Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

4.3. Тәрбиелеудің жеке принциптері

Педагогикалық қызметтің күнделікті практикасында тәрбиелеудің шартты түрде жеке деп аталған, яғни тәрбиелеудің белгілі бір заңдылықтарымен тікелей қатысты болжанбайтын басқа да принциптерін ескеруіміз керек. Жеке принциптерге келесі принциптерді жатқызуға болады.

  • Балаларды үйрету мен тәрбиелеудің ұжымдағы принципі оқу процесіндегі ұжымдық, топтық және индивидуалды формаларының қолайлы қиылысуын қарастырады. Ұжымда ұстаным мен тілдесудің жалпыға қабылданған ережелері меңгерілген, жеке тұлғаның жан-жақты және гармонды жетілуі үшін кең мүмкіндіктер ашады.

–Тәрбиенің тіршілікпен және өндірістік практикамен байланыс принципі оқушыны әлем мен елдегі оқиғалармен орнықты танысып отыруын, сонымен қатар оқушылардың мектепте және де мектептен тыс қоғамдық – пайдалы еңбекке белсенді қатысуын ұйғарады.

  • Балалар өмірінің эстетикалану принципі тәрбиеленушідегі ақиқатқа деген эстетикалық қатынасты қалыптастыру үшін, жоғарғы көркем-эстетикалық талғамын жетілдіру үшін қажетті шарттарды қарастырады.

Педагогикалық басқарудың тәрбиеленушілердің бастамасы және дербестігінің дамуымен үйлесімділік принципі педагогикалық басқару оқушылардың пайдалы бастауларын қолдауы керек, олардың өнері мен бастамасын көтермелеу керек.

  • Оқушы тұлғасына деген сыйластықтың оған деген саналы талабымен үйлесімділік принципі. Педагог талабы әділ, мақсатты, тәрбиелеу процесіндегі талаптарымен бұйырылған, алғыр болуы керек және де оқушы тұлғасына орынды қарым-қатынас көрсету керек.

  • Адамдағы жақсы жақтарына деген, оның жеке күшті жақтарына деген сүйеніш тіптен тәрбиенің төменгі деңгейіндегілердегі оқушылардың да жағымды қасиеттерін табу тапсырылады. Бұл қасиеттерге деген, жағымды әрекеттер көрсетуіне деген сүйеніш едәуір рационалды тәрбие процесін құруға мүмкіндік береді.

  • Мектеп, отбасы және қоғам талаптарының принциптері барлық аталған уш факторлардың адамға ықпалы бірінғай болуды талап етеді.

  • Тәрбиелеудің негізгі жеке принциптері осындай. Аталған принциптер тізімі жалғыз маңызды емес екенін атап өтейік. Тәрбие беру процессін дамытуға бағыттылған көптеген әдістер бар. Барлық осы аталған принциптармен әдістердің мақсаты бір- олардың барлығы тәрбие берудің негізгі мақматына жетуге бағытталған.

5. Тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуі

5.1.Тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуі өз әрекетшілік ретінде

5.2.Өзін өзі тәрбиелеудің негізгі әдістері

5.3.Өзін өзіне әсер етудің әдістері

Негізгі ұғымдар: өзін өзі тәрбиелеу, өз өзіне бұйрық беру, өзін өзіне әсер ету, өзін өзі тану, өзін өзі бағалау.

5.1.Тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуі өз әрекетшілік ретінде

Егер бала өзін өзі тәрбиелеумен айналысса, тәрбие беру процессі нәтижелі болады. Тәрбие беру және өзін өзі тәрьиелеу бір тұлғаны калыптастыру процессінің екі маңызды компоненттері.Өзін өзі тәрбиелеу дегеніміз жағымды қасиеттерді дамытуға және жағымсыздарды жойуға бағыттыалған адамның саналы әрекеттері .

  • Бастауыш сынып оқушылардан жағымды қасиеттерді дамытатаын әрекеттерді байқауға болады. Бірақ бұл жастағы балаларлың әрекеттері саналы болмайды, олар тек үлкендерге еліктейді. Өзін өзі тәрбиелеу алғышарттары оқушыда уақытымен қалыптасады.

  • Өзін өзі тәрбиелеу процессінде оқушы тәрбие беру процесінің субъекті болып саналады. Ол өзінің қалыптасуын өзі басқарады. Өзін өзі тәрбиелеу нәтижелі болуының маңызды шарттары жоғары білімі бар болуы болып табылады.

  • Өзін өзі тәрбиелеу оқушыдан улкен үлестерді талап етеді.Өзін өзі тәрбиелеуді аяғына жеткізген – өз күшсіздігін жеңгенінің белгісі. Сонымен қатар достармен, құрдасатармен, мұғалімдермен сыйласқаны өте маңызды.

  • Оқушылар тобының бір оқушының өзін өзі тәрбиелеу процессімен қатынасы екі түрлі болу мүмкін. Жаман жа5дайда окушылар баланы көп мазақ қылып сана сезімін түсіріп жіберу мүмкін. Мұғалімнің мақсаты бұл жағдайда оқушыны сақтап қалу.Одан басқа оқушыға жігерлік қасиеттерін көрсетуді уйреткен өте маңызды.

  • Жақсы жағдайда, оқушылар тобы оқушыға жағымды әсер текен де топтың екі атқаратын функциясы болады:

  • Оқушының өзін өзі тәрбиелеугу алғышарттар қалыптасуына ықпал етеді.

  • Өзін өзі тәрбиелеу процессін ұйымдастырады.

Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуі ұжымның дамуы үшін де пайдалы рөл атқарады. Әрбір оқушының өз-өзін тәрбиелеу нәтижесіндегі тұлғалық жетілуінің жоғарғы деңгейі ұжымдық өмірлік іс-әрекетінің жетілуіне себепші болады, тұлға аралық және ұжымдық қарым-қатынасты байытады.