнелеуіш құралдар арқылы бейнеленген, сөзбен салынған суреттерден сол суреткердің шеберлігін байқаймыз. Шәкәрім поэзия әлемінде сезім күйін шертер, ой танымын тереңдетер ойшыл-сыршыл із қалдырған суреткер-ақын. Көрнекті ғалым, академик З. Қабдолов: «Айталық, айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын» [7, 207 б.], – деген болатын.

  • Ақындар шығармасындағы эпитетті тіркестер адамдардың жағымды-жағымсыз мінездерін, адамдардың жан дүниесін әр қырынан,ой-сезімдерін, толғаныстарын айқындай түседі.

  • Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, шығармаларындағы эпитет сияқты көріктеу тәсілдеріне байсалдылықпен қарап, тексерудің олардың халық тілінің сөз кестесіне тән өзгешеліктерін біліп – түсінудің мәні зор.

  • 2)Ж.Жабаев

  • Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі. 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды. 1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Жылдар 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың шығармашылық қызметінің жетпіс бес жылдығын аталып өтілді. Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар алды. 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Кеңес Социолистік Республикалар халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, КСРО халықтарының мызғымас достығын жыр етті. 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл қайтыс болған. 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған 3) Ж.Жабаев өлеңі Өсиет өлеңі

  • Ой-хой, дүние серуен!

  • Адам бір көшкен керуен.

  • Дүниені қызық қалдырып,

  • Асамыз өмір белінен.

  • Кірсе лебіз - шықса жоқ,

  • Қауіп етіңдер өлімнен.

  • Қылышбайдан таралып,

  • Сөз нұқсасы келінген.

  • Дос-жаранға, кемтарға

  • Қайырлы бол делінген!

  • Қылған қайыр болмаса,

  • Не әкетесің өмірден?!

  • Дәулетіңнен не пайда

  • Таусылмастай көрінген?!

  • Жалғыз мұраң сол болар –

  • Қол қайырың берілген.

  • Басқа дүние бірі де

  • Көмілмейді кебінмен.

  • Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға,

  • Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға.

  • Жақсының әрқашанда жөні бөлек,

  • Жаман адам жарамас бір қымтарға.

  • 25- билет

  • 1)Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – құбылтудың бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады. Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады.

  • 2. Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,Социалистік Еңбек Ері. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.

  • Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарадыАлғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды.

  • 1928 – 38 жылдары «Қазақстан» баспасында, «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде редактор, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі

  • 1938 – 55 жылдары шығармашылық жұмыстармен айналысқан, Қазақстан Жазушылар одағы төралқасының мүшесі

  • 1956 – 57 жылдары «Ара – Шмель» журналының редакторы

  • 1957 – 62 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы

  • 1974 – 75 жылдары ҚазКСР Жоғары Кеңесінің төрағасы

  • 1959 жылдан КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. Алғашқы «Тулаған толқын» (1928) повесінде 1918 – 1920 жылдардағы азамат соғысы жайы суреттелсе, «Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Туннель» (1930), «Шұғыла» (1935), «Алғашқы адымдар» (1932) әңгімелері қазақ ауылындағы таптық күресті көрсетеді. 1934 жылы «Ананың арашасы» новеллалар циклын жариялады. «Оянған өлке» романында (1953, 1984) революцияға дейінгі Қарағандыдағы қазақ жұмысшыларының қалыптасу процесі суреттелген.

  • 1967 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі жарияланды. Мүсіреповтің драмалық шығармалары – «Қыз Жібек» операсының либреттосы (1934), «Амангелді» (1939), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1939), «Ақан сері – Ақтоқты» (1942) пьесалары. КОКП 22-съезінің, Қазақстан Компартиясы 10 – 15-съездерінің делегаты. КСРО Жоғары Кеңесі 5-шақырылымының, ҚазКСР Жоғары Кеңесі 6 – 11 шақырылымдарының депутаты. ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. (1970), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1976) лауреаты. 3 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтаралық Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]