Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

1.2 Жеке тұлғаның даму факторлары

Адам баласы дүниеге келгенде барлық адами мүмкіндіктерімен келеді, өйткені онда жеке қасиеттердің дамуына табиғи негіз салынған.

Индивид – үлкен өмірге, биологиялық ағза ретінде келеді, осы кезеңде ол үшін тек өзінің физикалық жайлылығы ғана маңызды. Сәбиге тән қажеттіліктер, истинкттер оның жеке қаиеттерінің ашылуына түрлі әсерін тигізеді. Даму процесінде бұл жеке адам құндылық пен мақсаттың жинағы, сүйісепншілік пен жиіркеніштік, мақсат пен ой, іс-әрекет шаблоны мен жауапкершілігі және де қайталанбас әлемді көретін тұлғаға айналады.

Жеке адамның даму процесі қоғамдық болып есептелетін қарым-қатынастар жүйесінде өтіп жатады, жеке адамның өмірінде оның жүйелі қасиеті ретінде қалыптасады. Ересек адамдардың белгілі қарым – қатынастар жүйесіне кіре отырып, сәби олардың белсенділігінің обьектісіне айналады. Оның қарым-қатынасы түрлі ортада, алғашқыда – жанұяда қалыптасады.

Оның түрлі ортаға енуінің кеңейуі, орта мүшелерімен түрлі қарым – қатынасы оны мүшесіне айналдырады. Оған ұсынылған қызметті меңгере отырып, сонымен қатар ортада сөйлесу барысында, қарым – қатынастар арқылы мағлұмат, тәжірибе жинақтай отырып сәби олардың қарым – қатынастарының субьектісіне айналады.

Жеке адамның коллективтегі қызметі және коллектив мүшелерімен қарым – қатынасы, яғни оның қоғамдық қарым – қатынасы, жеке тұлға (индивидтің) әлеуметтік қасиеті ретінде шығады.Демек, жеке тұлғаның маңыздылығы оның субьект ретінде енгізілген әлеуметтік байланыстармен барлық қоғамдық қатынастар жиынтығын құрайды екен. Сондықтан, тұлға қызмет және сөйлесу барысында қалыптасатын субьект - субьекті, субьект – обьекті және басқа да жеке қатынастар тұрақты жүйесінің субьекті болып есептеледі. Осы орайда әр тұлғаның басқа адамдарға тән емес, тек өзіне ғана тән құбылыс.

Сонымен, индивидтің тұлғаға айналуына маңызды екі фактор әсер етеді: биологиялық және әлеуметтік. Биологиялық факторларға (тұқымқуалаушылық) биологиялық табиғаты бар, ( соның ішінде психикалық процестер) индивидтің туа біткен көрсеткіштері жатады.

Әлеуметтік факторларға жеке адам қызметі мен сөйлесу процесінде қалысптасқан топтық және ерекше жеке тәжірибесі жатады.

Айтатын болсақ, кейбір зерттеушілер аталмыш факторларды ішкі және сыртқы деп атауға бейім. Бұл жағдайда сыртқы факторларға адам және тәрбиеге ортаның әсерін жатқызады. Сонда ішкі факторлар деп сыртқы әсерлерден туындайтын адамның жәй – күйінің жиынтығы мен табиғи бейімділік пен еліктеуін атаймыз. Бұл жағдайда жеке адамның өзгеру факторлары мен қалыптасуы, тұлғаның дамуы ретінде тұқым қуалаушылық, орта , тәрбиені айтуға болады.

1.3. Жеке тұлғаның дамуындағы қозғалыс күші, қарама – қайшылықтар.

Жеке тұлғаның барлық мінездемелері тек қоғамдық қарым – қатынас жүйесінде ғана өмір сүріп, дамиды, яғни индивидтің сөйлесу мен қызметіне кірісуінде. Тұлғаның дамуын әлеуметтік және биологиялық факторлар түрлі әсерін тигізеді. Бұл айырмашылықтар адамның дамуының, сөйлесуінің жағдайларына қарай пайда болады. Мысалы, адамның табиғи құндылықтары кейбір ортада, кейбір жағдайда ашылмауы мүмкін де, басқаадамдармен өзге жағдайда керісінше толық ашылуы ықтимал. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың байланысы түрлі жағдайдағы өте күрделі болып келеді. Сондықтан тұлғаның дамуы индивидтің есептік өзгерістері мен сапалық қасиеттері қалыптасатын күрделі биоәлеуметтік процесс болып келеді.

Сөзге орай тұлғаның даму күші туралы түсінік ерекше маңызға ие болады. Тұлғаның даму процесі мен оның күрделілігі белгілі қарама – қайшылықтармен пайда болады. Олар тұлғаның даму процесі кезінде іске асады. В.А.Крутецкий бұндай қарама – қайшылықтарға мыналарды жатқызады.

  • Қызметтен туындайтын және қанағаттандыу мүмкіндіктері бар жаңа қажеттілік арасындағы қайшылық;

  • Индивидтің физикалық, рухани мүмкіндіктерінің өсуі мен ескі, бұрыннан қалыптасқан қызмет түрімен қарым – қатынастарының формасы арасындағы қайшылық;

  • Қоғам, коллектив және тұлғаның дамуындағы деңгей арасындағы қайшылық.

Аталмыш қайшылықтар тұлғаның даму барысының түрлі этаптары мен уақыт шеңберлерінде әр түрлі болып көрінеді. Қайшылықты шешудегі қажеттілік қызметтің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Бұл мәселенің шешілуіне әкеледі. Әрі қарай қалыптасқан жағдайдағы қайшылықтарға келіп тірелетін жаңа қажеттіліктер пайда болады. Сөйтіп тұлғаның дамуы үздіксіз процесте жүріп жатады.