Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1241_debiet_seessia.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
219.19 Кб
Скачать

2. С.Торайғыров

Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дінмен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

  • 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татартілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұлимедресесінетүседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында

“Оқып жүрген жастарға”, “Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),“Ендігі беталыс”,“Оқудағы мақсат не?”,“Анау-мынау”,“Мағынасыз мешіт”, “Жарлау”,“Досыма хат”,“Шығамын тірі болсам адам болып”,“Түсімде”,“Жазғы қайғы”,“Қымыз”,“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін,“Зарландым”атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста“Қамар сұлу”романын жазуды бастады.

  • 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”]], т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын

  • 1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейгебарған Торайғыров

  • діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен

  • “Ләнет бұлты шатырлап”,“Алтыаяқ”сияқты өлеңдер жазған.“Ендігі беталыс”,“Тұрмысқа”,“Бір адамға”,“Туған еліме”,“Сымбатты сұлуға”,“Қыз сүю”,“Гүләйім”,“Өмірімнің уәдесі”,“Жан қалқам”,“Гүл”, т.б. өлеңдерін,“Кім жазықты?”атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915).Шығыс Қазақстандажалданып бала оқытқан ол

  • 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.

  • 1916 – 17 жылдардың қысында Томскідеорысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі.“Шәкірт ойы”өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.

  • 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясыменАлашордаүкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,

  • 1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,

  • “Шал мен қызға”,“А, дүние”, “Жас жүрек”, “Сарыарқаның жаңбыры”, “Адасқан өмір”, “Кедей”, “Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.

  • 3. С.Торайғыров ОҚУ

  • Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

  • Тек кана оқуменен өнер білмек,

  • Өнер-білім, адалдық, ар-намысты

  • Жоятын надандық қой емсіз індет.

  • Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

  • Оқыса баска елдердей қатарға енбек.

  • Білімге ел боп аңсап құмарланса,

  • Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.

  • Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,

  • Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек.

  • Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң,

  • Байлығыңа иелік бермес күндеп.

  • Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек.

  • Өнермен техникалы жұмсап еңбек.

  • «А, құдай, өзі берден» түк шықпайды,

  • Талаптанып, талпынсаң сонда бермек.

  • Алдыңғы ел малға емес, жерге сенбек,

  • Бар мұқтажы адамның жерден өнбек.

  • Басқаға малайлыққа жеккен күшті

  • Жұмсасақ өзің үшін шындап терлеп.

  • Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік,

  • Сонда ғана аларсың сен де теңдік.

  • Надандықтан екенін білесіз бе,

  • Көрінгенге болғаның семіз жемдік.

  • Ел болуға алдымен білім тірек,

  • Бір сөзді, бір ауызды намыс керек,

  • Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,

  • Алты ауыз-азғын болсаң қоян жүрек.

  • Қажырлы ел жаннан арын артық көрмек,

  • Өнерге ұмтылатын аңсап-шөлдеп.

  • Қорғайды елін, жерін каныменен,

  • Болмайды жаннан қорқып басын имек.

  • Наданды әркім жейді нандай илеп,

  • Жыртқыш ілген үйректей тірі жүндеп.

  • Өгей бала секілді тесік өкпе

  • Жалғанда теддік көрмей жаны күймек.

  • «Ел» дейтін адал басшы әзір сирек.

  • Көпшілігі табансыз, қорқақ күйрек.

  • Елі үшін құрбанға шалса разы

  • Кім бар еді ту ұстаған елін сүйреп?!

  • Төре көрсе жалаң бас шұлғып, билеп,

  • Бәйек боп әулиедей ізін сүймек.

  • Елге келсе, өтірік мақтанатын:

  • «Қорқайын ба, ұлыққа айттым сөйдеп».

  • Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,

  • «Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.

  • Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,

  • Неше мың жыл өтсе де тарих білмек!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]