Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

Оқушылық ұжым дамуындағы негізгі шарт

Оқушылық ұжымның дамуы оның тәрбиелік мүмкіндігін жоғары деңгейге жетілдіру қажет. Мінез-құлық қатысты оқушылық ұжымның мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа байланысты оның дамуы 3 кезеңге бөлінеді:

1. Ұжымның араласуының кезеңі: Бұл сатыда педагог өзі топқа және әрбір топ мүшесіне талап қояды; Актив құрылады және оқытылады.

2. Ұжым құрылымын тұрақтандыру кезеңі-актив ролін артуына байланысты ұжымды барлық қатысушыларды тәрбиелеу құрамына айналдыру. Ұжымның тіршілік етуін қамсыздандыру талабын актив қояды.

3. Әрбір оқушының жеке қоғамдық тәжірибесі мен шығармашылық жағынан дамуын түзету кезеңі. Бұл кезеңде талап ұжымның әрбір мүшесін тәрбиелеу, ұстанымын қорғау, әрбір мүшесінің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуын реттеу кіреді.

Мектеп жастағы балаларға ұжым қоғамдық тәжірибесінің жетілуі дамуында негізгі база болып табылады. Отбасыда немесе бұқаралық

ақпарат құралдарынан алынған ақпарат, дәл осы ұжымда тақырып айқындалады, өңделеді, бекітіледі. Осы ұжымда жеке тұлға аралық қарым-қатынас арқылы жеке тұлғаның қарым-қатынас қағидасы толық әрі әсерлі игеріледі және оқушы жеке тұлға ретінде өзінің ойын және ұстанымын толық айту түсіндіруге мүмкіндік алады.

Сонымен, оқушы ұжымның дамуы төмендегі әдістерді қолданумен байланысты:

- Педагогикалық талаптарды ұсыну; ашып көрсету, норманы айқындап беру, баулу, бақылаау және т.б.;

- Активті құру және оқыту; нұсқау, қойылым, тапсырманы нақтылау, тәжірибе алмасу, бақылау;

- Өзін-өзі басқару мекемесін құру;

- Ұжымның қоғамдық ойын құру.

Балалар ұжымын дамытудағы өте маңызды әдіс - болашаққа бағдарлау, яғни тәрбиеленушілерді еліктіре алатын, олардың бойында жетуге ынтықтыратын нақты мақсаттарды қалыптастыру. «Адам өмірін нағыз ынталандырушы келер күнгі қуаныш болып табылады» (А.С.Макаренко) Тәрбиеленушілерді ұйымдастыруға қабілетті жақын орта және алыс болашақты бөліп қарастыру қабылданған. Ұжымда оң дәстүрлерді жинау және нығайту әдісі маңызды рөл атқарады. Оқушылар ұжымының тәрбиелік функцияларын параллель әрекет ұстанымы негізінде жүзеге асырған дұрыс. Бұл кезде оқушыға деген ықпал тікелей емес, бастауыш оқушылары ұжымы арқылы жасалады.

Ұжым арқылы тәрбиелеу әдісі әр оқушының жеке тұлғасына ұқыпты қарым-қатынас жасауды оқушыға қойылатын талапты оның тұлғасына деген шынайы құрметпен үйлестіре білуді талап етеді. Тек сонда ғана ұжым жеке тұлғаның ең жақсы тұстарын қалыптастыруға қабілетті болады.

30. Сыныптағы тәрбие жұмысы

30.1. Сынып жетекшісі және оның негізгі міндеттері

30.2. Сыныптағы тәрбие жұмысының формалары

30.3. Сынып жетекшісінің оқушы отбасымен жұмысы

Негізгі түсінікер: сынып жетекшісі, сынып жетекшісінің міндеттері, ұжымдық коллективтік істер, сынып ұжымы, отбасы.

30.1. Сынып жетекшісі және оның негізгі міндеттері

Тәрбие жұмыстарының басым көпшілігі сынып ұжымы шеңберінде жүргізіледі. Сондықтан, тәрбие жұмыстарының сапалы нәтижесіне қол жеткізуде, «оқушы – мұғалім» жүйесінің тәрбиелік қарым-қатынасында сынып жетекшісінің жұмысы ерекше орынға ие болады. Сынып жетекшісі мектепте бас тәрбиеші ретінде алдыңғы қатарда тұрады. Оның негізгі міндеті сыныптағы оқушылардың жанжақты және үйлесімді дамуы, олардың азаматтық көзқарастарының қалыптасуы, әдептілік, еңбек, эстетикалық, оқушылардың дене тәрбиесі, олардың денсаулығын сақтау және нығайту, азаматтық – тұлғалық қасиеттерді және еңбекқорлықты т.б. қалыптастыру. Сынып жетекшісінің алдына қойылған тәрбие міндеттері сынып оқушыларының қызығушылығы мен қажеттіліктерінен, ата-аналардың сұраныстарынан және мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы нақты шарттарынан туындайды.

Сынып жетекшісі өзінің негізгі міндеттерін іске асыруда мыналарды атқарады:

• Сынып оқушыларын жан-жақты зерттеу, олардың тұлғалығының әлсіз және мықты жақтарын анықтау, әр оқушының жеке даму бағдарламасын жасау;

• Сынып ұжымына сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, оқушыларды жалпымектептік іс-шараларға араласатыру;

• Сыныптың барша мұғалімдерін тәрбие ісіндегі ара-қатынасын, оқу-тәрбие ісімен сабақтастыру мен бағыттау, бірдей талаптарды орындауды қаматамасыз ету;

• Сыныпта оқушы ұжымын қалыптастыру мен дамыту, сынып ұжымында өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, әр мұғалімнің сынып ұжымымен жұмысын бағдарлап отыру;

• Оқу ісі мен өзге де жұмыстарда оқушыға көмектесу жұмыстарын ұйымдастыру;

• Сыныптың сыртқы ортамен байланыстарын ұйымдастыру және қадағалау, сыртқы ортаның мүмкіншіліктерін сыныптағы тәрбие жұмыстарына тарту;

• Оқушылардың ата-анасымен отбасы және мектептің негіздемелі үйлесіді тәрбие жұмыстары т.б.

«Сынып жетекшісінің балалар ұжымындағы түрлі ұстанымдары бар. Ол ең алдымен ортақ істермен анықталады: сынып жетекшісі оқу үрдісінде мұғалім ретінде ұйымдастырушы және балалар ісінде басшы болып табылады; сабақтан тыс уақытта педагог, үлкен жолдас және қатардағы қатысушы ұстанымын ұстануы керек. Педагогтың ролі жасына қарай өзгереді, ұжымдық тәжірибесіне қарай, балалардың өзін-өзі басқарудағы істеріне қарай: жұмысты тікелей ұйымдастырушыдан бастап кеңесшіге дейін байланысты» (В.А. Сластенин).