Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1241_debiet_seessia.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
219.19 Кб
Скачать
  • 11-билет

  • 1)Қазақ эпосы, Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады. Қазақ әдебиетінде көркем очерктер Ш.Уәлихановтың сапарнамалық очерктерінен басталады (мыс., “Жоңғария очерктері”, “Ыстықкөл сапарының жазбалары”, Б.Майлин,М.Әуезов, С.Мұқановтардың көркем очерктері). Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры кеңестік дәуірде дамыды (Ғ.Мүсіреповтің ана туралы новеллалары). Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ қаламгерлері жемісті еңбек етті. Әуезовтің “Қорғансыздың күні” (1921), “Қыр әңгімелері” (1925), “Қаралы сұлу” (1925) әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бұл жанрды еур. биікке көтерді. Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, т.б. бұл жанрда өндіре жазды. Эпостық орта көлемдегі түрі – повесть қазақ әдебиетінде шынайы көркемділікпен игерілді. Қазақ повестерінің классик. үлгілері ретінде Әуезовтің “Қилы заман” (1928) және “Қараш-қараш оқиғасы” (1928) повестерін атауға болады. С.Сейфуллиннің “Жер қазғандары” (1928) қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть. Эпостық шығармалардың поэзиялық жанрына эпикалық поэмалар жатады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары эпик.-филос. поэманың классик. үлгілері болса, Шәкерім Құдайбердіұлының “Жолсыз жаза”, Мағауия Абайұлының “Медғат – Қасым”, Әбдірахман Абайұлының “Дағыстаны” романтик. сипаттағы эпик. поэмалар қатарынан орын алады. С.Торайғыровтың“Кедей”, “Адасқан өмір” поэмалары реалистік поэмалардың озық үлгілері. Кеңестік дәуірде Сейфуллин, І.Жансүгіров поэмалары бұл жанрды сапалық жаңа биікке көтерді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін толық танытатын жанр – роман. Бұл жанрда жазылған С.Көбеевтің “Қалың малы” (1912) қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Кеңестік дәуірдегі алғашқы қазақ романдары қатарында 20-жылдары жазылған Ж.Аймауытовтың “Қартқожа”, “Ақбілек”, “Күнікейдің күнәсі”, Сейфуллинніңтарихи-мемуарлық “Тар жол, тайғақ кешу” (1927), Мұқановтың “Адасқандар” (1928), Жансүгіровтің “Жолдастар” (1935) романдарын атауға болады. Қазақ әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан алуан қырынан дамыды. Соның нәтижесінде қазақ романының тарихи (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), тарихи биограф. (Мұқанов, “Аққан жұлдыз”, Шерхан Мұртаза, “Қызыл жебе”), тарихи (І.Есенберлин, “Көшпенділер”, М.Мағауин, “Аласапыран”; Ә.Кекілбаев, “Үркер”; С.Сматаев “Елім-ай”;Ә.Әлімжанов, “Жазушы”), тарихи-филос. (Кекілбаев, “Аңыздың ақыры”), әлеум.-психол. (Әуезов, “Өскен өркен”), роман-хроника (Есерберлин, “Алтын Орда”), роман-новелла (Ә.Нұршайықов, “Ақиқат пен аңыз”), публицистик. (Әлімжанов, “Көгілдір таулар”), роман-эссе (І.Салғарин, “Алтын тамыр”) түрлері дүниеге келді. Әуезовтің“Абай жолы” эпопеясы қазақ әдебиетіндегі Эпостық жанрдың жеткен биігін әлем әдебиетінде айқын танытты. 2) Ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генеол. тұрғыдан, эпик. сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейлінше мол ұшырасады. Оларды төмендегідей топтарға жіктеуге болады. Қисса-дастандар, лиро-эпостық жырлар, батырлар жыры, тарихи жырлар. Белгілі шығыс сюжеттеріне құрылған дастандар (“Сейфілмәлік”, “Бозжігіт”, т.б.) қазақ халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар (“Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, т.б.), батырлар жыры (“Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.) кейінгі дәуірде дүниеге келген тарихи жырлар (“Арқалық батыр”, “Бекет батыр”, т.б.). Егер шығыс сюжетінде жазылған қиссаларда лирик., эпик. сипат діни сипат сарынымен берік астасса, лиро-эпостық жанрларда ғашықтық тақырыбы басты рөл атқарады. Батырлар жырының төркіні түркі тектес халықтарға ортақ көне жырлардан (“Алпамыс”, “Көрұғлы”) басталса, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” жырлары тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана кездеседі, одан кейінгі ноғайлы дәуірінде келген жырларда (“Қырымның қырық батыры”) генеалог. сюжет қолдану, тұтастану арқылы батырлардың үлкен бір ұрпағының өмірін қамтиды. А. Мамашұлы

  • 2) Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы,Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған.

  • Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.

  • Ахмет Байтұрсынов — қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.

  • 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.

  • 1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.

  • Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.

  • 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.

  • Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.

  • Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

  • * * *

  • Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.

  • 1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады.

  • І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады.

  • 1920 жылы ол басында «Ұшқын» газетінің, кейіннен аты «Еңбек туы» боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге «Қазақстан» мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен.

  • 1909 жылы шыққан «Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған «Маса» жинақтары халықты оятуға себепші болды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды. 3)оқуға шақыру

  • Балалар!

  • Оқуға бар!

  • Жатпа қарап!

  • Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

  • Шақырды тауық мана әлдеқашан,

  • Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

  • Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,

  • Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:

  • Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

  • Барады аралар да ұшып балға.

  • Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,

  • Оянып жан-мақұлық түнде қонған,

  • Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

  • Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

  • Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

  • Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

  • Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!

  • Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

  • 12-билет

  • 1)Ғұрып фольклоры.Құрастырушылар өткен ғасыр мен XX ғасыр басында қазақ халқының ұлттық медениет тарихының мәселелеріне, көркем поэтикалық-ауызша дәстүрлеріне байланысты зерттеулер жүргізген Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, С.Рыбаков, Р.Пфеннинг, М.Готовицкий сияқты адамдардың еңбектерінс  ерекше назар аударды. Ұлттық фольклордың өзіне тән ерекшеліктері көне замандағы әдет-ғұрып дәстүрлерінен-ақ көріне бастайтыны белгілі. Басқа халықтардың ертедегі фольклоры сияқты қазақ халық музыкасының көне қабаттары да айқын көрінетін фольклорлық жүйе шеңберінде сомдалған, "...Ол айқын көрініп тұратын көнелік: ұжымның өндірістік-практикалық сиқырлық және ырымдық қызметіне тікелсй қосыла-араласа жүретіндігімен, ұжымының дүние туралы комплексті кезқарасына күрделі байланысатын белгілерімен сипатталады. Бұған қоса көне фольклор ұжымының тұрмыстық және дүниеге көзқарастық жұйесінің органикалық элементі ретінде қалыптасады, сөйтіп осы жүйенің кейбір мәнді сәттерінің өзінше бір көрінісі, бейнелеуі болып табылады. Синкреттік сипаты бар әдет-ғұрып поэзиясында, музыкасында жанрлық, образдық, стильдік жүйенің қалыптасуы жүзеге асады, сонан кейін ол классикалық фольклордың қалыптасыуында айрықша әмбебап конструкциялаушы роль атқарады.

  • 2)Дулатов Міржақып(1885-1935) Өмірі  Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.

  • Шығармалары  Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы. Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.

  • 3) М.Дулатов Оян, қазақ

  • Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!  Бол, қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ. Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!   Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!  Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?! Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ, Ер мінезбен өр рухқа болма жат. Ортасына жалғыз орыс кіргенде, Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ. Аталардан қалған асыл мұрамыз  Туған жердің қақ төрінде тұрамыз. Азаттығы ұмытылған ұлт болып, «Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз. Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз, Сұмдық сіңген сүйекке де  Қараңыз! Тойланады мерекеміз жат жұртша, Ойланады өзге тілде баламыз.

  • 13-билет

  • 1)Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1] Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған

  • Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар: 1. Бәдік; 2. Жар-жар; 3. Жануарлар мен адамның айтысы; 4. Өлі мен тірінің айтысы; 5. Жұмбақ айтысы; 6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы; Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар.

  • Бәдік айтыс.

  • Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. 

  • Жануарлар мен адамның айтысы

  • Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.

  • Жұмбақ айтысы

  • Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. 

  • Салт айтысы

  • Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды. 

  • 2) Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

  • Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

  • Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

  • Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

  • 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

  • 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.

  • Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпентанысады.

  • Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).

  • Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).

  • Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

  • Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[1]

  • 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик.тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды

  • Повестер:

  • «Күнікейдің жазығы»

  • Романдар:

  • «Ақбілек»

  • «Қартқожа»

  • Пьесалар:

  • «Шернияз»

  • «Мансапқорлар»

  • «Ел қорғаны»

  • «Рәбиға»

  • «Қанапия - Шәрбану»

  • «Тас мейман»

  • «Сараң сері»

  • «Сылаң қыз»

  • Әңгімелер:

  •  

  • «Әнші» (әңгіме)

  • «Елес» (әңгіме)

  • «Елеусіз ерлер»

  •  

  • Ертегілер:

  • «Пәренжі»

  • Оқу құралдары:

  • «Ж.Аймауытов туындыларындағы тұлға»

  •  

  • Поэмалар:

  • «Нұр күйі»

  • Өлеңдері:

  • «Жинақ»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]