Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

10.3.Патриоттық және интернационалдық тәрбие

Патриотизм және интернационализм қасиеттері тұлға азаматтылығының маңызды көрсеткіштері болып табылады.Патриотизм (грек.patris – отан) – өз Отаныңа деген махаббат және адалдық сезімі, жеке және топтық мүдделерді елдің жалпы мүдделеріне бағындыру қабілеті, оған адал қызмет етіп, оны қорғауға дайындық.Бұл сезім өз Отаныңның абыройын және ар-намысын нығайтуға ұмтылыста, туған елдің барлық этностарының дастүрлеріне қамқорлық қатынаста және т.б. көрінеді.Патриотизм ел игілігіне арналған белсенді шығармашылық процессте, танымдық және практикалық әрекетте, туған елдің тарихи құндылықтарына қамқорлық қатынаста және оның тарихын құрметтеу барысында калыптасуы мүмкін.Отанға махаббат, туған жерге құштарлық өз еліңді, оның табиғи ерекшеліктерін тану, оның қайталанбастығын және бірегейлігін ұғыну барысында тереңдейді.

Патриотизм қасиетінің қалыптасуы кез-келген адамның Отаны – ол адамзаттың тек бір планетада, яғни Жерде тұратын белгілі бір бөлігі екенін ескереді.Сондықтан патриотизм адамзаттың экологиялық қауіпсіздігі үшін күреспен, термоядролық және биологиялық соғыс қаупін жою қозғалысымен, халықтар арасындағы өзара түсіністік негізіндегі әлемдік тәртіпті орнатумен тығыз байланысты.Осыдан келе, адамның патриотизмі өз елінің шеңберінде ғана шектелмейді, керісінше күллі жер шарына таралады; Отанды қорғау бар адамзатты қазаргі замандағы сан алуан қатерден қорғаумен қабысады.

Патриотизм басқа халықтардың мәдени ерекшеліктеріне құрметті, теңдікті,бүкіл халықтар мен ұлттарға достық пейілді,бүкіл әлем халықтарына тілектестік пен ынтымақтастықты жариялайтын интернационализммен тығыз байланысты.«Егер патриотизм тұлғаның өз Отанына, оның өткені мен болашағына деген қатынасын білдірсе, ал интернационализм басқа халықтар, ұлттар және елдерге құрмет және ізгілік сезімдерімен байланысты»(И.Ф.Харламов).

Интернационалды тәрбиенің құндылықтық бағдарларының құрылымын, мақсаттары мен сезімдерін анықтайтын, оның жан-жақты белсенді қызметін ынталандыратын және бағыттайтын тұлғаның интернационалды пікірлерін қалыптастыру – интернационалды тәрбиенің мақсаты.Интернационализм – халықтардың өзара түсіністігін нығайтудың тиімді құралы.Интернационализм сезімін тәрбиелеу тек негізделген әрекеттер мен тілдесу әдістерін пайдалану арқылы және сана мен сезімдерді қалыптастыруға келісілген әсер ету арқылы ғана мүмкін.Интернационализм оқушының белсенді танымдық, әлеуметтік-саяси, еңбек әрекетінде тәрбиеленеді.

Интернационалдық пікірлерді адамның басқа халықтардың тұрмысымен, мәдениетімен, еңбегімен және өмірімен практикалық танысу процессінде қалыптастыруға болады.Бұл орайда, қазіргі заманғы жағдайлар бұрын болып көрмеген мүмкіндіктерді жасайды.Алайда шала түрдегі үстірт танысу, өзге халық өмірінің белгілі бір жақтарына негативті қатынасты тудыруы мүмкін.Сәйкесінше дайындықтың, берілген халықтың тарихы мен мәдениеті жайлы қажетті ақпараттың болмауы, оның тіршілігінің ерекшеліктерін терең түсінуді қамтамасыз ете алмайды.Осындай жайттар интернационализм идеяларына тікелей қайшы келетін, өз халқыңның өзге халықтардан басымдылығын қалыптастырудың факторы бола алады.

Оқушылар бойында патриотизм және интернационализм сезімдерінің сәтті қалыптасуы сыныпта да, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларда да педагогтардың үздіксіз, мақсатты жұмысын ұйымдастыруды талап қылады.Оның үстіне келесідегідей мысалдық мазмұнды ұстанған мақсатқа сай болар: әр түрлі халықтар туралы түсінік (бастапқы мектеп), елдегі халықтар туралы білімді кеңейту (5-7 сыныптар), әр түрлі халықтарға деген саналы құрмет (9-10 сыныптар), интернационализм болмысын түсіну, оның сенімге айналуы (11-12 сыныптар).