Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

6.2. Гуманисті құндылықтар

Мектеп тек «Оқытушы-оқушы» жүйесінде сәйкес гуманистік қатынастар орнатылған жағдайында ғана мүмкін болатын гуманисті тұлғаны қалыптастыруға тиісті. Ондай тұлға арасындағы қатынастар саналы гуманистік құндылықтарға негізденеді. Мұндай құндылықтар санына әдетте төмендегі құндылықтар кіреді.

1. оқушыны дәл сол қалыпта қабылдау және де оған жоғары құндылыққа қарағандай қарауы керек. Тәрбиелеудің кез келген мақсаттары, мазмұны жіне технологиялары әуелі баланың қызығушылығына мән беруі керек, оларды бала атынан жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, негізі тәрбиелеуді ұйымдастыруда белгілі бір баланы толықтай алу қажет етіледі. Нақты баланы нақты тәрбиелеу тек нақты жағдайда және нақты мүмкіндіктер барысында ғана күшке енетінін ескеру керек. Әрине, тәрбиелеудің ондай ұйымы оқушының қызығушылығы, қажеттілігі, дәлелділігі, мүмкіндіктері туралы тек нақты ақпараттар негізінде ғана мүмкін бола алады.

2. Оқушыға сенім білдіру, оның жетілуге деген талпынысына сену, не үшін педагогке ұжымда қолайлы моральды климат жасауы және тәрбиеленуші жағынан сенімділік атмосферасын жасау, олардың педагогтың ақкөңілділігіне сенімділігін қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана оқушы педагогке ашық бола алады, оның ақыл-кеңестерін тыңдап, қолдануға дайын болады.

3. Тәрбиеленушіні тәрбиелеу процесінің серіктес ұйымдастырушысы ретінде қабылдап,

оның құқықтарын қорғау.Педагог түсінушілікпен қарап,оның жас ерекшелігі мен өмірлік тәжірибесін ескере отырып,жеңілдіктер жасап отыру керек.Сонда тәрбиеленуші өзін еркін,жақсы ұстай алады.

4. Күрделі өмірлік жағдайларды оқушыға қолдау көрсету кезеңінде мұғаліммен оқушы арасында нағыз рухани байланыс басшылық алады. Тәрбиеленуші мұғалім тарапынан әр – түрлі қолдау алуға құқылы.

5. Тәрбиеленушіге оның қияң қылықтарын, қателіктері мен сәтсіздіктерін кешіру. Бірақ ол оқушыны жазалаусыз қалдыру деген емес. Кез-келген оғаш жасалған ісі ескеріліп, мұғалімінің дәл бағасын алып отыруы тиіс. Бірақ үнемі оған оның қияң қылықтары мен қателіктерін айтуға болмайды, бұл жағдайда балада өзіне деген сенімсіздік пайда болады, өзін-өзі төмен бағалайды.

Бірақ адамгершілік құндылықтар, жоғарыда көрсетілген “Педагог-оқушы” адамершілік қарым-қатынасымен шектелмейтіні анық. Бұл тізім толықтырылып, жалғасуы мүмкін. Барлық адамгершілік құндылықтарды жиынтық түрінде қабылдау керек, жеке берілген құндылық толық адамгершілік қарым –қатынасқа кепілдік бола алмайды. Адамгершілік құндылықтарды енгізу ізгілік қарым – қатынастың қалыптасуына ықпал етеді.

6.3. Адамгершілік қасиеттердің қалыптастыру белгілері

Ерекше жетілген тұлғаның ізгілік қасиеттерінің қалыптасуы 3 маңызды өлшем тобымен қарастырылады, жетілдірген (А.А.Бисембаева)

1.Интелектуалды өлшем өзіне келесі белгілерді енгізеді:

-Адамгершілік қасиеттерді дамуына жеткілікті білім көлемі болу.

-Жүйелі білім алу.

-Адамгершілік құндылықтардан тұратын, адамгершілік тәртіп, жүріс –тұрысы ережесін білу.

2. Өлшем себептері келесі белгілермен ашылады:

-Оқу танымдық қызметіне жағымды қатынас.

-Пәндік білімді меңгеруде тұрақты құлшыну.

-Ізгілік пәндерінің маңыздылығын, мәнін түсіну.

-Адамгершілік құндылытарын меңгеруге құлшыну.

3. Тәртіп өлшемдері келесі белгілерден тұрады:

-Адамгершілік қарым-қатынасты үлкендер мен құрбы-құрдастарына білдіру.

-Жағымсыз, адамгершілік қағидаларына қарсы үлгіге төтеп беру.

-Өз еркімен таңдамаған адамгершілік істерін, құндылық бағыттарын оқушының жеке ерекшелігіне сай қалыптастыру.

-Оқушыныңадамгершілік қасиетін қалыптастыратын басқада өлшемдер көрсеткіштер мен белгілер жиынтығы бар.

Жалпы жиынтықтарға ортақ қасиеттер мыналар:

-Керекті біліммен шеберліктің бары және қолдана алуы.

-Ізгілік қасиеттерін күнделікті тіршілікте пайдалана білу.

-Ізгілік ойларды таратуға белсенді қатысу.

7. Адамгершілік тұлғаның құралуы.

7.1 Адамгершілік тұлғаның құралуындағы жағдай.

7.2 Гуманисттік жанасушылықты қамтамасыз ету.

7.3 Білімді гуманизациялау, гуманитаризациялау.

Негізгі ұғымдар: гуманизация, гуманитаризация, адамгершілік тұлға, гуманисттік жанасушылық.